184
ңы). Уақыт өте бұл теория көптеген
шешілмейтін проблемаларға кездес-
ті, ол проблеманың негізі – адам
есінің таңдамалылығын түсіндіру,
естің ассоциациялық табиғатының
негізінде түсіндіру мүмкін болмады.
Дейтұрғанмен, естің ассоциативті
теориясының оны тану үшін пайда-
сы көп болды. XIX ғасырдың аяқ ке-
зінде естің ассоциативтік теориясы-
ның орнына кезекке гештальттеория
келді. Теорияның негізгі ұғымы мен
басты қағидасы алғашқы элемент-
тердің ассоциациясы емес, ал оның
тұтас ұғымы – гештальт болып та-
былады. Гештальтизм теориясы ес-
тің ассоциативтік теориясын қатты
сынға алды (гештальт – неміс сөзі,
қазақшалағанда бейне, тұтас құры-
лым деген мағынада қолданылады).
Гештальтизм теориясының негізгі
ұғымы – генетальт ұғымы – тұтас
ұйымды, құрылымды білдіреді.
Сонымен, ассоциативтік теорияның
заттар мен құбылыстарға қарапайым
элементарлық көзқарасына гешталь-
тизм ең алдымен элементтер синте-
зі, тұтастық қағиданы қарсы ұсын-
ды. Гештальтизм теориясының жақ-
таушылары адамның практикалық
іс-әрекетіне естің тәуелділігі туралы
сұраққа жауап бермеді және өз шеші-
мін таппады. Сондықтан да естің
генезисі туралы мәселе күн тәртібі-
нен алынып тасталды. Осы сұраққа
психологиялық зерттеулердің басқа
да екі бағытының өкілдері жауап
бермеді – бихевиоризм және пси-
хоталдау. Бихевиоризмді жақтау-
шылардың көзқарастары ес пробле-
масына ассоциативтік теория өкіл-
дерінің көзқарастарына жақын бол-
ды. Олардың арасындағы бірден-бір
мәнді жалғыз айырмашылық – би-
хевиористер материалды еске сақтау-
да бекітудің рөлін бағалады, үйрету
үрдістеріндегі естің қалай жұмыс іс-
тейтіндігін зерттеуге ерекше мән берді.
З.Фрейд және оның жақтаушылары-
ның еңбегі адам есін зерттеуде еске
сақтау мен ұмытудың мнемикалық
үрдістерінде жағымды және жағым-
сыз эмоциялардың рөлін анықтауға
ерекше мән берді. Психоталдау тео-
риясының арқасында адамның түрт-
кілер саласымен байланысты ұмы-
тудың көптеген қызықты психоло-
гиялық амалдарын анықтады және
суреттеді. Кибернетиканың ғылым
ретінде дамуының басталуымен есеп-
теу техникасы мен математикалық
программалаудың білімнің бұл са-
лаларында пайда болуы психология-
дан тәуелсіз ес үрдістерін моделдеу
басталған болатын, дәлірек айтқанда,
еске сақтаудың амалдары, еске сақ-
таудың тәсілдері және ақпаратты қай-
та жаңғырту электронды-техникалык
құрылымның және электронды есеп-
теу машиналары үшін бағдарлама-
лардың көмегімен іске асырылды.
Соңғы онжылдықта осындай зерт-
теулердің нәтижесінде бай материал
жинақталды, адам өзінің қызмет іс-
теу заңдарын түсіну үшін оның пай-
дасы орасан зор болды. Өз кезегімен
бұл ғылымдар өкілдерінің естің өзін-
дік психологиялық зерттеулеріне де-
ген қызығушылығы арта түсті, себебі
олар үшін алгоритмдер мен маши-
налардың есін жетілдіру үшін мүм-
кіншіліктер ашып отыр. Осындай өз-
ара қызығушылық психологияда соң-
ғы жылдары акпараттық-киберне-
тикалық
Достарыңызбен бөлісу: