Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет361/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   357   358   359   360   361   362   363   364   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb
LGATOMAKKZWS16042024012314
ҚЫзЫ
ҚЫзЫ


346
Адам объектіге түрлі мақсат көздеп 
қызығады. Осы тұрғыдан қызығу 
тікелей және жанама болып екіге бө-
лінеді. Тікелей қызығу айналадағы 
нәрселердің тартымдылығынан туа-
ды. Мәселен, футболға қызығуды 
осыған жатқызуға болады. Жанама қы-
зығу – бұл әрекеттік түпкі нәтиже-
сін қажетсіну. Мұндай қызығуда адам
көздеген мақсатына біртіндеп, саты-
лап жетеді, Мәселен, оқуға, еңбек 
етуге қызығу осындай қызығулар. 
Жанама қызығу тұрақты, тұрлаулы 
болып келсе, адамның ісі оңға ба-
сып, ол нәрсені білген үстіне біле тү-
суге ықыласы кетіп отырады. Адам-
дардың қызығу саласындағы ерек-
шеліктері де әр түрлі. Бұл өзгешелік-
тер адамның іс-әрекетіне, көзқарасы 
мен талғамына, мұраты мен мүддесі-
не байланысты белгілі мазмұнға то-
лы болады. Мәселен, бір адамдар сая-
си-қоғамдық мәселелерге қызығатын 
болса, екінші біреулер эстетикаға 
қызығады. Ал үшінші біреулер ғылы-
ми-теориялық мәселелерге ерекше 
назар аударып отырады, төртінші бі-
реулерде осы айтылғандардың бар-
лығы бірдей тоғысып жатады.
Қызығу балаларда алғашқы кезде 
онша ажыратылмайды. Дегенмен бө-
бектерде де қызығу элементтерінің 
барын байқауға болады. Қызығудың 
жақсы көрінетін жері – мектеп. Мек-
теп жасындағы балаларда қарапа-
йым тану қызығулары көріне бас-
тайды. Мектеп өмірі балаларда көп-
теген қызығулардың түрлерін туғы-
зады. Біртіндеп оқу қызығуларымен 
қатар спорттық, оқырмандық қызы-
ғулар қалыптасады. Қызығу көбінде 
баланың бір нәрсеге бейімділігіне қа-
рай көрінеді. Мәселен, шахматқа қы-
зығу баланың осы ойынмен айна-
лысуға бейімділігінен туады. Бірақ 
қызығулардың бейімдіктен бөлек 
те пайда болатын кездері кездеседі. 
Мәселен, футболға қызығатындар-
дың футбол ойынына жөнді бейім-
ділігі болмаса да қызығуы өте күшті 
келеді. Бірақ мұндай қызығуды бел-
сенді, пәрменді қызығу деп айтуға 
болмайды. Қызығу пәрменді, белсен-
ді болу үшін, бала тікелей әрекетпен 
айланысуы қажет. Мұғалім балалар-
дың қызығуын тәрбиелеуде оларға 
әлі де онша мәлім емес кейбір жа-
нама қызығуларын тауып, соларды 
тұрақтандыру жағын ойлауы керек. 
Сонда ғана бала рухани өмірге бай
босқа зерігуді білмейтін, еңбекті 
сүйетін, жан-жақты, қабілетті адам 
болып шығады.
ҚЫЛЫҚ – 
(іс) мінез-құлықтың 
күрделі «бірлігін» белгілеу үшін Ген-
ри Мюррей енгізген термин. Түрлі 
қылықтарға адамдар мен объектілер 
арасындағы өзара әрекеттестік жата-
ды. Қ-тың ұнамды, бағалы норма-
лары адамды жағымды сенімдерді 
бойға дарытуға себепші болады. 
«ҚЫРҒЫзДАР»
– орыс антропо-
логі Н.Л. Зеландтың (1833-1902) 1885 
жылы Омбыда жарық көрген еңбегі 
«Бұл қазақ халқының психология-
лық ерекшеліктері жайлы» жарық 
көрген тұңғыш ғылыми туынды. Автор 
халқымыздың ұлттық темперамен-
тін сангвинник типіне жатқызады. 
Осы типті академик И.П. Павлов тір-
шілікке ең қолайлы, жауынгер тип 
деп бағалаған. Зеландтың пікірінше, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   357   358   359   360   361   362   363   364   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет