Бұл жинақ әдебиеттік оқу пәніне де көмекші құрал ретінде пайдаланылады



Дата01.10.2019
өлшемі17,83 Kb.
#49020
Байланысты:
шешендік өнер

Түсінік хат

Оқушыларды «Шешендік өнерге» баулудың маңызы зор. Қазақ халқы шешендік өнерді аса құрметпен бағалағандықтан, бастауыш сынып оқушыларын ата-баба ізімен шебер сөйлеу, тілдерін дамыта түсу, олардың үлгі-өнегесін бойларына дарыту – басты мақсат. Бұл бағдарлама бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшелігіне сай құрылған.

4 сынып оқушылары әдебиеттік оқу пәніне негіздей отырып, көрген-білгенді көкейге тоқып, көп үйреніп ізденудің арқасында шебер сөйлеуге жаттығады. Би-шешендердің сөздерін жаттап өсіп, жаңа ұғымдармен танысады. Мақалдың немесе өлең ұйқастарын таба отырып, берілген қысқаша мәтінді өз ойымен жалғастыра білуді үйренеді.

Бұл жинақ әдебиеттік оқу пәніне де көмекші құрал ретінде пайдаланылады.

Бағдарламаның көздеген мақсаттарының бірі – тілдің рухы. Тілдің рухы деген өте бір құдіретті ұғым. Ол біздің салт-санамыз, дәстүріміз, ұлттық психологиямыз, дүниетанымымыз.

Мақсаттары:

Бастауыш сыныптардағы шешендік өнер сабақтарының түбегейлі мақсаты, оқушылардың жеке басын қалыптастыра отырып, әдеби мұраларға деген талғамын тәрбиелеу, рухани дүниесін кеңейту, ақыл-ойы мен ұлттық сана-сезімін дамытуға ықпал ету, кітап оқуға деген қызығушылықтарын қалыптастыру.

Осы мақсатты орындауға келгенде оқу үйірменің алдына мынадай міндеттер жүктеледі.

Міндеттері:


  • оқушылардың оқу дағдысын қалыптастыру және жетілдіру;

  • көркем шығармаларды оқуға деген қызығушылығын дамыту;

  • шығарманың түпкі мазмұн-мәнін түсінуін, эмоциялық қабылдауын (кейіпкерлердің көңіл күйіне ортақтасу, күйіну, сүйсіну т.б) қамтамасыз ету;

  • шығармадағы көркем бейнелердің ерекшкліктерін аша білуге бағыттау;

  • ауызекі және жазба тілде байланыстырып сөйлеуін(ойын еркін жеткізу, сауатты да мәнді жаза білу) дамыту;

  • өзіндік ой-пікірін айта білуге баулу;

  • оқушылардың бойына ізгілік пен имандылық, адалдық пен мейрімділік сияқты адамгершілік қасиеттерді дарыту;

  • көркем мәтіндерді мәнерлеп, оқуға баулу;

  • жақсы қасиеттерді бойларына сіңіруге тәрбиелеу;

Үйірменің мақсаты осы міндеттерді орындауға бағытталады.

Күтілетін нәтежие:



  • сөздік қорын толықтырады.

  • Оқу материалдары бойынша (диалог, ролмен инсцинировака жасау, әңгіме, пікір алмасу т.б) дағдыларын меңгереді.

  • Сөздерді мақсатқа негізгі ойға, мазмұнға сәйкес өз бетінше талдап қолдана алады.

  • Шығармашылығын шыңдайды, танымдылық қабілеттері дамиды, өзіндік ой қортуға, ойын әдеби тілмен өрнектей білуге дағдыланады.

  • Халықтың қанатты сөздерінің мән-мағынасын түсініп, одан тәрбие алады.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Шешендік сөздер жинағы. Алматы 2009ж

2. Шешендік сөздер Адамбаев.Б. Алматы

3. 4-сынып хрестоматиясы 2012ж

4. Қазақтың би, шешендері

5. Балдырған журналы 2014ж

6. Ертегілер жинағы

7. Қазақ басылымдары(шешендер өмірінен мәліметтер)

8. Әдебиеттік оқу Алматы 2015ж



9. Айгөлек журналы 2015ж

10. Қазақ халық ауыз әдебиеті Алматы 1972ж

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет