және
солар туралы білімдерді қарастыра-
тын психология саласы.
ПӘТУА
(консенсус; лат.
сопsensus –
келісу,
бірауыздылық) – 1) даулы мә-
селелер бойынша дауысқа салмай
келіссөз барысында
ортақ келісімге
келу. Оқу-білім
мекемелерін басқару
процесінде шешім қабылдаудың бір
амалы; 2) белгілі бір іс жөніндегі бі-
тім, тоқтам,
келісім; ислам дінінде
шариғат бойынша керекті мәселе, іс
жөнінде дінбасы муфтидің, бас қа-
зының шығарған қарары, шешімі,
тоқтамы, қорытындысы. Мұсылман-
дар үшін пәтуа – бұлжытпай сөзсіз
орындалуға тиісті заң, міндет, парыз.
Пәтуа, әдетте, қағида, ереже, нұсқау
түрінде жазылып, мұсылмандарға
жария етіліп, таратылып отырған.
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚАБІЛЕТ-
ТЕР
– мұғалімнің педагогтік қызмет-
те
жоғары нәтижелерге жетуін қам-
тамасыз ететіндей даралық-психоло-
гиялық ерекшеліктері мен кәсіптік
тұрғыдан маңызды қасиеттерінің жал-
пылама жиынтығы. Педагогикалық
қабілеттердің мынадай түрлері сара-
ланады:
гностикалық
(танып білу жә-
не одан ләззат ала білу),
дидактика-
лық
(түсіндіре білу, білім бере үйрете
білу),
коммуникациялық,
(қарым-қа-
тынас, ынтымақтастық жасай білу),
конструктивтік
(оқу-тәрбие мате-
риалын іріктеп ала білу, жобалай, жа-
сай білу),
ұйымдастырушылық
(шә-
кірттерін әр алуан қарекет түрлеріне
еліктіріп, тарта білу, қатысушылар-
дың бәрін біріктіріп, олардың мүд-
делерін қойылған мақсатты орындау-
ға бағыттай білу),
перцептивтік
(ба-
ланың ішкі жан дүниесін ұғына білу,
олардың сезімдері мен жай-күйін тү-
сіне білу, эмпатияға қабілеттілік),
болжамдаушылық
(педагогикалық
көрегендік жасай білу, педагогика-
лық қызметтегі өзара әрекеттестік
Достарыңызбен бөлісу: |