Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет182/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb
LGATOMAKKZWS16042024012314
ЕЛЖА
ЕЛІК


175
лық өте күрделі, оған механикалық 
процесс деген түсінік беруге болмай-
ды. Еліктеудің мұндай түрі бала оның 
топтағы әлеуметтік моделін реттейтін 
негізгі ережелерді білуі керек деп 
түсіндіреді. Бұл терминді жеңілдету 
үшін көбінесе «үлгілеу» термині 
қолданады. Е. үлгі тұтатын объекттің 
қылықтарын тікелей қайталау нә-
тижесінде болатын үйрену түрі.
ЕНЖАРЛЫҚ 
(
лат. 
passivus 
– әрекет-
сіз) – адамның белсенділікке қара-
ма-қарсы қасиеттерінің бірі. Енжар 
адамда әрекетсіздік, немқұрайдылық, 
ынтасыздық, еріксіздік сияқты және
т.б. қасиеттер көрінеді. Е-қа жетелей-
тін әртүрлі объективті және субъек-
тивті себептер болуы мүмкін. Ондай 
себептердің мәнін игеріп Е-ты же-
ңуге болады. Мұндай мәселелермен 
тәжірибелік психология айналысады.
ЕҢБЕК ПСИХОЛОГИЯСЫ 
– ең-
бек қарекетінің нақты нысандары-
ның және адамның еңбекке деген 
көзқарасының қалыптасуының пси-
хологиялық заңдылықтарын зерт-
тейтін психология ғылымының са-
ласы. Еңбек психологиясының объек-
тісі – индивидтің өндірістік жағдай-
ларындағы және оның жұмыс күшін 
ұдайы өндіру жағдайындағы әрекеті. 
Қазіргі заманғы Е.п. өндіру және 
тұтыну деген ажырамас екі цикл бо-
лады, адам оларда кезекпен және 
тәуелсіз түрде әуелі өндіруші, одан 
кейін тұтынушы ретінде көрінеді 
деген түсініктерден бас тартты. Ең-
бек психологиясының тұрғысынан 
индивидтің жұмыс уақыты мен бос 
уақыты еңбек және жұмыс күшін 
ұдайы өндіру жағдайларымен тығыз 
байланысты.
Е.п-ның негіздері медицинаның, 
физиологияның, техниканың, социо-
логия мен саяси экономиканың ық-
пал-әсерімен қалыптасты. Қайсыбір 
пәннің еңбекті жетілдіру мәселеле-
рін шешуге қатыстырылуы үшін бас-
тау-негіз мынадай қағиданың таны-
луы болды: еңбектің ұйымдастыры-
луы оның өнімділігін еңбекті қар-
қындатудан гөрі көбірек арттырады,
ал жұмыскерге жұмсалатын (оның 
білім алуына, медициналық қызмет-
пен қамтуға, тұрғын үй-тұрмыстық 
және экологиялық жағдайларын жақ-
сартуға) экономикалық шығындар 
өндіріс саласындағы пайда түрінде 
қайтады. Бұл орайда, әрбір пән еңбек 
психологиясын дамытуға, оның мін-
деттерін тұжырымдауға өз үлесін қос-
ты. Е.п-ның өз алдына ғылыми пән 
ретінде қалыптасуының бастамасы 
деп Г.Мюнстербергтің «Психология 
және өндіріс тиімділігі» (1913) және 
«Психотехника негіздері» (1914) ат-
ты еңбектерінің шығуын есептеу қа-
былданған. Еңбекті зерттеуге И.М.Се-
ченов өз үлесін қосты.
Осы арқылы еңбекті ұтымды ұйым-
дастыру және еңбек қарекетін жо-
балау мәселелері зерттеле бастады. 
Алайда еңбек психологиясының эк-
лектикалықтан арылып, өзінің пәнін 
саралап алуына дейін ұзақ уақыт 
өтті. Еңбекті зерттеудің инженерлік 
психология, авиациялық және ға-
рыштық психология, эргономика, 
басқару психологиясы секілді жаңа 
бағыттары қалыптасты. Е.п-ның қа-
зіргі уақыттағы басты-басты міндет-
тері өндірістік қатынастарды жетіл-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет