Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет175/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb
LGATOMAKKZWS16042024012314
ДУЛА
ДУЛА


168
қанын жазықсыз төгу. Күнәһарлық-
тың келесі бір түрі -зинақорлық, яғ-
ни ойнасқорлыққа салыну.
Күнәнің үлкен түрі жетім-жесірлер-
дің мал-мүлкін иемденіп кету, сон-
дай-ақ қолдағы барды ысырап етіп, 
орынсыз шашып-төгу. Соғыс дала-
сынан қашқан қорқақтар да күнәһар 
болып табылады. Пайғамбар хадис-
терінде «соғыста шейіт болған адам 
бар күнәсынан арылады» делінген. 
Күнәнің енді бір түрі – ата-ананы 
тыңдамау, олардың тілін алмай зар 
қаққызу. Тәнін таза ұстамайтындар да, 
өздігінен тәртіпке бой ұсынбайтын-
дар да күнәһарлар болып табылады.
Әлеуметтік психология тұрғысынан 
Мұхаммед Хайдар Дулатидің ел бас-
шысына қоятын 10 шарты да ерек-
ше көңіл аударарлық. Бұлар: өзін 
басқа біреудің көзқарасы тұрғысы-
нан байқау, мұсылманшылықты ерек-
ше қадір тұту, сән-салтанатты қумау, 
қарапайым адамның өмір салтын 
ұстану, халыққа қатаң болып зәбір 
көрсетпеу, өзіне деген халық наза-
рын қоздырмау, елді қауіп-қатерге 
орынсыз ұшыратпау, діндар адам-
дармен ақылдасу, дандайсушылық 
пен жемқорлыққа салынып, халықты 
өзінен үркітіп алмау, әскер басшы-
лары мен уәзірлердің рахымсыздық 
қасиеттеріне жол бермеу, ылғи да 
келелі істің түбірі мен түйінін тауып, 
көрегендік көрсету.
Екінші, үшінші шарттар дін өкілдері-
нің пікірлеріне құлақ түру, дүние-
мүлікті ағыл-тегіл ысырапқа ұшы-
ратпау, сән-салтанат қумау, қарапайым 
адамның тұрмыс-салтын ұстануға 
келіп тірелсе, төртінші шарт халыққа 
орынсыз қатаң болып, кез келгеннің 
сөзіне ермеу, кедей-кепшікпен пікір-
лесуден арланбау, жеңілтектікке са-
лынбау сияқты этикалық мәселелер-
ді алға тартады.
Бесінші шартта Дулати «елбасы жар-
лық шығарарда әділдік пен ақиқатты
аттап, шариғатқа сыйыспайтын мә-
селені көтермеуі қажет», – дейді. Осы 
жерде айта кететін бір жайт, Дағыстан 
мен Шешен жұртында күрделі мәсе-
лелерді шешуде шариғатқа жүгіну 
орын ала бастады. Бірақ Қазақстан 
секілді әртүрлі дін ағымдары бар 
елде мұндай саясатты ұстау қиын. 
Мұсылман елінің басшылары жұрт-
тың бәріне бірдей жаға бермейді. Сон-
да да болса Аллаға тіл тигізбей, оны 
ылғи ауызға алып отырулары қажет.
Бесінші, алтыншы шарттарда елба-
сының халыққа қадірлі, құрметті бо-
луы оның елді қатерге ұшырататын 
нәрселерді үнемі таразыға салып, 
осыған орай ішкі, сыртқы саясатты 
дұрыс жүргізе білуіне байланысты 
екені айтылады. Осы мәселенің ұлы 
бабамыз Әбу-Насыр әл-Фарабидің 
«Азаматтық саясат», «Бақытқа жету 
жолында», «Мемлекеттік қайраткер-
дің афоризмдері» деген еңбектерін-
де де ерекше сөз болғаны белгілі. 
Мұхаммед Хайдар Дулатидің басшы 
біткенге қоятын жетінші шарты –
беделді кісілерді тауып, олардың 
ақыл-кеңестерін тыңдауды әдетке 
айналдыру.
Сегізінші шарт бойынша елбасы ба-
рынша қайырымды, әділетті болып,
жарлы-жақыбай, кедей-кепшіктер-
ге жанашырлық көрсетсе, жұрт ара-
сындағы қадір-қасиеті артады.
Тоғызыншы, оныншы шарттарда
Дулати елбасының мәселенің түбірі 
мен түйінін таба білу, бұларды ту-
дырған себептерді дұрыс талдай 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет