156
жүргізілетін тәлімдік дәстүрлер (шіл-
дехана, ат қою,
қырқынан шығару,
бесікке салу, тұсау кесу, атқа мінгізу,
сүндетке отырғызу т.б.), қыз бен ұлды
келешекте жанұя құруға, шаруашы-
лық пен
еңбекке бейімдеуге арнал-
ған жөн-жосықтар;
Екіншісі – қазақтың киіз үйі, оның
жиһаздары, ұлттық киімдер мен та-
ғамдар, мал бағу, егіншілік, аңшылық,
т.б. кәсіптерге баулудың тәлімгерлік
түрлері кіреді.
Оның үшінші
тобына адамдардың
туыстық қарым-қатынасы, шешендік
сөз өнері, ұлттық музыка аспаптары,
жар таңдау, отау тігу, қонақ күту, олар-
ға сый-сияпат жасау, айтыс, көкпар,
қыз ұзату, өлік жөнелту т.б. жатады.
Ұрпақ тәрбиесі – келешек қоғам мұ-
рагерлерін тәрбиелеу мемлекеттік
маңызы зор, аса жауапты іс. Дені
сау, сезімі сергек, ақыл-ойы жетілген
«сегіз қырлы, бір сырлы» абзал аза-
мат өсіру мәселесі халқымыздың ға-
сырлар бойғы ой-арманы болып кел-
ді және солай бола бермек.
ДЕДУКЦИЯ
(лат.
deductio
– қаз.
шығару
) – білімнің көбіне жалпы-
дан
жекеге қарай көшуі, салдардың
алғышарттардан шығарылуы; ғылы-
ми танымда дедукция индукциямен
ажырағысыз байланысты.
Психоло-
гия дедукциялық пайымдаулардың
дамуы мен бұзылуын зерттейді.
Білімнің көбінесе жалпыдан кемірек
жалпыға қарай қозғалысы оның бар-
лық психикалық процестермен, тұ-
тас алғандағы ойлау қарекетінің құ-
рылымымен шарттастылығында тал-
данады. Дедукциялық пайымдаулар-
ды эмпириялық зерттеулердің, мыс.,
алғышарттарға
және олардан шыға-
тын қорытындыларға деген сенімнің
талдануы болып табылады. Д. жал-
пы білім негізінде белгілі бір объект
туралы жаңа білім тұжырымдалатын
ой қорытындыларын пайдалану. Мұн-
да материалға сәйкес логикалык про-
цесс пен мазмұндау жолы жалпы
қағидалардан басталып,
оларды сол
немесе басқа нәрсеге пайдаланумен
аяқталады. Д. жалпыдан жекеге қа-
рай дамитын ой қорытындысы, логи-
калық ойлау формасы. Дедукциялық
ойдың кең тараған түрі – силлогизм.
Екі немесе бірнеше пікірлердің бай-
ланысы нәтижесінде жаңадан бір пі-
кір шығару.
Достарыңызбен бөлісу: