308
дамуына негіз болатын қасиеттің бі-
рі – зерделілік пен зейінділік. Оның
пікірінше, саналы іс-әрекет зейінсіз
іске аспайды. Осы еңбекте зейін кө-
бінесе «мәнділік аңғарым» деген
ұғым мағынасында беріліп, оның
адамның мақсатты қызығуына бай-
ланысты қалыптасатыны біраз сөз
болады. Ойлау процесінде адам сезім
мүшелері арқылы әр затты, нәрсені
жан-жағынан қарап, бір-бірімен са-
лыстырады, одан соң барып толға-
нады, өйткені толғану сараланбаса,
ойлау дараланбайды дейді. Ойлау,
сөйлеу қызметіне байланысты екен-
дігін баса айтады. Ойдың сөз арқы-
лы бейнелеуінің арқасында адам
өзінен бұрынғылардың ілім-білімде-
рін есінде сақтап қалады, оларды
ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отырады.
Айтар ойымызды шимайлап қағаз-
ға түсіргенде ғана оны түгелдей есте
сақтай аламыз.
Ойды басқа адамға жеткізу үшін оны
сараптап, толғана талдау қажет. Ай-
тар ойыңды алдымен өзің түсініп
ал, алдамшы сезімге беріліп үстірт
ойлау – үлкен қателік, жақсылап тү-
сіну үшін көзбен көріп, құлақпен
естіп, қолмен ұстай білу қажет. Ғұ-
лама ғалым сөз саптау, сөйлеу мәне-
ріне де ерекше мән берген. Оның
пайымдауынша, жұмсақ, байыпты,
сыпайылықпен сөйлеу кімге де бол-
са жарасымды қасиет («Жақсы сөй-
лемелік, Жанға шырай бермек»).
Сөйлеу әдебі дегеніміз ойды бүкпей
ашық айту, яғни ой жинақтылығы,
оның мазмұнды болуымен байланыс-
ты. Бала түйсігінің дұрыс қалыпта-
суы үшін сезім мүшелерін таза ұс-
тап, оның түрлі сырқаттарын дер
кезінде емдеп отырған абзал. Бала-
ның өң мен түсті, тәтті мен ащыны
дұрыс ажырата алуын, алыс-жақын-
нан келетін дыбыстарды дәл естуін
ата-аналар мұқият қадағалауы тиіс,
мұның өзі әр затты жан-жақты түйсі-
ніп, оның сыр-сипатын түсіне білуге
жәрдем етеді. Еңбекте жантануға
байланысты бұдан басқа деректер
жеткілікті. Мәселен, мінезге батырлық
пен батылдықты, қайсарлық пен ша-
пағаты болмайтындығын айта оты-
рып, ондайларды барынша шенеп-
мінейді. Адам өмірге келген соң,
белсенді өмір сүруге, «сегіз қырлы, бір
сырлы» болуға ұмтылуы тиіс дейтін
тұжырым аталмыш еңбекте кеңінен
орын алған.
Достарыңызбен бөлісу: