Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет383/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   379   380   381   382   383   384   385   386   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb

МЕН ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ
– же-
ке «Мен» түсінігінен алынған, ұйым-
дастырылған когнитивті құрылым. 
Бұл құбылыстың бес функциясын бө-
ліп көрсетеді: өзіндік
жекелікті анық-
тау; өз қызығушылықтар, симпатия-
лары мен антипатияларын анықтау
жетістікке жетудегі мақсаттарын анық-
тау; орталығында индивидтің өзі бар
қатынастар жүйесін анықтау: өзін-өзі 
бағалау. М.т. – адамның қоршаған 
ортамен әрекеттесуі негізінде қалып-
тасқан, өзін-өзі қабылдаудың, өзін-
өзі түйсінудің, өзін-өзі субъект ре-
тінде анықтаудың тұрақты жүйесі. 
Ол салыстырмалы тұрақты, көп-
түрлі Мендерден, адамның өзіне ба-
ғытталған бағдарларынан тұрады.. 
Жүйе ретінде М.т. тұлғаның өзіне-
өзі жағымды қатынас негізінде іске 
МЕДИ
МЕН


368
асатын, өзін-өзі таныту процесінде 
дамып, жетіледі. Мен тұжырымдама-
ны жүйелі зерттеген психолог-ғалым 
Р.Бернс. Мен тұжырымдаманың ке-
лесі құрауыштарын бөліп көрсет-
кен: когнигивтік, яғни адамның өзі 
жөніндегі білімдері; эмоциялық – 
өзінің психологиялық көңіл күймен, 
өмірлік жағдайымен қанағаттану дә-
режесі; бағалаулық, яғни тұлғаның 
өзі жөніндегі білімдері негізінде өзін-
өзі танып, білуі. А.В.Иващенко М.т.н 
тұлғаның ішкі дүниесінің негізгі өзе-
гі, адамның тұлғалық дамуының нә-
тижесі ретінде қарастырған. Мен тұ-
жырымдаманың реттеу, бейімдеу, 
қорғаныс, талаптану және өзін-өзі
көрсету сияқты қызметтері іс-әре-
кетті, танымы, қарым-қатынасты, мі-
нез-құлықты мақсатқа бағытталған 
түрде ынталандыруға және реттеуге, 
тұлғаның өз-өзіне және сыртқы дү-
ниеге қатынастарының үйлесімділі-
гін табуға бағытталған.
МЕНТАЛИТЕТ
– ұлттың негізі, 
оның ділі, оның тіршілік әрекетін-
дегі тыныс-тіршілігі, ұжымдық үлгі-
лер мен түсініктер орныққан әдет-
тері мен әлем көріністерін қабыл-
дауы т.б.). Ментальдық – жеке адам-
ның рухани
әлеміне әсер ететін, оның 
этномәдениеттік психологиялық ерек-
шеліктеріне сәуле түсіріп отырады.
МИ
– орталық жүйке жүйесінің жо-
ғарғы бөлігі. Ол оң және сол жарты 
шарлардан (ми сыңарлары) тұрады. 
Оның ішінде ақ зат, сыртында сұр
зат (ми қабығы) бар. Ми үш блоктан 
тұрады. Оның біріншісі – энергетика-
лық (сырттан, іштен ақпарат түсе-
тін), екіншісі – ақпаратты қабылдап, 
өңдеп сақтайтын, үшіншісі – бағдар-
лау және бақылау жасайтын блок-
тар. Мида көптеген жүйке орталық-
тары (көру
;
есту, тері, қозғалыс, иіс,
дәм және т.б.) бар. Мысалы, оның 
желке бөлігінде көру орталығы, са-
май бөлігінде есту, төбе бөлігінде 
қозғалыс орталықтары орналасқан. 
Бұлардың жалпы саны 200-ден ас-
там. Ми бірыңғай тұтас мүше
;
ол бей-
не қабылдағыш аспап тәрізді, онда-
ған талдағыштардың ядросынан тұ-
рады. Мида бірнеше қабаттар бар. Мұн-
дағы жасушалар атқаратын қызме-
тіне қарай әртүрлі болып келеді. Жал-
пы саны 16 миллиардқа жуық жүй-
ке талшықтары сезім мүшелерімен 
бүкіл денемен байланыстырып тұ-
рады. Мидың ең төменгі бөлімі –
жұлын (ең ескі ми), оның жалғасы –
сопақша, оған жалғас ортаңғы, со-
сын аралық және ми қабығының ас-
ты (ретикулярлық формация) болып 
бөлінеді. Ми сырт жағынан орай, 
төбе, самай, желке дейтін бөлімдер-
ден тұрады. И.П.Павлов мидағы қо-
зу мен тежелу процесінің заңдарын 
ашқан. Бұлар алғаш пайда болған 
жермен жайылып (иррадиация), ке-
йіннен шоғырланып (концентрация) 
отырады. Қозу мен тежелу өзара ин-
дукция заңы бойынша мидың бір
алабында қозу процесі туса басқа 
бір алабында тежелу
 
процесі туын-
дайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   379   380   381   382   383   384   385   386   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет