154
13 жасында үздік бітіріп, он төрт жа-
сында университеттің екінші курсы-
на түседі. Мұндай мысалдарды көп-
теп келтіре беруге болады.
Д. – адамның сәби кезінен байқала-
тын
ерекше қабілеттілігі, өнердің
бір түріне туа бейімділігі. Қабілеті
жан-жақты дамыған адамды дарынды
деуден гөрі қабілетті деу орынды. Д. –
туа бітетін ерекше қасиет. Дарынды
балалар зейінді, зерек, алғыр, ширақ
келеді. Олар қиын жұмысты жан-
тәнімен беріліп істейді. Д. атадан ба-
лаға, немереге, шөбереге қан арқылы
берілуі де мүмкін. Д. балаға білім бе-
руде туа
біткен алғырлық қасиеттің
тәрбие жүйесіндегі әдіс-тәсілдермен
бірлесе келіп, жеке тұлғаны қалып-
тастыруда ықпал етуінің нәтижелік
көрінісі. Адамның білуге деген ын-
та-ықыласының
бала бойында туа
біткен алғырлық қасиетімен ұшта-
суын ақыл-ой қабілетінен байқауға
болады. Д. белгілі бір іс-әрекетке же-
тістікке жету шарттары. Д. ғылыми
психологияда
көбінесе ақыл-ой қа-
білеттілігінің және ақыл-ой потен-
циалының жүйесі ретінде түсініледі.
ДӘМ СЕзУ АДАПТАЦИЯСЫ
(ТҮЙСІКТЕРІ).
Дәм сезу түйсігі
иіс сезу сияқты заттардың химиялық
қасиеттеріне байланысты туындай-
ды. Дәм түйсігінің негізгі төрт түрі
бар. Олар – тұзды, қышқылды, тәтті
және ащыны сезу. Дәм сезуге, әдет-
те, иіс түйсіктері, кейде жанасуы, жы-
лы, салқын және ауырсыну түйсік-
тері қосылады. Дәм, иіс түйсіктері
бірімен-бірі араласып жатқандықтан
адам көп жағдайда дәмді дұрыс айы-
ра алмайды.
Тұмауратқан адамның
дәм айыруы бәсең болады. Тәттіні –
тілдің ұшы, ащыны – тілдің түбі,
қышқылды – тілдің екі жақ шеті, тұз-
ды – тілдің ортасы айырады. Егер кі-
сі қай нәрсені болмасын, тілдің ор-
тасына салса, ол
көпке дейін оның
дәмін ажырата алмайды. Жас бала-
да дәм түйсігі ерте дамиды. Дәм түй-
сіктері адам психологиясына түрлі-
ше әсер етеді. Тәбет – дәм жүйкесін
қоздыратын психикалық акт. Асты
көңіл қойып, сүйсіне ішу адамға жа-
ғымды әсер етеді. Дәм түйсігі нақ-
ты іс-әрекетке орай дамып отыра-
ды. Мәселен, тамақ кәсібінде істей-
тіндердің (дегустатор) дәм түйсігі
ерекше жетіледі.
Дәм сезуде кон-
траст құбылысы да орын табады.
Мәселен, қант ерітіндісінің тәтті дә-
мін түйсіну тұздың аз мөлшерінің
қосындысынан күшейеді. Дәм сезу
түйсіктері вегетативтік жүйке жүйе-
сі арқылы эмоциялық көңіл күйге
әсер етеді. Дәм сезу, иіс сезу сияқты
басқа рецепторлық жүйелердің та-
балдырықтарына, мәселен, ол көз бен
естудің өткірлігіне,
тері сезгіштігі
мен проприоцепторларға әсер етеді.
ДӘСТҮР
– тарихи тұрғыда қалып-
тасқан және ұрпақтан-ұрпаққа бері-
ліп отыратын біршама жүйеге түс-
кен мінез-құлық нысандары, ол бел-
гілі әдет-ғұрып, ереже, құндылықтар
жиынтығы. Д. адамдардың өмірлік
әрекетін
реттеудің маңызды факто-
ры, ұлттық тәрбие негізі болып та-
былады. Ұлттық салт пен дәстүрдің
тууы ұлттың ұлт болып қалыптасуы-
на байланысты. Қазіргі зерттеушілер
қазақ ұлтының алғаш пайда болуы
ХІV-ХV ғасырлардан басталады деп
жүр. Олай болса,
сол дәуірден бер-
мен қарай қазақтың көптеген әдет-
Достарыңызбен бөлісу: