Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет322/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   318   319   320   321   322   323   324   325   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb

ҚАзАҚСТАНДАҒЫ ТҰҢҒЫШ 
ЭТНОПСИХОЛОГИЯ КАФЕДРА-
СЫ
. Егемен, тәуелсіз мемлекеттер-
дің сан алуан ұлттық тыныс-тір-
шіліктері үшін ұлт, этнос психоло-
гиясын зерттеудің қаншама маңызды 
екендігі түсінікті. Мұның әсіресе 
130-дан астам этностар мекендейтін 
Қазақстан жағдайында алатын орны 
ерекше. Осынау жайтты жақсы тү-
сінген Қазақ университетінің бас-
шылығы 1998 жылы алдымен, Этно-
психология орталығын, ал 2000 жылы 
Этнопсихология кафедрасын ашты.
Кафедра оқу-тәрбие процесімен қа-
тар осы ғылым саласындағы зерттеу-
лерді өз елімізбен қатар Орталық Азия
өңірінде үйлестіруге басшылық етіп
келеді. Еліміздегі сондай-ақ Орталық 
Азия республикаларындағы тыныс-
тіршіліктің кез келген саласында (мек-
теп, ғылым, өндіріс, көлік, медицина, 
заң, сауда, спорт, әкімшілік, әскери 
ҚАзАҚ
ҚАзАҚ


309
қызмет т.б.) ұлттық психологиялық 
ерекшеліктерді ескермей, бұларды 
ғылыми тұрғыдан сарапқа салмай 
жұмыс жүргізуі қиын екендігі байқа-
ла бастады. Мәселен, осындай ұлт-
тық психологиялық проблемаларға 
этнос аралық кикілжің, шиеленістер-
ге жол бермеу, экстремизм мен ұлт-
шылдықтың түрлі көріністеріне тос-
қауыл жасау, әр түрлі этностардың 
дәстүр-салты, әдет-ғұрпы, жол-жо-
ралғы, жөн-жосықтарының жан-жү-
йесіне қатысты жақтарын зерттеу 
секілді толып жатқан мәселелер атал-
мыш кафедраның көтеретін жүгі бол-
ды. Бұл әсіресе, 300 жылдай ұлттық 
рухы құрып кетуге аз-ақ қалған қа-
зақ ұлты үшін аса маңызды үрдіс бо-
латын.
Осы кафедра соңғы 10 жылда этно-
психология саласында біраз еңбек-
тер жариялап, ғылыми конференция-
лар өткізуге мұрындық болды, мұның
отырыстарында 20-дан астам канди-
даттық, 10-ға жуық докторлық диссер-
тациялар талқыланып, қорғауға ұсы-
нылды. Сөйтіп Қазақстанда тұңғыш 
құрылған ұлттық психология кафед-
расы өз республикамыздан басқа ор-
талық Азиядағы республикалар үшін 
де маңызды рөл атқарды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   318   319   320   321   322   323   324   325   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет