313
айтады. Мәселен, қатты ашу керне-
ген адам кейде жұдырығын түйіп
тістенеді, қабағын түйіп булығады,
демін әзер алып, танауы делдиіп ке-
теді, жүрегі тарс-тарс соғады. Осын-
дай мәнерлі қозғалыстардың әрқай-
сысының өзінше шығу тарихы бар.
Жоғарыда келтірілген мысалдан жа-
уымен (жабайы аңдармен) айқасқа
түсейін деп тұрған адамның келбе-
тін, даярлық белгісін байқауға бола-
ды. Ертедегі адамдар жабайы аңдар-
мен арпалысқа түсердің алдында де-
несін соған бейімдеп алып, сонан ке-
йін айқасатын болған.
Қазіргі адамдар үшін мұндай көрініс-
тер дөрекі, ебдейсіз қимылдар болып
танылады. Мұндай ебдейсіз қимыл-
дар мәдениетті адамның қылығына
ешбір сыйымсыз сипат. Бұған көбі-
несе сотқар, ызақор, кекшіл адамдар
бір табан жақын тұрады.
ҚАРАПАЙЫМ ЭТНИКАЛЫҚ
БІРЛІК.
Негізгі этникалық қауым-
дастықтың ең кіші құрамдас бөлік-
тері. Бұларға шағын этникалық топ-
тар, әртүрлі деңгейдегі (толық, толық
емес) отбасылары жатады. Этнопси-
хологиялық зерттеулерде Қ.э.б. нақ-
ты объект ретінде қарастырылады.
ҚАРАШЕВ ҒҰМАР (1876-1921) –
қазақтың рухани мұрасының дамуы-
на елеулі үлес қосқан, педагогика,
психология ғылымдары саласында
сындарлы ой-пікір айтқан ғұлама тә-
лімгер ақын, кезінде ишан, ақын, қа-
зы атанғанымен, өмірінің соңғы жыл-
дарында ол ағартушылық жолға түсе-
ді. Оның демократиялық көзқарасы-
ның қалыптасуына 1905-1907 жыл-
дардағы бірінші орыс буржуазиялық
төңкерісінің, сондай-ақ орыс, қазақ
ағартушы-демократтарының идеяла-
ры елеулі әсер етеді.
1910-1918 жылдары Ғ.Қарашевтың
«Ойға келген пікірлерім», «Өрнек»,
«Қарлығаш», «Тұмыш», «Балатұлпар»,
«Аға тұлпар», «Көксілдер», «Шайыр»,
«Бөдел қажы», «Тұрымтай», т.б. кі-
таптары, өлең-жырлары Орынбор,
Уфа, Қазан қалаларында татар, қазақ
тілдерінде басылып шықты.
Ғ.Қарашев тіл үйрену, білім алу мә-
селелеріне ерекше маңыз береді. Бұл
жайында ақын пікірлерін қысқа да
нұсқа афоризм түрінде келтіріп оты-
рады. Олар: Тіл – көңілдің ашқышы,
Көңіл – жарық, жан – қиял, Бі-
лім – бақтық, Қараңғыда жол қия, т.б.
1919 жылы Орда қаласында «Мұға-
лім» журналы шыға бастағаны белгі-
лі. Оны шығарушылардың бірі және
әдеби редакторы Ғ.Қарашев болды.
«Мұғалімнің» бірнеше нөмірінде оның
«Педагогика» атты еңбегі басылды.
Ол тәлім-тәрбие мәселесін өз ұғымын-
ша қалай болса солай жаза салмай-
ды. Ескі заманда педагогикалық пі-
кірлер айтқан түрлі ойшылдарға (Арис-
тотелъ, Сократ т.б.) назар аударып,
олардың еңбектерін екшеп, талдап жи-
нақтайды. Оның педагогикалық қи-
сындары Сократтан гөрі Аристотель-
ге көбірек жанасады дейтін пікірі
талас тудырмайды.
Ол адамның мінез-құлқын қалып-
тастыруда еңбектің маңызына ерек-
ше мән береді, кімде-кім өзінің міне-
зі және істейтін жұмысы туралы ыл-
ғи да ойланбай тұра алмайды, адам
іс-әрекет үстінде өсіп-жетіледі, мінез-
құлықты дұрыс қалыптастыру үшін
Достарыңызбен бөлісу: