252
ға бесенеден белгілі болып отыр.
Елімізде осы ғылым саласында 1993-
2010 жылдар арасында 3 жерде дис-
сертациялық кеңес (ҚазҰПУ, Тұран,
ҚазҰУ) жұмыс істейді.
Бұларда 70-тен астам кандидаттық,
30-ға жуық докторлық диссертация-
лар қорғалды. Бір әттеген-айы осы-
нау ғылыми ізденістердің біразы (мо-
нография, оқулық, оқу құралдары
т.б.) ТМД елдерінде, әсіресе, Ре-
сейде жарияланған зерттеулердің қа-
зақша аудармасы, не болмаса олар-
дың жергілікті жағдайға байланыс-
ты ішінара өзгертілген (модифика-
цияланған) түрі болып келеді.
Мәселен, суицидке байланысты, мі-
нез-құлықтың ауытқушылығы мен
өзін-өзі бағалай білуге байланысты
қорғалған диссертациялардың ТМД
елдерінде қорғалған жұмыстардың
қазақша варианты деуге дәлеліміз
жеткілікті.
Бұлардан ұлттық психологиялық ерек-
шеліктер байқалмайды. Бізде педа-
гогикалық психология мәселелерін эт-
нопсихологиялық аспектілермен бай-
ланыстырып зерттеу жүргізуге ұм-
тылыс бар. Бірақ бұларда әлемдік
этнопсихологияның мәселелері кө-
бірек сөз болады да, қазақ ұлтына
тән ғылыми түйіндер жол-жөнекей,
үстірт қарастырылады.
Ұлттық психология мәселелерінің түр-
лі аспектілерін зерттеуде педагогика
ғылымы саласындағы әріптестері-
мізді үлгі тұтқанымыз абзал. Өйт-
кені олар өз зерттеулерінде бұл мәсе-
леге ерекше мән беріп келеді. Ал
психологияда мұндай жағдай, жоға-
рыда айтқанымыздай жоқтың қасы.
Осы айтқандарды ескере келе ал-
дағы жерде ерекше ескеретін басты
инновациялық бір мәселе – ол ұлт-
тық психологияның тестілерді жасау
мәселесі. Қазіргі кезде тестілік зерт-
теудің ауқымы бізде тесттер оқу ағар-
ту саласында жыл сайын ҰБТ деген
атпен қолданысқа түсіп жүр.
Ал мұның ұлттық психологиялық
мазмұнын анықтау күні бүгінге дейін
психолог ғалымдардың назарынан
тыс қалып келеді. Осы мәселені со-
нау 1932 жылдың өзінде қазақ пси-
хологиясының ақсақалы Сәлкен Ба-
лаубаев (1902-1972) Мәскеудің «Пси-
хология» журналында арнайы мәсе-
ле етіп көтерген еді.
Мұның дүниеге келуі – психология-
да үлкен жаңалық (инновация) бол-
мақ. Содан бері 80 жылдай уақыт
өтіпті.
Ал бұл салада ешқандай қозғалыс
байқалмайды. Айта берсек шешуін
күтіп отырған осы секілді ұлттық пси-
хологиялық мәселелер шаш етектен
деуге болады.
Мұндай жағдайда Қазақстан психо-
логиясындағы инновациялық серпін
туралы айту қиын.
ИНСАЙТ
– (ағылш.
insight –
түсі-
ну) – 1) неғұрлым жалпы мағынасы
– бір нәрсені іштей сезу, ішкі түйсік;
2) стандартты жағдайда – кез келген
өзіндік сана-сезім немесе өзіндік ұғы-
ну; 3) психотерапияда – біреудің бұ-
рын аңғарылмаған психикалық кү-
йін түсіну немесе білу; 4) еске түсір-
мей-ақ, бұрынғы тәжірибеге сүйен-
бей, бір нәрсені жаңадан дұрыс аңғару;
5) гештальтпсихологияда – пробле-
малар сол арқылы шешілетін про-
цесс. Бұл орайда И. шешімге сәйкес
адамға байланысты түсіндіруге мүм-
кіндік беретін модельді немесе оқиға
Достарыңызбен бөлісу: