Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет359/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   355   356   357   358   359   360   361   362   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb
LGATOMAKKZWS16042024012314
ҚҰНА
ҚҰНА


344
жаршысы болуы керек. Нағыз ақын 
шабыт пен қуаттан күш алады, ша-
бытсыз өнер жоқ. Онсыз өлең де ту-
майды.
Өнердің, дәлірек айтқанда, музыка 
мен әннің мақсаты – адамдардың кө-
ңіл күйіне әсер етіп, оларға рухани 
қорек беру, эстетикалық ғажайып ра-
хат шәрбатынан сусындатып, жа-
ғымды этикалық қасиеттердің қалып-
тасуына жағдай жасау. Абайдың пси-
хологиялық мәселелеріне байланыс-
ты бізге жеткен пікірлері, оның қазақ 
тарихында тұңғыш рет психология-
лық ұғымдар жасауға талаптанып,
бұл ғылымға қазақ тілінің аса бай 
сөздік қорынан бірқатар түсініктер 
(қылық, қуат, мінез, көңіл, қасірет, 
қуаныш, құмарлық, күлкі, ықылас, 
талап, зерде, үрей, жалқаулық, таба-
лаушылық, күншілдік т.б.) енгізіп, 
осы жолда қазақ фольклорындағы 
психологиялық түсініктерді өңдеп, 
әрлеп, нақтылап, орнықтырып қана 
қоймай, сонымен қатар көшпелілер-
дің психологиялық әлемі туралы өзін-
дік көзқарас жүйесін қалыптастыр-
ғанына келіп тіреледі. Абай адамның 
жан-дүниесіне қатысты түрлі ұғым-
дар мен түсініктердің мәнін айшық-
ты тілмен әсерлі етіп жеткізіп, өлең-
дері мен қара сөздері арқылы қазақ 
халқының қалың бұқарасы арасына 
психологиялық білімнің таралуына 
қолайлы жағдай жасады.
ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ПСИХОЛОГИЯ –
 
1) психологияның пәні, сана элемент-
тері және олардың арасындағы арна-
йы жаттыққан интроспекция арқылы 
табылатын құрылымдық қатынастар 
деп санаған бағыт. ХХ ғ. басында 
пайда болды. Америкалық психолог 
Э.Титченер (1867-1927) негізін сал-
ды. Сана құрылымында элементтер-
дің үш санаты: түйсіну, бейне және се-
зім сараланды. Бірақ қабылдаудың 
заттық сипаты мойындалмады. Құры-
лымдық психологияны гештальтпси-
хология, функциялық психология, 
бихевиоризм мектептері сынады
2) Ж.Пиаженің когнитивті даму тео-
риясы; Э.Титченер теориясынан өз-
гешелігі – мұнда Ж.Пиаже зияттың 
негізінде жатқан ой түсініктерінің 
құрылымдарын қарастырады; 3) Клод 
Леви-Стросстың антропологиялық-
социологиялық ықпалы. Мұнда әлеу-
меттік ұйымдасу мен әлеуметтік құ-
рылымдар қарастырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   355   356   357   358   359   360   361   362   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет