Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет183/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb
LGATOMAKKZWS16042024012314
ЕНЖА
ЕҢБЕ


176
діру, еңбектің сапасын жақсарту, апат-
тық жағдаяттарға жол бермеу, еңбек 
ұжымының (тобының) психология-
лық кейпін анықтап, реттелуге ба-
ғыттау т.б. Еңбек (бейнет, қам) пси-
хологияда іс-әрекеттің түрі ретінде 
сипатталады. Е. – адам тіршілігіндегі 
бірінші қажеттілік.
Сондықтан, қоғамдағы тәлім-тәрбие-
нің өзекті мәселесі – адамды еңбек
ету қажеттілігіне баулу. Жастарды 
еңбекке психологиялық тұрғыдан даяр-
лау – жалпы гуманистік тәрбиенің түп-
кі мақсаты. Е. – адамның іс-әрекеті-
нің негізгі түрі және барлық материал-
дық игіліктерді өндірудің қайнар көзі.
ЕРІК 
– адамның мінез-құлқын мең-
геру қабілеті. Ол мақсат қоюдан 
басталады. Е. – қимылдарының ал-
ғашқы көріністерінің бірі тілек. Ол 
келешекте істейтін ісіміздің ойға бекуі. 
Мәселен, «газетке мақала жазсақ», 
«өзенге барып шомылсам», «домбыра 
тартып үйренсем», т.б. деген сөйлеу-
де адамның түрлі тілегі бейнеленген. 
Бұларда белгілі бір қажетті өтеу көз-
делген, бірақ оны орындау жолдары 
әлі де болса көмескі, яғни оның нақ-
ты жоспары сызылмаған. Тілекте 
еріктік амалға тән, аздап талғамалы-
лық сипат бар.
Е. – актісінің келесі бір буыны қалау. 
Бұл мақсаттың айқындығын, санаға 
жеткізетін нақты жоспарлардың жа-
салуын, ойдың бекілгендігін білді-
реді, бірақ тілек те, қалау да ерік қа-
сиетін толық көрсете алмайды. Өйтке-
ні бұлар кейде бір-біріне үйлесе ал-
май, біріншісі екіншісіне қайшы 
келеді. Адам ылғида шамасы келе-
тін, күші жететін мақсатты қойып, 
осы жолда кездесетін ішкі кедергі-
лер – жалқаулық, адам өзіне жұмыс 
істеу қиынға соғатын, алдында тұр-
ған міндетке ешқандай қатысы жоқ 
басқа бірдеңелермен шұғылдануға 
құштарлық ететін, белгіленген мәсе-
лелерді орындауға кедергі жасайтын 
субъективтік, жеке ниеттен туатын 
жат әдеттер сияқты кедергілер жата-
ды (төсектен тұрғың келмейді, бірақ 
сабаққа кешікпеу үшін тұру керек), 
сыртқы кедергілер деп сол істің объек-
тивтік қиындықтарын, оның күрде-
лілігін, әрқилы бөгеттерді, басқа адам-
дардың қарсылықтарын жұмыс
жағдайындағы шынайы қиыншы-
лықтарды т.б. есептейді, ол (біреудің 
қарсылығы, жағдай болмау т.б.) 
қиыншылықты жеңіп отыру қажет. 
Белгілі дүниетанымы мен сенімі, мі-
нез-құлқының принципі бар, өз ісінің 
дұрыстығына көзі жететін адам ғана
дұрыс тоқтамға келе алып, оны қайт-
кен күнде де орындау жолын таба-
ды. Кейбіреулер өзінің алдына кө-
мескі мақсат қояды да, сөйтіп мақ-
сатын орындай алмай қалады. Ал
ой жұмысын керек етпейтін жеңіл 
мақсатта, адамның еркін енжар, әлсіз 
етуі мүмкін. Еріктік амалдың ең 
шешуші кезеңі мақсаттың орында-
луы. Адамның ерік сапалары сан
алуан. Олардың ұнамды жанға жара-
сымды түрлерімен қатар нашар жақ-
тары аз кездеспейді.
Еріктің негізгі функциялары: мотив-
тер мен мақсаттарды таңдау; іс-әре-
кет мотивациясы жеткіліксіз не басы 
артық болғанда іс-әрекетке деген ниет; 
ынтаны реттеу, психикалық үрдістер-
ді адам атқаратын іс-әрекетке бара-
бар жүйе етіп ұйымдастыру; қойыл-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет