Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет159/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb
LGATOMAKKZWS16042024012314
ДАРЫ
ДАРЫ


154
13 жасында үздік бітіріп, он төрт жа-
сында университеттің екінші курсы-
на түседі. Мұндай мысалдарды көп-
теп келтіре беруге болады.
Д. – адамның сәби кезінен байқала-
тын ерекше қабілеттілігі, өнердің 
бір түріне туа бейімділігі. Қабілеті 
жан-жақты дамыған адамды дарынды 
деуден гөрі қабілетті деу орынды. Д. –
туа бітетін ерекше қасиет. Дарынды
балалар зейінді, зерек, алғыр, ширақ
келеді. Олар қиын жұмысты жан-
тәнімен беріліп істейді. Д. атадан ба-
лаға, немереге, шөбереге қан арқылы 
берілуі де мүмкін. Д. балаға білім бе-
руде туа біткен алғырлық қасиеттің 
тәрбие жүйесіндегі әдіс-тәсілдермен 
бірлесе келіп, жеке тұлғаны қалып-
тастыруда ықпал етуінің нәтижелік 
көрінісі. Адамның білуге деген ын-
та-ықыласының бала бойында туа 
біткен алғырлық қасиетімен ұшта-
суын ақыл-ой қабілетінен байқауға 
болады. Д. белгілі бір іс-әрекетке же-
тістікке жету шарттары. Д. ғылыми 
психологияда көбінесе ақыл-ой қа-
білеттілігінің және ақыл-ой потен-
циалының жүйесі ретінде түсініледі.
ДӘМ СЕзУ АДАПТАЦИЯСЫ 
(ТҮЙСІКТЕРІ). 
Дәм сезу түйсігі 
иіс сезу сияқты заттардың химиялық 
қасиеттеріне байланысты туындай-
ды. Дәм түйсігінің негізгі төрт түрі 
бар. Олар – тұзды, қышқылды, тәтті 
және ащыны сезу. Дәм сезуге, әдет-
те, иіс түйсіктері, кейде жанасуы, жы-
лы, салқын және ауырсыну түйсік-
тері қосылады. Дәм, иіс түйсіктері 
бірімен-бірі араласып жатқандықтан 
адам көп жағдайда дәмді дұрыс айы-
ра алмайды. Тұмауратқан адамның 
дәм айыруы бәсең болады. Тәттіні –
тілдің ұшы, ащыны – тілдің түбі, 
қышқылды – тілдің екі жақ шеті, тұз-
ды – тілдің ортасы айырады. Егер кі-
сі қай нәрсені болмасын, тілдің ор-
тасына салса, ол көпке дейін оның 
дәмін ажырата алмайды. Жас бала-
да дәм түйсігі ерте дамиды. Дәм түй-
сіктері адам психологиясына түрлі-
ше әсер етеді. Тәбет – дәм жүйкесін 
қоздыратын психикалық акт. Асты 
көңіл қойып, сүйсіне ішу адамға жа-
ғымды әсер етеді. Дәм түйсігі нақ-
ты іс-әрекетке орай дамып отыра-
ды. Мәселен, тамақ кәсібінде істей-
тіндердің (дегустатор) дәм түйсігі 
ерекше жетіледі. Дәм сезуде кон-
траст құбылысы да орын табады. 
Мәселен, қант ерітіндісінің тәтті дә-
мін түйсіну тұздың аз мөлшерінің 
қосындысынан күшейеді. Дәм сезу
түйсіктері вегетативтік жүйке жүйе-
сі арқылы эмоциялық көңіл күйге 
әсер етеді. Дәм сезу, иіс сезу сияқты 
басқа рецепторлық жүйелердің та-
балдырықтарына, мәселен, ол көз бен 
естудің өткірлігіне, тері сезгіштігі
мен проприоцепторларға әсер етеді.
ДӘСТҮР
– тарихи тұрғыда қалып-
тасқан және ұрпақтан-ұрпаққа бері-
ліп отыратын біршама жүйеге түс-
кен мінез-құлық нысандары, ол бел-
гілі әдет-ғұрып, ереже, құндылықтар 
жиынтығы. Д. адамдардың өмірлік 
әрекетін реттеудің маңызды факто-
ры, ұлттық тәрбие негізі болып та-
былады. Ұлттық салт пен дәстүрдің 
тууы ұлттың ұлт болып қалыптасуы-
на байланысты. Қазіргі зерттеушілер 
қазақ ұлтының алғаш пайда болуы 
ХІV-ХV ғасырлардан басталады деп 
жүр. Олай болса, сол дәуірден бер-
мен қарай қазақтың көптеген әдет-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет