Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет366/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   362   363   364   365   366   367   368   369   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb
LGATOMAKKZWS16042024012314
ЛИДЕ
ЛИДЕ


351
теуде шынайы орталық рөлді атқа-
ратын тұлға. Психологияда Л. келесі 
түрлерін бөліп, жіктейді: 1) іс-әре-
кет мазмұны бойынша – шабыт бе-
руші Л. мен орындаушы Л.; 2) іс-
әрекет сипаты бойынша – әмбебап 
Л. мен жағдаяттық Л.; 3) іс-әрекет 
бағыттылығы бойынша – эмоциялық 
Л. және іскер Л. т.с.с. Бір адамның
бір уақытта Л. және басшы болуы 
міндетті емес. Егер бастық көбінесе 
сайланатын болса және оның мадақ-
тауға және жазалауға ресми құқығы 
болса, ал Л. кездейсоқ таңдалады. Ол 
топтан өзге ешқандай биліктік күшке 
ие болмайды. Оған ешқандай ресми 
міндеттер жүктелмейді. Егерде Л. 
мен басшы бір адам болмай, бірақ өза-
ра тату болса, онда топтық іс-әрекет 
үйлесімді әрі тиімді жүзеге асады. 
Ал егер араларында түсініспеушілік 
болса, онда бұл көбінесе топішілік 
конфликтіге әкеледі. Ал мұның өзі
топтың даму деңгейімен тікелей бай-
ланысты болады. Л-лік (жетекші-
лік) – тұлғааралық қатынастардағы 
доминанттылық.
ЛОГОПЕД
ересектер мен бала-
ларда сөйлеу кемістігін жою және 
оның алдын алу мақсатында жұмыс 
істейтін педагог. Логопедтерді дайын-
дау педагогикалық институттар мен 
университеттердің дефектология фа-
культеттерінде жүргізіледі. Логопе-
дия – сөйлеу кемістігін зерттейтін 
және оларды анықтаудың, алдын 
алудың және жеңудің принциптері 
мен әдістерін жасайтын педагогика-
ның арнайы саласы.
ЛОГОТЕРАПИЯ – 
психотерапия-
ның В.Франкл талдап-тұжырымда-
ған теориясы мен практикасы. Ло-
готерапия тұлғаның мінез-құлқын-
дағы және оның дамуындағы негізгі
қозғаушы күш адамның өз өмірінің
мән-мағынасын іздеу мен жүзеге 
асыруға ұмтылысы болып табыла-
тынын негізге алады. Өмірдің мән-
мағынасының болмауы немесе оны 
жүзеге асырудың мүмкін еместігі 
адамда экзистенциялдық вакуум жә-
не экзистенциалдық фрустрация кү-
йін тудырады; бұлар селқостық, то-
рығу, өмірге деген ықыластың бол-
мауымен, сондай-ақ іштей ширығу-
ды барынша азайтуға тырысушылық-
пен байланысты неогендік невроз-
дар деп аталатындардың себебі бо-
лып шығады. Логотерапияның прак-
тикасы адамның өз өмірінің ғайып 
болған мән-мағынасын қайта табуы-
на көмектесуге бағытталған. Өмір-
дің мән-мағынасының басты негізде-
рінің бірі – доготерапияда – діни се-
нім болып табылады. Сонымен қа-
тар дін мән-мағынаның мүмкін бо-
ларлық бірден-бір негізі емес; бұл 
проблеманы дінге сенетін адамда да,
дін ұстанбайтында да бірдей табыс-
ты түрде шешуі мүмкін. Өмірдің 
бірегей мән-мағынасын немесе нақ 
сол функцияны атқаратын жалпыла-
ма құндылықтарды пациент үш сала-
ның біреуінен: шығармашылықтан, 
біз өзіміз өзгерте алмайтын жағдай-
ларға қатысты көзқарас тұрғысынан 
ұғына отырып қабылдаудан және 
оны бастан кешіруден табуы мүмкін. 
Логотерапия практикасында негізгі 
әдіс сократтық диалог әдісі болып 
табылады және ол тән сипатты нео-
гендік невроздар терапиясы кезінде 
қолданылады. Логотерапияда, сон-
дай-ақ фобиялар мен жабыспа күй-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   362   363   364   365   366   367   368   369   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет