Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет198/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb

ЖАЛАҚОРЛЫҚ 
жала жапқыш-
тық, бәлеқорлық адамның мінез-
құлқындағы жағымсыз қылық. Бі-
реуге кінә артып, оны балағаттау. Ада-
ЖАҒЫ
ЖАЛА


191
ми қасиетті қорлап, бәле артатын, 
арсыздық пен надандық әрекет. Жа-
лақорлық адамның өз басын ақтау 
үшін де өзге адамға күнә, айып тағып 
«судан таза, сүттен ақ» болып шығу-
ға әрекеттенген жағымсыз қылық 
пен арам ниетті адамдар тіршілікте 
кездесіп отырады. Жалақорлықты 
шынайы ісімен бекерлейтін адам өз 
ісінің ақтығына сеніп іс қылады, реті 
келгенде жала жабушының ісі мен 
мінезіне талдау жасай отырып оны 
бекерлейді, дәйекті сөзімен жалақорды 
кінәлайды. Жалақорлықпен іргелес 
түсінік-ұғым өтірік айтып, өзгеге жа-
ла жабу. Жалақорлықтан арылудың 
төте жолы істің ақ-қарасын ақылға 
салып дұрыс шешу.
ЖАЛҒАНДЫҚ ДЕТЕКТОРЫ 

адамның аффектілік жәйін сипат-
тайтын физиологиялық көрсеткіште-
рін объективті зерттеуге арналған 
аппараттар жинағы. Ж.д. АҚШ-та
жасалған, көбіне юристік практика-
да құқық бұзушыларды тергеу ке-
зінде қолданылады. Ж.д-нда сына-
латын адамға терігальваникалық реак-
цияны (ми биотоктарын жазу), пле-
тизмограмманы (ағзаның тамырлық 
реакциясы), тремор (бұлшық еттер 
дірілі) және т.б. тіркейтін аспаптар-
дың датчиктері бір таспаға шығары-
лып, тәжірибелі тергеуші ол көрсет-
кіштер бойынша сыналушының эмо-
циялық жай-күйі туралы оның мі-
нез-құлқының сыртқы нысандарын 
ғана бақылаған кездегіден гөрі не-
ғұрлым дәл пікір түйе алады. Мұнда
әдейі жаттықпаған адамның вегета-
тивтік реакцияларды іс жүзінде өз 
ырқымен басқара алмайтыны негіз-
ге алынады.
Ж.д-нда сынау оның нақ көзделіп 
отырған эмоциогендік жағдаятқа қа-
тысты реакциясын тіркейтініне ке-
пілдік бермейді. Бұлар қорқыныш
үрей, депрессия күйіне душар ететін 
тергеудің өзіне деген реакциялар бо-
луы мүмкін. «Шын мәніндегі» эмо-
цияларды аппаратуралық әдістеме-
лерден «индукцияланған» эмоция-
лардан саралау мүмкін емес. Осының 
өзі көптеген соттық қателерге себеп-
ші болып, жалғандық детекторында 
сынауға қарсылық туғызды. Психо-
логияда Ж.д. шыққанға дейін-ақ қыл-
мыстың «аффектілік іздерін» зерттеу 
әдісі талданып белгіленген болатын.
ЖАЛҒЫзДЫҚ
– басқа адамдардан 
оқшауланған, өзгерген (үйреншікті 
емес) жағдайға ұшыраған адамның 
эмоциялық күйіне ықпал ететін пси-
хогендік факторлардың бірі. Адам-
ның Ж. жағдайда болу уақыты ұзар-
ған сайын тілдесуді, қарым-қаты-
насты қажетсіну күшейе түседі. Бұл
қажетсінуді қанағаттандыру мүмкін-
дігінің болмауына жауап ретінде адам-
дар заттарды (қуыршақтарды және 
т.б.), әртүрлі жануарларды (өрмекші-
ден бастап аттарға дейін) тұлғалан-
дырып тіл бітіргендей әрекет жасай-
ды, қиял күшімен серіктестер тудыра-
ды (бірқатар жағдайларда түсінде 
көрген жарқын эйдетикалық бейне-
лер түрінде), олармен дауыстап сөй-
лесе бастайды. Бұл экстериоризация-
лық реакциялар қорғаныштық (есесін
өтеушілік) реакциялар деп бағам-
далып, психологиялық норма шең-
берінде қарастырылады. Орнықсыз 
психологиялық қарекет кезеңінде сы-
налушыны арнаулы аппарат арқылы 
бақылауда немесе тұтқындағыларды 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет