Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет173/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb
LGATOMAKKZWS16042024012314
ДУЛА
ДУЛА


166
туатындығын алдын ала топшылап
бұларға жол бермеуді қарастырады. 
Мұхаммед Хайдар Дулати ел бас-
шысына тән осындай қадір-қасиет-
терді дәріптеп, бұларды келер ұрпақ-
қа аманат етуді ойластырған сияқ-
ты. Ғалымның пікірінше, 
ел басшы- 
сы өзінің бар күш-қуатын өз халқы- 
ның мүддесі үшін жұмсауы тиіс. 
Оның жаны ізгілікке толы болуы 
шарт. Көздейтіні – байлық емес
жарқын болашақтың асқаралы шы- 
ңына ұмтылу.
Мұхаммед Хайдар Дулати пікірінше, 
жарқын болашақтан үмітін үзбеген
ел басшысын көпшілік әр кез қол-
дайды, соңынан ереді. Жұрттың кө-
ңілінен шыққан басшы ғана елді дұ-
рыс басқара алады.
Елді басқарудың ең негізгі мәні – ха-
лық сеніміне шүбәсіз ие болу, өзіне 
әділдік пен ізгілікті, қайырымдылық-
ты серік ету. Ол болашақты, жақсы
заманды қиялдаушы ғана емес, сол 
үшін бар өмірін сарп етіп, соған же-
ту үшін маңдай терін төгетін адам.
Тегінде, мейірімді жүзінен нұр шаш-
қан елбасы елге – құт, ал жаман бас-
шы – жұт. Ерен басшы текті келеді,
ол – көпті көрген, ез бен ерді бір-
ден ажырататын, жұрттың бос қол-
паштауын қажет етпейтін адам. Мұн-
дай тұлғалар туралыққа, әділдікке
адалдыққа, шындыққа ерекше мән 
береді. Бұлардың басты кредосы –
дін мен сенім. «Дін мен сенімді ме-
дет тұтқан адам ғана ұлағаттық атты 
иеленеді». Дін мен сенім – биліктің 
қос бабы. Ол – тұлғаның ары мен 
намысы, ел алдындағы парызы мен 
қарызы.
Дін мен сенім жүрген жерде тірліктің 
түбірі мықты болады. Дулатидің дін 
туралы, әсіресе дін психологиясы 
жайлы көзқарастары арнайы зерт-
теуді қажет етеді. Ғұламаның бұл 
бағыттағы ізденістеріне зер салсақ, 
одан біраз мағлұматтарды аңғаруға 
болады. Бұл туралы белгілі ғалым 
М.Мырзахметұлы: «Сол кездегі ис-
лам дінінің Орта Азиядағы жағда-
йы, қоғамдағы саяси-әлеуметтік кү-
рестегі орны, түрік халықтары ара-
сында кеңінен таралған Нақышбан-
диа, Насауия, Уванш ордендері мен 
теріс жолға түскен «Нурбахши», «Ша-
масин» секталары туралы, яғни жал-
пы суфизм жайлы терең ойлар қоз-
ғап, көп нәрселерден хабардар ете-
ді», – дейді. Мұхаммед Хайдар діни 
қызметкер болмаса да, сол кезеңдегі 
қоғамның рухани болмысын терең 
сезініп, ислам діні мен сопылық ағым-
ның табиғатынан, дін жолындағы 
ғалымдардың жазғандарынан хабар-
дар болғаны байқалады. Сол себепті 
ғұлама шығармасындағы ислам діні 
мен сопылық жайлы ой-танымын, ірі 
шейхтер мен маулана атанған діни 
ғалымдар жайлы пікірлерін ғылы-
ми тұрғыдан танып білудің айрықша 
мәні бар деп білеміз.
Дулати негізінен сопылық жолдағы 
шейхтер мен ғалымдарға біраз тоқ-
талып, олар жайлы деректерді жиі 
келтіреді. Ғұлама шығармасы арқы-
лы шейх, имам, мауланалар (молда-
лар) өмірі, олардың ұстанған діни 
ағымдары жайлы біраз мағлұмат алу-
ға болады. Дулатидің еңбегінде кө-
бінесе сөз болатын ғұламалар: Аб-
драхман Жами, Әлішер Науаи, Сайфи, 
Хафиз Али, т.б. Шығармада Абай 
көп айтатын ғұлама – Диуани тура-
лы біраз мағлұмат беріледі. Мұхаммед 
Қазидің «Сисилет ал-арифин» (Ге-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет