Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет363/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   359   360   361   362   363   364   365   366   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb
LGATOMAKKZWS16042024012314
ЛАзУРСКИЙ АЛЕКСАНДР ФЕ-
 
ДОРОВИЧ (1874-1917)
– орыс 
психологі. Психологиядағы ғылыми 
жаратылыстық бағыттың өкілі. Кісі-
нің жеке қасиеттерін, мінез бітісте-
рін зерттеуші. Еңбектері: «Мінез ту-
ралы ғылымның очерктері» (1909), 
«Жалпы және эксперименттік пси-
хология» (1912), «Тұлға классифика-
циясы» (1915) т.б.
ЛАЦАРУС МОРИС (1824-1903) 

швейцар философы. И.Гербарттің 
ҚЫСҚ
ЛАЦА


348
шәкірті. Этнопсихологиядағы «ха-
лық рухы» концепциясын жасаушы-
лардың бірі. Еңбектері: «Құлықтар-
дың пайда болуы» (1867), «Тарихта-
ғы идеялар туралы» (1872), «Ұлттық 
деген не?» (1880); «Жанның өмірі» 
(1856) т.б.
ЛЕВИ-БРЮЛЬ ЛЮСЬЕН (1857-
1939)
– фр. социологы және этно-
логі. Л-Б-дің социол. көзқарастары 
Дюркгеймнің ықпалымен қалыптас-
ты. Алғашқы қауымдық құрылыс 
халықтарын зерттеумен айналысқан 
Л-Б. әртүрлі әлеуметтік үлгілерге 
ойлаудың әртүрлі формалары сай ке-
леді деген қорытындыға келді. Ал-
ғашқы қауымдық құрылыс адамның
ойлауы қазіргі адамның логикалық 
ойлауынан өзгеше: ол «дологика-
лы» (онда қарама-қайшылық заңы
еленбейді) және табиғилық пен
табиғилықтан тыс нәрсені ажырат-
пайды. Л.-Б. алғашқы қауымдық құ-
рылыс адамының түсінігінде бастап-
қы себеп пен түпкілікті салдар тіке-
лей байланыста, аралық байланыс-
тар еленбейді деп пайымдайды. Не-
гізгі еңбектері: «Төменгі қоғамдар-
дағы ойлау функциялары» (1910); 
«Алғашқы қауымдық құрылыста-
ғы ойлау» (1921).
ЛЕОНТЬЕВ АЛЕКСЕЙ НИКО-
 
ЛАЕВИЧ (1903-1979) –
Кеңес Ода-
ғының кезінде «Іс-әрекеттік қатынас»
теориясының авторы ретінде белгілі 
психолог. Мәскеу университетінің 
қоғамдық ғылымдар бөлімін (1924) 
бітіріп, психология институтында 
және коммунистік тәрбиелеу Акаде-
миясында қызмет атқарған. Л.С.Вы-
готскийдің ең жақын қызметтестері-
нің бірі болған. 1931-1935 жж. Харь-
ковта жұмыс істеп, 1932 ж. профес-
сор атағына ие болды. 1941 ж. Мәс-
кеу университетінің профессоры, пе-
дагогика ғылымдарының докторы. 
1942-1945 жж. Свердловскдегі тәжі-
рибені қалпына келтіру госпиталінде 
ғылыми жетекшілік қызметін атқар-
ды. 1945-1950 жж. Ресейдегі ПҒА-
ның Психология институтының бала-
лар психологиясы бөлімін, 1945 ж. 
Мәскеу мемлекеттік университетінің 
психология кафедрасын, 1963 ж. фи-
лософия факультетінің бөлімін меңгер-
ді. Сол университетте 1966 ж. оның 
ұйымдастыруымен психология факуль-
теті ашылды. 1950 жылдан Ресейдің 
ПҒА мүшесі. 1920 ж. адамның дамуын-
дағы іс-әрекеттің (структурасы, мотив-
тері), әсіресе заттық іс-әрекеттің рөлін 
жан-жақты әрі терең зерттеген ғалым. 
Негізгі еңбектері: «Естің дамуы» (1931),
«Қимыл-қозғалысты қалыпқа келті-
ру» (1945), «Психика дамуының очер-
кі» (1947), «Іс-әрекет, сана, тұлға» 
(1975) т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   359   360   361   362   363   364   365   366   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет