Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет430/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   426   427   428   429   430   431   432   433   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb
LGATOMAKKZWS16042024012314
ОРГА
ОРНЫ


412
Дифференциалдық психологияда О. 
жүйке процестерінің пайда болуы мен 
тоқтауын сипаттайтын қасиеттердің 
бірі болып табылады.
ОТАНСҮЙГІШТІК. 
Халқымыз кір 
жуып, кіндік кескен атамекенін ая-
лап, елін, тілі мен мәдениетін, әдебие-
ті мен тарихыи, біртуар аяулы перзент-
терін мақтан тұтып, қадірлеп-қастер-
леуді ұрпағына аманат еткен.
Бізде қай жүзге жататыныңды, қай ру-
дан екеніңді білу ес жиып, есейгеннің 
белгісіндей дей отыра, мұның түпкі 
мақсат-мұраты біреу, ол – ынтымақты 
ел болу деп есептейміз. Ер-азамат 
үшін туған халқын жан-тәнімен сүю,
оның шаруашылығы мен мәдениеті-
нің өркендеп, көркеюіне бар күш-жі-
гері мен білімін, еңбегін жұмсап, 
үлес қосу перзенттік парыз болған
Қаз дауысты Қазыбек би: «Алтын 
ұяң – Отан қымбат... туып-өскен елің 
қымбат, кіндік кесіп, кір жуған жерің 
қымбат», – деп тебіренген ғой. Қазақ 
елі – біздің Отанымыз, атамекеніміз, 
қастерлеп келе жатқан туған жеріміз. 
Осы жерді жан-тәнімен сүйетіндер
де, оны көздің қарашығындай қор-
ғап, сақтайтындар да ең алдымен қа-
зақ халқы, оның сендердей ізбасар-
лары. Қаршадайынан өз отбасын, әке-
сі мен шешесін, бауырлары мен ту-
ған туысқандарын қастерлеп, қадір 
тұтқан адам ғана есейе келе туған хал-
қы мен ел-жұртын, атамекенің шын 
көңілмен сүйетін болады. Өйткені 
халқымыз «Отан отбасынан бастала-
ды» деп бекерге айтпаған. Ата-ана-
сын, өз үрім-бұтағын жанындай жақ-
сы көріп сүймеген баланың ел-жұр-
тын, халқы мен ұлтын сүйетін толық-
қанды азамат болуы екіталай. Ұлт-
жанды кісінің имандылық-адамгер-
шілік қасиеттері, сондай-ақ, онын жек-
жат-жұрағатқа деген оңды көзқа-
расынан да жақсы байқалады.
Қазақ елінің кез келген перзенті жұ-
мыр жердің қай бұрышында жүрсе де
өзінің іс-әрекеті мен мінез-құлқынан
өз ұлты мен халқына деген сүйіспен-
шілік қасиеттерін тайға таңба бас-
қандай айқын байқатып отыруы тиіс. 
Бұл үшін ата-бабалардың тарихы 
мен шежіресін біліп, оларды талдап 
таратуға ерекше мән берген абзал. 
Аталас ағайындарының аты-жөнін
жүйелеп, оларды саусақпен санаған-
дай айқын ажырата білу – кім-кімге 
де болса жарасымды адамгершілік 
сипат.
Ата-бабаларымыз Алтайдан Атырау-
ға, Еділ мен Жайыққа дейінгі ұлан-
ғайыр, кең жазира даланы ғасырлар 
бойы басқыншы жаудан сан рет қор-
ғап, бостандық пен тәуелсіздік жо-
лында шыбын жанын пида еткен. 
Біздер халқымыздың қас батырлары 
Қабанбай мен Бөгенбайды, Исатай 
мен Махамбетті, Кенесары мея Нау-
рызбайды, Қасымхан мен Абылай 
ханды, Амангелді мен Бауыржанды 
қадір тұтып, қастерлейміз. Олардың
халқы үшін қалтқысыз қызмет етке-
нін өзімізге үлгі-өнеге етіп, осындай
ата-бабаларымыздың болғанын қа-
лайша мақтан тұтпаймыз!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   426   427   428   429   430   431   432   433   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет