Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет320/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   316   317   318   319   320   321   322   323   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb

ҚАзАҚ
ҚАзАҚ


307
қанов т.б.). Соңғы 50 жыл ішінде 
көптеген ғылыми еңбектер, оқулық-
тар мен оқу құралдары жарық көрді. 
Солардың қатарына М.Мұқановтың 
«Ақыл-ой өрісі», Қ.Жарықбаевтың 
«Қазақ психологиясының тарихы», 
Т.Жүкештің «Ұлттық психология-
ның сипаты», Р.Илешованың «Ме-
дициналық психология», Ә.Алдамұ-
ратовтың «Қызықты психология», 
Ғ.Досболов-тың «Алдын ала тергеу-
дің психологиясы» т.б. толып жатқан 
еңбектерді жатқызуға болады. Пси-
хология тақырыбына арналған бір-
неше ғылыми конференциялар (1962, 
1973, 1990, 1994, 1996, 1998, 2000-
2005 жж.) өткізілді. 1988 жылдан 
бастап елімізде психологтар даярлау 
жаңа қарқынмен қолға алынды. Қа-
зіргі кезде әл-Фараби атындағы Қазақ
ұлттық университетінде, Абай атын-
дағы Қазақ ұлттық педагогикалық 
университетінде, сондай-ақ Алматы, 
Атырау, Тараз, Қостанай, Петропавл, 
Семей, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан 
университеттерінде психологиядан 
бакалавр мен магистранттар даяр-
лануда, орта мектептерде «психолог» 
мамандығының штаты енгізілді, 
ҚазҰУ-де академик Т.Т.Тәжібаев 
атындағы этнопсихология орталығы, 
Алматы облыстық «Ұлттық тәлім-
тәрбие» қауымдастығы (1991-2001) 
ондаған психология кафедралары 
жұмыс істейді.
Қазіргі кезде психологиялық зерт-
теулердің кешенді тақырыптары қол-
ға алынып, оларды ұлт өміріне 
орайластыра жүргізудің маңызы ар-
тып отыр. Осы тұрғыдан келгенде, 
ауыл-село мектептерінің әлеуметтік 
психологиялық мәселелері, мал ша-
руашылығына қажетті мамандардың, 
сондай-ақ, жаңа типтегі лицей, 
гимназия, колледж, медресе шәкірт-
терін оқытып, тәрбиелеудің психо-
логиялық проблемалары, талантты, 
дарынды оқушылардың өзіндік 
психологиясын, қостілдік пен көптіл-
діктің психологиялық астарларын 
зерттеу, нарық экономикасына көшу-
ге байланысты туындайтын сан алуан 
психологиялық жайттар алдағы жер-
де өз шешімін күтіп тұрған өмір-
шең ғылыми мәселелер болып табы-
лады. Ортағасырлық қазақ ғалымы 
Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының (1388-
1483) жан туралы пайымдаулары 
ерекше назар аудартады. Оның бас-
ты еңбегі «Шипагерлік баянда» көп-
теген психологиялық ұғымдар (түй-
сік, ойлау, сөйлеу, қиял, дағды т.б.) 
туралы қызықты мағлұматтар бар.
Ол өзінен бұрын өмір сүрген ұлы 
ғұламалардың (әл-Фараби, Жүсіп 
Баласағұн т.б.) жан туралы түсінікте-
ріне сүйене келіп, бүткіл тіршіліктің 
басқарушы, реттеушісі жүрек дейді. 
Сөйте тұра жан құбылыстарын бас-
қаруда мидың атқаратын рөлін де 
жоққа шығармайды. Оның адам есіне, 
ойлауына байланысты айтқандары 
ғылыми тұрғыдан дәйекті де наным-
ды. Мәселен, оның пікірінше ес –
көрген, естіген нәрсені жадында сақ-
тау үшін аса қажет. Адам тез аңғар-
ғыш, байқағыш және есте қалдырғыш 
болуы тиіс («... тез, шапшаң, жеткілік-
ті аңғарып, ойға қонымды, көңілге 
толымды, өте нанымды, бүге-шегесі-
не дейін ойда сақтау»).
Автор есті дамыту үшін көптеген
тау-тас, жер-су және жан-жануарлар-
дың аттарын жаттап алудың қажет-
тілігіне үлкен мән береді. Адамның 
есте сақтау қабілетінің ойдағыдай 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   316   317   318   319   320   321   322   323   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет