Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет288/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   284   285   286   287   288   289   290   291   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb

КөРНЕКІ-ӘРЕКЕТТІК ОЙЛАУ 

тәжірибелік мәселелерді заттар кө-
мегімен, көпшілік бақылауында ше-
шу үрдісі мен әдістерінің жиынты-
ғы ретінде ойлаудың түрі. К.-ә.о. –
мәселені шешу жағдаятын шынайы 
түрлендіретін, бақыланатын қозға-
лыстық әрекет арқылы іске асатын 
ойлау түрі. Көрнекі – бейнелік ойлау –
шынайы практикалық әрекеттер жа-
самай-ақ, бейнелік мәселелерді көп-
шілік бақылауында шешу үрдісі мен
әдістерінің жиынтығы ретінде ой-
лаудың түрі. К.-ә.о. – жағдаят тек 
бейне жоспарында ғана түрленетін 
ойлау түрі.
КөРУ ТҮЙСІКТЕРІ – 
көру түй-
сіктеріне түсті және жарықты біл-
КөПШ
КөРУ


275
діретін түйсіктер жатады. Біздің 
түйсінетін түстеріміз хроматикалық 
және ахроматикалық деп екіге бөлі-
неді. Хроматикалық түстерге кемпір-
қосақтың түстері жатады: қызыл, 
сары, жасыл, көк, қара көк, күлгін. 
Бұл түстердің арасында хроматика-
лық түстердің көптеген белгілері 
кездеседі. Ахроматикалық түстерге 
ақ, қара және олардың арасында 
орналасқан барлық қоңыр түстер 
жатады. Көру түйсігінің органы көз
 
болып табылады.
Ол негізінен көз алмасынан және 
одан шығатын көру жүйкесінен тұ-
рады. Көз алмасы үш түрлі қабаттан 
тұрады: сыртқы, тамырлы, торлы. 
Сыртқы қабаты – белокты, алдыңғы 
бөлігі ашық шығыңқы аясына өтеді. 
Сыртқы қабаттан кейін тамырлықа-
бат орналасқан, оның алдыңғы бө-
лігі түсті қабат деп аталады. Түсті 
қабаттың түсіне қарай біз көзімізді 
көк, қара, қоңыр және т.б. деп атай-
мыз. Түсті қабаттың ортасында 

қа-
рашық орналасады, ол арқылы көз-
дің ішіне жарық өтеді. Қарашық кеңе-
йіп және тарылып отырады, ол жа-
рықтың күшіне байланысты. Үшінші 
қабаты 

торлы қабат көз алмасы-
ның бүкіл бөлігінің жоғары жағын 
алып жатыр. Қарашық пен түсті қа-
баттан кейін екі жақты іспектеу кел-
ген анық дене 

хрусталик орналас-
қан, онда жарық сәулелері жинақ-
талады, сынады және оның нәтиже-
сінде торда бейнелеу пайда болады. 
Қастың бұлшық еттерінің арқасында 
хрусталик бірде ерекше тегіс болады 
да, бірде іспектеу келеді. Көретін зат 
қашықтаған сайын хрусталик түгел-
ге дерлік тегіс болады, ал зат жақын-
даған сайын хрусталик шар тәріздес 
түрде болады. Көз алмасының барлық 
іші хрусталик пен торлы қабаттың 
арасы ерекше ашық сұйық затпен 
толтырылған, оны әйнек тәріздес де-
не деп атайды. Түс және жарық түй-
сіктерін алу үшін тордың атқаратын 
мәні орасан зор. Торда көру жүйкесі-
нің тармақтары орналасқан.
Бұл тармақтар ерекше жүйке жасу-
шаларының таяқшалар және шақ-
шалармен
 
аяқталады. Адам көзінің 
торында 130 миллионға тарта таяқша 
мен 7 миллион шамасында шақша 
кездеседі. Шақшалар әлсіз сезімтал 
келеді, шақшалардың көмегімен тек 
ғана күндізгі ашық жарықта көре 
алады. Бірақ олар сәуле торында бі-
рыңғай орналаспаған. Шақшалар сәу-
ле торының ортасында орналасады 
да шеттеген сайын оның саны азая 
түседі.
Ал таяқшалар сәуле торының шет-
терінде болады да ортасына жақын-
даған сайын тіптен азаяды. Шақ-
шалардың көмегімен хроматикалық 
түстерді түйсіну іске асады. Сондық-
тан да шақшаларды күндізгі түстер-
ді көру құралы деп атайды. Таяқша-
лар, керісінше, жарыққа ерекше се-
зімтал келеді, олардың көмегімен біз 
түнде, қараңғыда және жалпы әлсіз 
жарықта көре аламыз. Таяқшалар –
қараңғыда көру құралы болып есеп-
теледі. Таяқшалар ахроматикалық 
түстерді ажыратуға бейімделген бол-
са, шақшалар неше түрлі хроматика-
лық түстерді ажыратуға бейімделген-
дігін аңғару қиын емес. Қараңғы түс-
кенде біз түстерді ажырата алмай-
мыз. Бұл заңдылық бойынша түстерді 
ажырата алмайтын адамдардың көз-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   284   285   286   287   288   289   290   291   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет