Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет196/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb
LGATOMAKKZWS16042024012314
ЕСТУ
ЕСТУ


189
ді, құлағы естімейді. Міне, осыған
қарамастан, ғылыми-зерттеу жұмы-
сымен айналысып, Москваның 
дефектология ғылыми-зерттеу инсти-
тутында аға ғылыми қызметкер, пе-
дагогика ғылымдарының кандидаты, 
бірнеше ғылыми еңбектің авторы. 
О.И.Скороходова «Мен қалай қор-
шаған дүниені қабылдаймын және 
елестетемін» деп аталатын тамаша 
еңбегінде өзінің өмірі, көру және 
есіту сезімінен айырылған адамның 
өмірі туралы өз тәжірибесін тебірене 
баяндаған болатын. Сипай сезу арқы-
лы қоршаған дүниені қабылдай оты-
рып, ол жоғары мәдениетті адам дең-
гейіне жетті.
Демек, бірнеше сезім органдары іс-
тен шыққаңда, адамның миы, оның
жүйке жүйесі жаңа жағдайға бейім-
деледі және қалған сезім органдары 
күшті дами түседі. «Соқырдың кө-
руі», «Саңыраудың естуі» сөз тіркес-
тері бір қарағанда мағынасыз сияқты 
көрінгенмен, бірақ бұл олай емес. 
Өмірде көп кездеседі, адам көзінен 
немесе құлағынан айырылады, ал кей 
жағдайда екеуінен бірдей кеміс бола-
ды. Осындай жағдайда оны қоршаған 
ортада бағдарлаудан, өмір сүру жә-
не еңбек ету мүмкіншіліктерінен 
айырылды деуге бола ма? Олай емес.
Басқа сау сезім органдарының сезгіш-
тігін дамыту белгілі деңгейде көз 
бен құлақтың жұмысының орнын 
толтырады. Бұл туралы көптеген 
мысалдар келтіруге болады. Мәселен, 
көзінен айырылған адам мүсіндеу 
өнерімен айналысып, тамаша жетіс-
тіктерге жеткен, оларда сипап сезу 
органдары ерекше жетілгендіктерін 
аңғартты.
Музыкалық шығармаларды сыбыз-
ғыда орындау жоғары есту дыбысы-
ның дамуын қажет етеді, ал сыбыз-
ғышыларда ол пианистерге қараған-
да ерекше дамыған. Мәселен, тәжі-
рибелі ұшқыштар есту түйсігі арқы-
лы ұшақтың двигателінің айналу са-
нын өте жеңіл анықтай алады. Олар 
минутына 1300-ден 1340 айналым-
ды еркін ажырата біледі.
Көрсетілген мысалдардан біздің түй-
сіктеріміз өмір жағдайының әсері-
мен дамитындығын аңғару қиын
емес. Есту түйсіктері аймағында адап-
тация жоғары болмайды және айрық-
ша жеке-дара ауытқулармен сипатта-
лады. Біздің құлақпен барлық дыбыс-
тар қабылдана бермейді. Ультрады-
быстар да (өте үлкен тербелісті ды-
быстар), сондай-ақ инфрадыбыстар
да (өте баяу тербелісті дыбыстар) біз-
дің естуімізден тыс қалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет