234
орны ерекше. Оқыту мен оқуда,
жетістікке жету, зерттелетін объекті-
ге зейін қоюдан басталады. Адамның
кез келген мақсатты іс-әрекеті З. ар-
қылы жүзеге асады. З-нің келесі түр-
лері бар: ырықсыз (еріксіз), ырықты
(ерікті) және үйреншікті З. Еріксіз З.
адамның мақсатынсыз-ақ сана заттар
мен құбылыстарға бағытталады. Ерік-
ті З. мақсатты іс-әрекеттерді орын-
даумен байланысты.
Ал үйреншікгі З. адамның іс-әре-
кетінің өмір тәжірибесінде қалып-
тасып отыратын түрі. З. келесі қа-
сиеттерімен сипатталады: көлемі,
бөлінуі, шоғырлануы, тұрақтылығы,
ауысуы, толқуы. З-нің мұндай қа-
сиеттері бір-бірімен тығыз байла-
нысты және іс-әрекет кезінде олар-
дың өзара үйлесімділігі болады. З.
басқа процестерді сүйемелдейтін
субъективтік фактор. З-ді кейде ат-
тенционалды әрекеттер деп те атайды.
З. (А.Р. Лурия) – субъекттің қажетті
ақпаратты таңдап алу, қимыл-қозға-
лыс-тардың таңдамалы бағдарлама-
сын сүйемелдеп, қамтамасыз ету жә-
не осы бағдарламаның ағымын қа-
дағалау процесі. З.-нің негізі ретінде
тұлғаның қызығушылықтары мен
қажеттіліктері, бағдарлары мен ба-
ғыттылығы тұрады. С.Л.Рубинштейн-
нің пікірінше, зейінде сананың зат-
пен байланысы көрініс табады. З.
мен объект өзара әсерде болады. Бір
жағынан, зейін затқа немесе объек-
тіге бағытталады, екінші жағынан,
объект зейінді өзіне аудартады. З-нің
нақты бір объектіге бөлінуі субъек-
тіге, яғни адамға ғана байланысты
емес, сондай-ақ зейінді тудырған
объекттің қасиеттері мен сапаларына
да байланысты. З-нің оянуы – бағдар-
лық-зерттеудің бастамасы. В.И.Стра-
ховтың тұжырымдауынша, шынайы
зейін мен шынайы зейін емеспен
қатар, адамда зейінді болып көріну
және зейінді емес болып көріну де-
ген қасиеттер кездеседі.
Оны ол зейіннің сыртқы формасы
мен оның шынайы күйінің кейде
сәйкес келмеуімен түсіндіреді.
Зейін тітіркендіргіштердің келесі қа-
сиеттерімен ынталандырылады: 1) ин-
тенсивтілігі; 2) жаңалығы; 3) аффек-
тивтілігі.
П.Я.Гальпериннің тұжырымы бо-
йынша: З. – бағдарлық-зерттеулік
іс-әрекеттің негізгі шарты. Өзінің
қызметі жағынан, зейін өзі бағыттал-
ған феноменнің мазмұнын қадағалау
болып табылады. Зейінде қадағалау
белгілі бір белгі, өлшем, үлгі арқы-
лы жүзеге асады.
Ал Л.С.Выготский бойынша, ырық-
ты зейін ұғымдардың, түсініктердің
дамуына байланысты, яғни берілген
жайтта қалай әрекет ету қажеттілігін
түсінуге, жалпы, жағдайды түсіне бі-
луге байланысты. Адамның психи-
калық ұйымдасуының құрылымына
сүйене отырып, зейінді: 1) процесс
(немесе психикалық процестің жағы:
сенсорлық және т.б.) ретінде; 2) күй
(зейіннің шоғырланған күйі) ретінде;
3) тұлғалық қасиет (зейінділік) ре-
тінде анықтауға болады. З-нің функ-
циялары – 1) қазіргі сәтте қажетті
психологиялық және физиологиялық
процестерді белсендіріп, қажетті
еместерін тежейді; 2) ортадан келе-
тін ақпараттың мақсатты, ұйымдас-
қан түрде сұрыпталуын қамтамасыз
етеді; 3) белсенділіктің бір объектіде
ұзақ уақыт шоғырлануын қамтама-
сыз етеді.
Достарыңызбен бөлісу: