172
хологиялық құрылымын, олардың
қарым-қатынас, еліктеу, иландыру,
нұсқамалар механизмдерін, дінге
сенушілердің санасына, сезіміне және
мінез-құлқына әсер-ықпалын зерт-
тейді; 4) діни табынушылық психо-
логиясы діни ғұрыптардың адам пси-
хикасына әсер-ықпалын зерделейді;
5) атеистік тәрбиенің педагогикалық
психологиясы атеистік дүниетаным-
ды қалыптастырудың принципте-
рін талдап белгілейді.
ДЮРКГЕЙМ ЭМИЛЬ (1858
-
1917)
–
фр. социологы және философы; пози-
тивист, Конттың ізбасары, Сарбонна
университетінде проф. Д-нің пайым-
дауынша, социология заңдары қоғам
мен жеке адамның психикалық заң-
дарынан айырмашылығы бар ерек-
ше рухани құбылыс ретінде зертте-
луге тиіс; Ғалым әлеум. жағдайлар –
адам санасына әсер ететін (құқыққық,
моральдық, діни сезімдер, әдет-ғұ-
рыптар және т.б.) ұжымдық сана,
топтық түсініктер болып табыла-
ды дейді. Қоғамдық дамуды Д. үш
фактордың әсері арқылы түсіндіреді:
халықтың қоныстану тығыздығы, қа-
тынас жолдарының дамуы, бір-
лескен ұжымдық сана. Кез келген
қоғамға әлеуметтік ынтымақтастық
тән. Қауымдық қоғам кезінде ын-
тымақтастық пен тектестілікке не-
гізделген қарапайым сана болды. Қа-
зіргі кезде ынтымақтастық қоғам-
дық еңбекті бөлісіп таптық сипатқа
негізделген «органикалық сипат»
алды, дін қоғамдық өмірдің маңызды
жағы. Қоғам дін арқылы өзін құдірет-
ті етеді. Негізгі еңбектері: «Қоғам-
дық еңбектің бөлінісі туралы» (1893);
«Социология әдісі» (1895); «Діни өмір-
дің қарапайым формалары» (1912), т.б.
ЕБЕДЕЙСІзДІК
– субъекттің өзі
белгілеген іс-қимыл бағдарламасын
жаңа жағдайларда өзгертуді қиын-
сынуы (мүлдем өзгерте алмауға дейін
баруы). Е.
Когнитивтік, аффектілік
және мотивациялық Е.
деп сарала-
нады.
Когнитивтік Е.
жағдаят өз-
гергенде қабылдаулар мен түсініктер-
ді қайта құрудың қиындықтарында
байқалады.
Аффектілік Е.
эмоция-
лардың өзгермелі объектілеріне аф-
фектілік (эмоциялық) жауаптардың
қасаңдығынан білінеді.
Мотивация-
лық Е.
субъекттің икемділікті және
мінез-құлық сипатын өзгертуді талап
ететін жағдайларда түрткілер жүйе-
сін өте сылбыр қайта құрудан көрі-
неді. Субъект байқататын Е. деңгейі
оның тұлғалық ерекшеліктерінің ор-
таның сипатымен өзара әрекеттес-
тігінен туындайды; оған алда тұрған
міндеттің күрделілік дәрежесі, субъект
үшін оның тартымдылығы және т.б.
қамтылады.
Достарыңызбен бөлісу: