Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет149/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb

ГИПО
ГОСП


145
мен гигиена ережелері сақталып, 
жақсы күтім жасалғанымен негізінен 
баланың ересектермен әлеуметтік 
қарым-қатынасының жоқтығының
не тоқтауының салдары. Г. құбылысын 
ең алғаш америкалық психолог Р.Спитц
және оның шәкірттері фрейдизмдік 
әдіснамаға сүйеніп, госпитализмді 
баланы анасынан айыру салдарынан
болады деп түсіндірді. Алайда Г.
құбылысы анасы баласына немқұ-
райды қарайтын, мән бермейтін от-
басында да байқалуы мүмкін. Гос-
питализмді баланың ата-анасымен 
қарым-қатынасын көбейту арқылы, 
балалар мекемесіндегі тәрбиешімен 
эмоциялық қарым-қатынас жасау 
арқылы жеңуге болады.
ГУМАНИСТІК ПСИХОЛОГИЯ

XX ғасырдың 60 ж. батыста пайда 
болған және психологияның негізгі
пәні жоғары көріністерінде, құнды-
лықтары мен мағыналарында қарас-
тырылатын адам болуы қажет деп 
есептейтін психология бағыттары-
ның бірі. Г.п. көрнекті өкілдері –
А.Маслоу, К.Роджерс, Г.Олпорт. Г.п.
мынадай негізгі қағидаларын бөліп 
көрсетуге болады: адам өзінің бір-
тұтастылығымен зерттелінуі қажет; 
әрбір адам қайталанбас тұлға; адам 
дүниеге ашық болып келеді, адам-
ның дүниені және өзін-өзі дүниеде 
сезінуі басты психологиялық ақиқат 
болып табылады; адам өмірі тұлға 
болмысы қалыптасуының бірыңғай 
процесі ретінде қарастырылуы қа-
жет; адамның бойында оның таби-
ғатының бөлшегі болып табылатын 
үздіксіз дамып жетілуге және өзін-өзі 
танытуға деген күш-қуаты болады; 
өзінің шешімдері мен әрекеттерінде 
басшылыққа алатын мағыналар мен 
құндылықтардың негізінде адамның 
сыртқы түрткі күштерден белгілі бір 
тәуелсіздік дәрежесі болады; адам –
ол интенциялы, белсенді, жігерлі, 
шығармашылық жан. Г.п. өкілдерінің 
тұжырымдарының көбі орынды бол-
ғанымен, соңғы тұжырымдарында 
олар тұлғаның әлеуметтік ортадан 
тәуелсіздігі жөнінде бұрыс пікірде 
болған. Бұл адам психикасының мә-
дени-тарихи шарттылығы идеясына
қайшы келді. Г.п. психология ғылы-
мының саласы, адамды жоғары рух-
ты, алдына өзін жетілдіру мақсатын 
қойып, соған жетуге ұмтылыс жасай-
тын тірі жан ретінде қарастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет