Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет325/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   321   322   323   324   325   326   327   328   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb

ҚАзД
ҚАЙТ


311
ды есте сақтау немесе жаттап алу 
мақсатымен бірнеше рет пысықтау. 
Есте сақтауға арналған тәсілдердің 
жетекші орындағысы ретінде пай-
даланылады.
ҚАЙТА ЖАСАУ ҚИЯЛЫ
– бұл 
біреудің жазған-сызғанына қарап 
адамның соны өңдеп, толықтырып, 
қиялында жаңғыртуы. Қ.ж.қ. арқы-
лы адам шындыққа сай, дұрыс бей-
нелейді. Бұл үшін түрлі сипаттау, кес-
те сызықтарын дұрыс түсіне білу-
мен қатар, адамда өмірден алынған 
көрнекті бейнелердің жеткілікті қо-
ры болуы қажет. Қ.ж.қ. тәрбиелеу-
дің басты жолы – көркем әдебиеттер-
ді оқу. Бірақ, тек оқи бергенмен 
қиял өспейді. Мәселен, үстіртін, тек 
«қызық» жерін теріп оқудан қиял 
дамымайды. Қиялды өсіру үшін кі-
тап мазмұнын ойға түйіп, оны көр-
гендей, естігендей болып отыру қажет. 
Мәселен, Мұхтар Әуезовтің «Абай»
романын қиялы бай адам оқитын бол-
са, ондағы кейіпкерлер мен түрлі оқи-
ғалар оның көз алдында елестеп, гал-
лереядағы суреттей жайнап тұрады.
Бұл – қайта жасау қиялының көрінісі.
Мұндайда адам авторлардың сурет-
теп жазғандарын көз алдында тұрған-
дай көріп, тіпті сөйлеген сөздерін 
есіткендей де болады. Өзін роман-
ның кейіпкерлерімен бірге жүргізіп, 
бірге тұрғандай сезінеді. Қ.ж.қ. өріс-
тетіп, тәрбиелеудің, екінші шарты, 
оның тамаша мектебі географиялық 
карталарды оқып үйрену, алда көр-
сетілген объектілердің (өзен-көл, жер
атаулары, мелекет, қала атаулары т.б.)
жер шарының қай бөлігінде орна-
ласқанын бұлжытпай таба білуге ма-
шықтану. Карта бетінде «саяхат» жа-
сай білу адам қиялына планетаның 
түпкірөтүкпірлерін елестете алады, 
кісіге адам аяғы баспаған талай алыс
жерлерді «көргізіп» қиялын шарық-
татып, ойлауын дамытып, түрлі кеңіс-
тіктен бағыт-бағдар іздестіруге мүм-
кіндік туғызады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   321   322   323   324   325   326   327   328   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет