26
күй адамның жасымен байланысты
және шамамен 30 жастан 50 жас
аралығын қамтиды. Кейбір творчес-
тволық тұлғаларда ол әрі қарай да
жалғасуы мүмкін. Математика сала-
сында ең жоғарғы жетістіктер 30 жас-
қа келеді, ал көркем әдебиетте – 50
жастан кейін және т.б. А. күйінен ке-
йін адамның организмінде инволю-
циялық
процестер пайда болады. Бұл
олардың кейбір физиологиялық және
психологиялық функцияларының әл-
сіреуінде, еңбек қабілетінің төменде-
уінде және т.б. көрініс табады. Адам
жетілуінің жоғарғы шыңы (акме) –
оның өмірінің ұзақ уақытын қамти-
тын кезеңнен тұратын және әрқашан
да оның қаншалықты азамат, белгілі
бір іс-әрекет саласының маманы ре-
тінде қалыптасуын білдіреді. Сонымен
қатар, акме ешқашан тұрақты болып
табылмайды, ал ол аз немесе көп ва-
риативтілікпен, өзгергіштікпен айрық-
шаланады. Антикалық өмірбаяндар-
да «акме» деп өмір мен шығармашы-
лықтың жоғарғы нүктесін, ең жақсы
кезеңін атаған. Қазіргі заманғы ак-
меологияны – «гүлдену кезеңі» жөнін-
дегі ғылымды – ең алдымен, әртүрлі
мамандықтардағы адамдар қай жаста
оған жететіні және осы деңгей қан-
ша уақыт тұра алатыны қызықтыра-
ды. А. басты проблемасы болып та-
былатын – ол өмірдің белгілі бір ке-
сіндісі емес, ал кез келген кезеңді гүл-
дендіре алатын жасампаздың өзінің
рухының күйі.
АКМЕОЛОГИЯ –
адамның кемел-
дену кезеңінде, әсіресе оның осы
жастың едәуір жоғары жетістіктеріне
жету жағдайындағы даму феномено-
логиясын, заңдылықтары мен меха-
низмдерін зерттейтін жаратылыста-
ну, қоғамдық және гуманитарлық пән-
дердің түйісуіндегі ғылым саласы. А.
ұғымын жетілген адамдардың дамуы
жөніндегі ғылым ретінде ең алғаш
1928 жылы Н.А.Рыбников ғылыми
айналымға енгізді. А. маңызды проб-
лемалардың бірі – адамның кемел-
денген жасында өзін-өзі жан-жақты
көрсете білудің алғышарттарын жа-
сайтын оның жас кезінде қалыптасуы
қажет сипаттамаларды айқындау.
Адамның 50 жастан кейін де тұлға-
сының сақталып, шығармашылық қуа-
тын арттыруда әртүрлі психофизио-
логиялық жаттығуларды, аутогенді
жаттығуларды, сондай-ақ түрлі ойын-
дарды, ақыл-ой еңбегін, музыканы қол-
данудың тиімділігін дәлелдейтін
зерттеулер де бар.
АКСЕЛЕРАЦИЯ
– соңғы 100-150
жылдар ішінде балалар мен жасөс-
пірімдердің соматикалық дамуы мен
физиологиялық жетілуінің тез жүруі.
А. дененің салмағы мен көлемінің ар-
туында, жыныстық жылдам жетілуде
көрініс табады. Соңғы зерттеулердің
статистикалық мәліметтеріне сүйен-
сек, соңғы жүз жыл ішінде балалардың
туғандағы бойының ұзындығы шама-
мен 0,5-1 см-ге, ал салмағы 100-200 г
өсті; 5-7 жастағы балалардың бойы
әрбір он жылда 1,5 см, ал салмағы
0,5 кг өседі; мектеп жасындағы ба-
лалардың бойы 10-15 см өскен. Жы-
ныстық жетілу орташа алғанда 1-2
жасқа ерте басталады. Кейбір дәстүр-
лі қатынастардың, оқыту-тәрбие жағ-
дайларының сақталуы жағдайында
мұндай жасөспірімдерде психоло-
гиялық бөгеттер мен шиеленістер,
мінез-құлықтың аффективті түрі кө-
Достарыңызбен бөлісу: