Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет189/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb
LGATOMAKKZWS16042024012314
ЕРІК
ЕРІК


182
көруге болады: Ерікті амал-дайын-
дық кезеңі-мақсат қою-тілек-қалау-
мотивтер күресі-тоқтамға келу-орын-
дау кезеңі.
ЕС 
– сыртқы дүние заттары мен 
құбылыстарының адам миында сақ-
талып, қайтадан жаңғыртылып, та-
нылып, ұмытылуын бейнелейтін 
процесс. Е. – күрделі психикалық 
процестердің бірі. Е. есте қалдыру, 
қайта жаңғырту, тану, ұмыту се-
кілді процестерден тұрады. Естің 
физиологиялық негіздерін бір кезде 
И.П.Павловтың жүйке жүйесінің 
пластикалық қасиеті туралы ілімі тү-
сіндіретін. Жүйке жүйесінің плас-
тикалылығы дегеніміз – түрлі қозу-
лардан қалған әсерлердің қайтадан 
уақытша байланысқа түсе алу қабі-
леті. Уақытша байланыстардың ті-
келей тітіркендіргіштер әсер етпеген 
жағдайда да мида жасалынуы ойда 
бұрынғы байланыстардан із қалып 
отыратындығын көрсетеді. Бірақ 
бұл жалпы долбар. Өйткені адам есі-
нің мимен қалайша байланысты екен-
дігі жөнінде ғылымда әлі нақтылы 
деректер жоқ.
Мәселен, ес құбылысының табиға-
тын зерттеуші ғалымдардың бір тобы 
оны мидағы электр құбылыстары-
мен байланыстырса (есті зерттеудегі 
электрофизиологиялық бағыт), енді
бір зерттеушілер есті мидың нейро-
химиясына қарай түсіндіргісі келеді. 
Соңғы бағыттың өкілдері мидың 
кейбір жасушаларын бір сыдырғы 
зерттегенмен естің бүкіл ми масса-
сынан алатын орнын әлі анықтай 
алмай келеді. Бір нәрсені еске сақтау –
оны байланыстыру деген сөз. Ес 
процесінің негізі болып табылатын 
байланыстарды психологияда 
ассо- 
циация 
деп атайды. Егер бұрын бірне-
ше объектіні бір мезгілде немесе бі-
рінен соң бірін елестетсек, не ойла-
сақ бұлардың арасында байланыс 
пайда болады. Кейін объекттің біре-
уін ғана елестетсек миымызда оның 
қалған бөлігін тудыруға себеп бола-
ды. Ассоциациялық принципті алғаш 
рет ойлап тапқан ежелгі грек ойшы-
лы Аристотель (б.д.д. 384-322) болды.
Аристотель ассоциацияларды тек ті-
келей елестетумен байланыстырып
психикалық әрекетін, қалған түрле-
рін (ойлау, қиял, ерік т.б.) түсіндіруге 
бұл принципті қолданбады. Ғылым-
да тұңғыш рет ассоциация ілімін шарт-
ты рефлекс теориясымен делелдеген, 
осы негізде көптеген психикалық про-
цестердің табиғатын түсінуге бола-
тындығын көрсеткен ұлы орыс ға-
лымы И.П.Павлов болды.
И.П.Павлов психологияда ассоциа-
циялар деп аталатын құбылыс ми 
қабығында екі қозу процесінің қабат-
тасып келуіне байланысты пайда бо-
лып, сан рет қайталаудың нәтижесін-
де бекіп отыратын уақытша байла-
ныстар екенін түсіндірді. Ұлы ға-
лым бұл туралы былай деп жазды: 
«Уақытша жүйкелік байланыс – 
жануарлар дүниесінде де, біздің өзі-
мізде де байқалатын жан-жақты фи-
зиологиялық құбылыс. Сонымен қа-
тар, ол түрлі әрекеттерден, әсерлер-
ден құрылса да немесе әріп, сөз, әл-
де ойдан құрылса да психикалық 
құбылыс болып табылады, оны пси-
хологтар ассоциация деп атайды. Ас-
социациялардың Аристотель зама-
нынан белгілі үш түрі бар. Олар: 
іргелестік, ұқсастық және қарама-
қарсылық ассоциациялар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет