258
И.з. бірдей ықтималды шығармада
ескі ақпарат, алдымен, біртіндеп
ұмытылады, екіншіден, жаттауға де-
йін аз қайталауды талап етеді. Иост
заңы қысқа мерзімді ес пен ұзақ мер-
зімді естің айырмашылығын зерттеу-
ге қолданылады.
ИПОХОНДРИЯ
(грек.
hupokhon-
dria
– сөзбе-сөз: қабырға асты) – өз
денсаулығына шамадан тыс көңіл
бөлушілік, жазылмайтын аурумен
ауырып қаламын деп қорқушылық.
Ипохондриктер жай жөтелге де қат-
ты қиналып қайғырады. И-лық син-
дром психикалық іс-әрекеттің бұзы-
лу нышандарының жиынтығы. Ас-
теноневроздық күй кезінде, психо-
стеникалық психопатия мен мінез
акцентизациясы, шизофрения, мани-
калды-депрессиялық психоз кезін-
де байқалады.
ИІС ТҮЙСІКТЕРІ
– мұрын кең-
сірігіндегі кілегей қабықтың клет-
каларына түрлі химиялық заттардың
әсер етуі нәтижесінде иіс түйсіктері
пайда болады. Осы кілегей қабық-
тық таяқша тәрізді сезгіш клеткала-
ры бар. Ауамен бірге мұрынға кіре-
тін иісті заттар иіс мүшесінің сезгіш
клеткаларын тітіркендіріп отырады.
Иіс түйсіктерінің түрлері көп. Бі-
рақ бұлар әлі күнге дейін белгілі клас-
сификацияға түспеген.
Өйткені оларды дәм түйсіктерінен
ажырату кейде қиынға соғады. Сон-
дықтан да біз көбінесе белгілі бір иіс-
тің атын атаудан гөрі, иіс шығарып
тұрған затты атаймыз (темекі исі,
түтін исі, шөп исі т.б.). Иіс түйсіктері
адамның тұрмыс салтына, қызмет ба-
бына қарай да ерекше дамып отыра-
ды. Мәселен, Африкадағы бушмен
тайпалары арыстанның, жирафтың,
зебрдің ізін иіскеп жүріп-ақ оңай та-
уып алады, олар иісті ең жақсы аң-
шы иттерден артық біледі. Индияда
жыланның жатқан жерін иісінен бі-
ліп табатын адамдар бар.
Иісті жақсы сезу соқыр, мылқау, ке-
рең адамдарда ерекше жетілген. Мә-
селен, олар бөтен адамдарды, түр-
лі нәрселерді алыстан-ақ исінен «та-
ниды». Үйге кірген адамды да, таныс
көшесін де, тұрған үйін де олар иі-
сіне қарап оп-оңай айыра алады.
Иістің табиғатын зерттейтін ғылым
ольфактроника деп аталады. Иіс түй-
сіктері адамның көңіл күйіне, жалпы
психикасына жағымды не жағымсыз
әсер қалдыруы мүмкін. Мәселен, жұ-
пар иісті гүл – адамның көңілін сер-
гітсе, шылымның түтіні – басты ауыр-
тады. Парфюмериялық заттардың са-
пасын арттырып отыру – адам пси-
хикасына қолайлы әсер етудің бір
факторы екендігі даусыз.
Мектеп оқушыларының иіс түйсік-
терін тәрбиелеу – мұғалімдердің төл
істерінің бірі. Мұғалім сабақ үстін-
де де, сабақтан тыс кездерде де ба-
ланың айналасындағы заттарды жан-
жақты танып білуде, мәселен, ауа-
ның тазалығын дұрыс талғай білуге,
орманның, гүлденген бақтың, шабын-
дықтың хош иістерін, қарағай, шыр-
ша ағаштары шайырының жұпар иі-
сін, теңіз жағалауындағы ауаның тұз-
ды-сортаң иісін сезетіндей мүмкін-
дік туғызуы қажет. Оқушылар бұлар-
дың қайсысы пайдалы, қайсысы зиян
екенін (мәселен, бұзылған тамақ, иіс
тигізетін газ, түтін т.б. айыра білетін
болсын.
Достарыңызбен бөлісу: