Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет186/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb
LGATOMAKKZWS16042024012314
ЕРІК
ЕРІК


179
не деген қызығушылықтың күшейіп 
отырғандығын аңғаруға болады. Ерік
ұғымы – психологиядағы ертеде қа-
лыптасқан ұғымдардың бірі. Соңғы 
онжылдықтарда ерік ұғымының 
болашақ тағдыры туралы мәселе тал-
қылана бастады: Ескерте кетуіміз ке-
рек, кеңес психологтарының арқа-
сында ерікті түсінуде біршама ғылы-
ми-зерттеу жұмыстары жүргізілді. 
Ерік проблемасына қызығушылық 
және оның құлдырауы психология-
лық мектептер мен бағыттардың жал-
пы тұжырымдамасымен тығыз бай-
ланысты. Белгілі бір ерікті зерттеу жұ-
мыстарында бірінші орынға субъект-
тің белсенділігі проблемасы қойыл-
ды, екінші бағыттағы зерттеулерде мі-
нез-құлықтың «реактивтік» тұжы-
рымдамалары басым болды. Міне, 
осы себептерге байланысты көптеген 
шетел бихевиористік бағыттарды 
түсіндіреді. Психологиядағы ұғым-
дардың жүйесіне ерік ұғымын енгізу 
неге қажет болды? Аристотель оны 
психологияға енгізгендегі мақсаты 
адамның мінез-құлқы қалай іске 
асатындығын түсіндіру еді.
Декарттың жүйесінде ерік адамның 
кез келген әрекетін тудыру үшін қа-
тысады және шын мәнінде қазіргі 
психологияда түрткінің орнын ала-
ды. Өткен ғасырдың 20-жылдары-
ның аяғына дейін көптеген ғалымдар 
еріктен адамның белсенділігінің бас-
тамасын көрген болатын. Мінез-құ-
лық себептілігі мәселесі еріктің ер-
кіндігі үшін негізгі мәселе ретінде 
философтардың, психологтардың 
және физиологтардың еңбектерінде 
өз дамуын жалғастырды, олардың 
бірлескен күш-жігерімен адам мен 
жануарлардың мінез-құлқының негіз-
гі детерминизм қағидасы анықталды 
және мінез-құлықты ерікті таңдау 
мәселесін шешудің ғылыми негізде-
рін ұсынды.
ЕРІКТІК АМАЛДЫ ТАЛДАУ 

ерік қимылы адамның даму проце-
сінде біртіндеп жетіліп, қалыптаса-
тын күрделі процесс екендігін тө-
мендегі структурасынан да жақсы 
көруге болады. Адамның еркі алдына 
мақсат қоюдан басталады. Мәселен, 
орта мектепті бітіретін оқушының 
арнаулы оқу орнына түсуге талабы 
бар дейік. Оқушының бұл мақсатты 
алдына қоюына оның мәдени қаже-
ті, білім алуға тырысуы себеп (мотив) 
болады. Кез келген адамнан «сен не 
үшін оқисың?» деп сұрасаң, оның 
нендей болса да бір дәлел айтатыны 
түсінікті. Адам осылай өзінің келе-
шекте белгілі бағытта істейтін ісінің 
мәнін, жоспарын белгілейді. Мұны 
еріктік амалдың бастамасы – тілек 
немесе ниет деп атайды. Тілек – 
келешекте істейтін ісіміздің ойға 
бекуі.
Мәселен, «газетке мақала жазсам», 
«өзенге барып шомылсам», «домбыра 
тартып үйренсем» т.б. деген сөйлем-
дерде адамның түрлі тілегі бейне-
ленген. Бұларда белгілі бір қажетті 
өтеу көзделген, бірақ оны орындау 
жолдары әлі де болса көмескі, яғни 
оның жоспары сызылмаған. Дегенмен 
осы секілді тілектерде еріктік амалға 
тән талғамалылық сипат бар. Ал тал-
ғау ниетке ой әрекетінің араласуын 
қажет етеді. Ой тезіне салу арқылы 
адам өзіне қажетсіз тілектерді тежей-
ді де, қажеттілерін орындау үшін 
тиісті жоспар сызып, амал-айла, әдіс 
қарастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет