ГЕРОНТОПСИХОЛОГИЯ (грек.
geron/gerontos/ – қарт) қартаю проце-
сінің психологиялық заңдылықтары
мен механизмдерін зерттейтін пси-
хология ғылымының бір саласы. Бұл
салада өмірдің психологиялық, фи-
зиологиялық, әлеуметтік, медицина-
лық, экономикалық және т.б. жақта-
рының қарт адамның психикасына
ықпалы қарастырылады.
ГЕТЕРОСТЕРЕОТИП (гетеро-
таптаурындар) – бір этностың басқа
ұлт өкілдерінің дүниетанымы, пси-
хологиясы туралы біршама тұрақты
қалыптасқан пікірлері. Этностардың
өзара қарым-қатынасына қарай, жа-
ғымсыз түрлері көп жағдайларда
теріс түсініктерге негізделген түрлері
жиі кездеседі. Мәселен, кейбір ұлт
өкілдерін, кавказдықтарды, әсіресе
шешендерді «тентек», «бұзық» деп
әртүрлі себептеріне, байыбына бар-
май теріс түсініктер жасайды.
ГЕШТАЛЬТПСИХОЛОГИЯ (нем.
gestalt – пішін, тұтастық) – шетел-
дік психологияның сенсуалистік ба-
ғыты, 1912 ж. Германияда пайда
болған. Г-ның ізашары X. Фон Эрен-
фельс (1859-1932) болып табылады.
XX ғасырдың бірінші жартысында
көптеген Еуропа елдерінде жүргізі-
ліп жатқан психологиялық зерттеу-
лерге ерекше әсер етті, оның ішінде
біздің елімізде (соғысқа дейінгі жыл-
дарда) кеңінен тарады. Г. физика мен
математиканың ерекше ықпалында
болды. Бұл бағыттың көрнекті өкіл-
дерінің ішінде М. Вертгеймердің, В.
Келердің, К. Левиннің және т.б. есім-
дерін атауға болады.
Г. өкілдерін интроспективтік пси-
хологияға тән психикалық құбы-
лыстарды талдауға және зерттеуге
жеңілдетілген атомистік тұрғыдан
қарау негізінен қанағаттандырмады.
Бұл интроспективтік психология
барлық күрделі құбылыстарды қа-
рапайым құбылыстарға бөлді, олар-
дың тіркесінен күрделі тұтастық
заңын қалыптастыруға ұмтылды.
Гештальтпсихологтар психикалық