Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет364/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   360   361   362   363   364   365   366   367   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb
LGATOMAKKZWS16042024012314
ЛЕСГАФТ ПЕТР ФРАНЦЕВИЧ 
(1837-1909) – 
орыстың аса көрнекті 
ғалымдарының бірі, медицина, био-
логия, дене тәрбиесі, педагогика, пси-
хология ғылымдарының көптеген 
мәселелерін зерттеуге елеулі еңбек 
сіңірген белгілі қоғам қайраткері. 
Ол гимназияны бітіргеннен кейін
Петербургтегі Медико-хирургиялық 
академияға түсіп, оны ойдағыдай 
аяқтайды. Оның дүниеге көзқарасы
орыстың революционер-демократ-
тары Герцен, Белинский, Чернышев-
ский, Добролюбовтардың материалис-
тік философиясы мен орыс физиоло-
гиясының атасы И.М.Сеченовтың 
ЛЕВИ
ЛЕСГ


349
физиология, психология саласын-
дағы еңбектері негізінде қалыптас-
қан еді. Ғылым адамына тән қарапа-
йымдылығы, зор лекторлық қабілеті 
мен ұстаздық өнегесі оны өз замандас-
тарына әйгілі етті. Лесгафттың өз хал-
қына қалтқысыз қызмет еткенін көр-
сетерлік мысалдар көп. Ол елдегі ағар-
ту жұмысын өркендетуге белсене 
қатысты. Әйелдердің білім алуына 
ерекше көңіл бөлді. Жұмысшыларға 
арнап кешкі курстар ашты.
Лесгафт ғылымның әр саласынан зор 
мағлұматы бар адам еді. Мысалы, 
оның анатомия ғылымы саласында-
ғы пікірлері, дене тәрбиесі, психоло-
гия, педагогика, гигиена ғылымда-
рындағы теориялармен тығыз байла-
нысып жатыр. Ол жастарды тәрбие-
леуде психология ғылымының ерек-
ше маңызын айта келіп, бұл ғылым-
ның педагогика мен педагог үшін, 
медицина мен дәрігер үшін, психиат-
рия мен психиатр үшін аса қажетті 
екенін атап көрсетті.
Адамның жеке басының жан-жақты 
жетіліп қалыптасуы үшін тәрбиенің, 
әлеуметтік ортаның шешуші рөл ат-
қаратындығын Лесгафт ғылыми тұр-
ғыдан түсіндіреді. Ол жеке адамның 
қалыптасуында тұқым қуалаушылық 
елеулі орын алады дейтін теорияға сын 
көзімен қарады. Бала іштен қайырым-
ды, адал немесе қатал, өтірікші, атақ-
құмар, мансапқор, екі жүзді, жәдігөй 
т.б. қасиеттермен тумайды. Бұл жағ-
дай әртүрлі тәрбиеден туады деп, 
Лесгафт жүйелі дене тәрбиесі адам-
ның жарасымды дамуына, яғни оның 
ақыл-ойы мен адамгершілік қасиеті-
нің қалыптасуына тиімді әсер ете-
тіндігіне ерекше тоқталады. Ол дұ-
рыс жүру мен жүгіре білу, қарғу мен 
секіру, т.б. осындай қимыл-қозғалыс-
тар адам тәнінің сұлулығымен қатар 
ақыл-ой парасатының артуына да 
ықпал жасайтындығын айтады.
«Баланың ақыл-ой тәрбиесі және 
оның маңызы» деген еңбегінде оның
ақыл-ойы мен денесін, мінезін қалып-
тастыруда ата-ананың өнегесі, бала-
ның жеке басын қадірлей білу, төзім-
ділікке баулу жөнінде айтқан пікір-
лері ерекше бағалы. Ол мектеп жа-
сына дейінгі балаларды тәрбиелеу-
дің жолдары туралы құнды пікірлер 
айтты. Автор кішкентай балалардың 
әрнәрсеге еліктегіш, білуге құмар ке-
летіндігін, аса бақылампаз болатын-
дығын, адалдығы мен аңғалдығын 
жан-жақты баяндап берді.
Лесгафт психологиядағы темпера-
мент теориясына елеулі үлес қосқан-
дардың бірі. Оның пікірінше темпе-
рамент қан сауыттарының жуан-жі-
ңішкелігіне, олардың қозғалғышты-
ғы мен жүріс-тұрыстың баяулығы-
мен байланыстырған.
Негізгі еңбектері: «Отбасындағы ба-
ла тәрбиесі, оның маңызы» (СПб.,
1885), «Мектеп жасындағы балалар-
дың дене тәрбиесі» (СПб., 1888), «Пе-
дагогикалық шығармалар жинағы» 
(М., 1951), т.б.
ЛИДЕР
– басшы, жетекші. Топта, 
ұжымда, әдетте жетекші міндетін ат-
қаратын бір адам. Әлеуметтік психо-
логияда мұндай адамды «лидер» деп 
атайды. Л. топты ұйымдастыруға 
және басшылық етуге сайланады не 
ұсынылады. Л. әдетте топтың іс әре-
кеті жайлы, оның құрамы мен мүм-
кіндіктері жайлы мейлінше хабардар 
болады. Ол топ мүшелерімен қатынас-
та өзін еркін, сенімді ұстайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   360   361   362   363   364   365   366   367   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет