Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет353/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   349   350   351   352   353   354   355   356   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb
LGATOMAKKZWS16042024012314
ҚҰЛЖ
ҚҰЛЖ


338
дамуы», «Нәрсенің түр-түсін тану»,
«Дененің қимылын түзету», «Шебер-
лігін көтеру», «Баланың білімін арт-
тыру», «Бала тілінің шеберленуі», 
«Еңбекке машықтандыру», «Әдемілік 
сезімін көтеру», «Мейірімділік әдет-
терін көркейту», «Көпшілік және
еңбек», т.б. осы іспеттес тақырып-
тардың психологиялық мән-мәнісі 
айтарлықтай.
Н. Құлжанованың еңбектерінде Қа-
зан төңкерісінің қарсаңындағы көш-
пелі қазақ елінің тұрмысы, сол уақыт-
тағы ауыл мен қала өмірінің шынды-
ғынан алынған нақты көріністер ай-
қын байқалады. Ана мен бала тәр-
биесі, әсіресе баланы мектепке тәрбие-
леу жайындағы методикалық құрал-
дар төл тiлімiзде әлі күнге дейін тап-
шылық етеді. Сондықтан да аталған 
еңбектер бұдан жарты ғасырдан астам 
бұрын жарық көрсе де, қазіргі кездегі 
қазақ оқырманының жүрегіне жылы 
тиіп, қолдан түспесі хақ.
ҚҰНАНБАЕВ
АБАЙ (ИБРАҺИМ) 
(1845-1904)
– қазақтың аса көрнекті, 
ағартушы-демократ, кемеңгер-ойшыл,
философ ақыны. Оның шығармашы-
лығында психологияның негізгі мә-
селесі – жан мен тәннің арақатына-
сы, адамның психологиялық даму 
жолындағы тәрбие мен білімнің атқа-
ратын қызметі, сондай-ақ бала психо-
логиясы мен қоғамдық, ұлттық пси-
хологияның жекелеген мәселелері де
(адамның жеке басына және жас дең-
гейіне байланысты ерекшеліктер, әдеп, 
үлгі-өнеге, өзін-өзі тәрбиелеу жайлы 
оқу мен үйретудің психологиялық 
негіздері, ұлттық мінез-құлық, т.б.)
көрініс тапқан. Ол бұларды талдап-
талқылағанда адамның психология-
лық өмірінің қыры мен сырына жара-
тылыстық-ғылыми тұрғыда түсі-
ніктеме бере қоймайды. Алайда, Абай
тұжырымдарының ауқымы мен те-
реңдігі – оның әлем психологтары-
ның еңбектері мен таныс болғанды-
ғын айқын дәлелдейді. Нақтырақ 
айтсақ, оның психологиялық көзқарас-
тары Аристотель, әл-Фараби көзқа-
растарымен астарласып жатады. Оның
таным процесіне байланысты ма-
териалистік түсініктері Аллаға сену
мен жанның мәңгілігі туралы ұғым-
дармен араласып отырады. «Өлсе 
өлер табиғат, адам өлмес», «Көк тұ-
ман – алдыңдағы келер заман», т.б. 
өлеңдерінде ойшыл ақын адамның 
тәні ғана өледі, ал жаны ешқашан да 
өлмейді деп тұжырымдайды.
Абай қоршаған ортаның шындығын 
мойындай отырып, ақыл мен сана 
еңбек барысында қалыптасатынды-
ғы туралы: «Ақыл, ғылым – бұлар 
кәсіби», – дейді. «Ғылым сол үшеуінің 
жөнін білмек»,- деп, Абай адамның 
ішкі жан-дүниесінің ақыл, сезім жә-
не қайрат секілді қуаттарын біртұтас 
етіп алады. «Он жетінші сөзінде» 
(қайрат, ақыл, жүректің сөз таласты-
руы) тек бірлесіп, ынтымақтасқан 
жағдайда ғана күш алатын үш түрлі 
жан құбылысын әдеби-публицисти-
калық тұрғыдан көрсетпек болады. 
Ойшыл ақын негізгі үш бастау-ақыл, 
сезім және қайрат арасындағы тартыс 
арқылы адам мінезінің қарама-қайшы-
лықтарын дұрыс түсіндіреді. Осы 
сұхбаттың логикалық үйлесімі, дәлел-
дері терминдік сөздердің байлығы 
(мақсат, кішіпейілділік, әділдік, қайы-
рымдылық, елгезектік, қатыгездік, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   349   350   351   352   353   354   355   356   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет