АЛМАТЫ ҚАЗАҚ –ТҮРІК ГУМАНИТАРЛЫҚ –ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
«Ағылшын тілі сабағында түрлі ойындарды пайдаланудың жолдары мен тиімділігі»
БББ-0512000
(Бастауыш білім беру: Бастауыш сынып шет тілі оқытушысы )
Алматы 2018 ж
Авторлары (құрастырғандар): Дінсламова Ұ.Ә.
Сын –пікірлері:
- Оқу материалының мазмұнының қызықтылығы, мазмұндылығы:
Мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынастың ерекшелігі.
Мұғалімнің оқу әрекетін ұйымдастырудағы ерекшеліктері.
Бұл тұжырымдаманың үш бөлімінің мазмұнында оқыту әрекетінің әр түрлі жұмыстары, соның ішінде ойынға арналған әрекет бар деп түсінуіміз керек.
- беріліп отырған оқу құралының басқа да оқу құралдарынан айырмашылықтары:
Сабақта қызықтылық материалдарын пайдалана отырып, ойын арқылы оқыту танымдық әрекеттерге үлкен нәтиже беретініне мұғалімдердің немқұрайлылығы, мән бермейтіндігі ақиқат.
Оқушылардың танымдық қабілеттерінің төмендігі білім сапасының нәтижелігіне кері әсерін тигізеді;
- пәннің оқу бағдарламасы мен кәсіби білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес және материалдың ғылыми деңгейі:
Назарбаев Н.Ә. «Жаңа әлемдегі – жаңа Қазақстан»
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді
дамыту тұжырымдамасы.
Қазақстан Республикасының 12 жылдық оқыту мерзіміндегі жалпы
білім беру тұжырымдамасы
Кафедра мәжілісінде қаралған Әдістемелік кеңес мәжілісі «___»_________20___ж. №____хаттама «___»_________20___ж. №____хаттама
Кафедра меңгерушісі_________Аты жөні Әдіскер __________Аты жөні
Мазмұны
Алғыс сөз 3
1 Ойын арқылы оқыту – оқушының қызығушылығын
арттырудың бірден-бір жолы.......................................................... 6
1.1 Ойындар және олардың түрлері.................................................... 7
1.2 Бастауыш сынып оқушылары үшін ағылшын тілі сабақтарында ойынды қолдану әдістемесі және оның маңызы..................................... 9
2. Бастауыш сынып оқушыларының сөздік қорын толықтыруға арналған ойындар ................................................................................................ 11
2.1 Бастауыш сынып оқушыларының грамматикалық материалдарды игеруге арналған ойындар...........................................................................................15
2.2 Ойын сабақ: «Animals»..........................................................18
3. Ойын – оқушының қызығушылығын арттыру жолы................22
Қорытынды.................................................................................. 25
Қолданылған әдебиеттер тізімі...................................................26
Қосымша......................................................................................29
Ойынның педагогикада, оқыту процесінде алатын орны Платон
заманынан белгілі болған. Ойынның оқу процесіндегі маңыздылығы
жөнІнде Я.А.Коменский былай деген екен: "Мектепке - ойынға
асыққандай" бар, ол сондай ғанибет". Ал XVIII ғасырда Ж.Ж.Руссо мен
И.Г.Песталоцци ойын арқылы балаларды болашақ өмірге бейімдеу керек
деп түсіндірген.
Ойынның теориясы мен маңыздылығы К.Д.Ушинский мен П.Ф.Лесгафт та өз үлестерін қосқан. Тәрбиеде жөне оқыту барысында ойынның өз алатын орнын В.А.Сухомлинскнй, С.П.Шацкий және Н.К.Крупская да атап керсеткен.
Сабақ барысында ойынның басты мақсаты - білім беруді ойынмен ұштастыру. Баланың ойынға белсенді түрде қатысуы оның ұжымдағы басқа да әрекеттерін айқындайды.
Ойын дегеніміз не? Бір қарағанда ол қарапайым құбылыс не әрекет іспетті. Ойын міндетгі түрде ұжымдық әрекет. Ойынның ережелері ойнаушылардың іс-әрекеттсрімеи байланысты.
Ойыінның өз деңгейінде өтуі,ойнаушылардың қисынды ой қабілетінің дамуы, бір-біріне деген сыйластық кажеттіліктерімен санасуы әр ойыншының жеке әрекеттерінентуындайды. Ойынның басты шарты - жеңіске жету болса да, әр ойыншы өз қарсыласының мүмкіндігімен санасып, бір-біріне деген сенімін арттырады.
Ойын арқылы оқушы өздігінен жұмыс істеуге үйренеді, ойлау қабілеті дамиды, сөздік қоры баийды. Ойынның негізгі мақсаты – баланықызықтыра отырып, лексико-фонетикалық материалды берік' меңгерту. Сондай-ақ ойын үстінде балалардың ойлау қабілеті, назары, байқампаздық әрекеті, зейіні жетіледі. Оқушлардың тілін дамытьш, ойын жүйелі айта білуге үйрету - мұғалімнің басты парызы. Ойын үстінде оқушының түрліқасиеттері дамып, қабілеті мен белсенділігі ататынын көрнекті педагогА.С.Макаренко кезінде де атап көрсеткен.
Педагогикалық процесті жетілдіруде ойынның алар орнын қазақстандық ғалым Н.Құлжанова да зерттеген. Ойын бала үшін еліктеу, инстинкт, күнделікті негізгі іс-әрекет және оның жеке өмірі деп дәделдеген. Н.Кұжанованың айтуы бойынша ойында әдептілік, тәрбиелік, мақсатта пайдалану - баланың болашақ өміріне түзу жол салу, үлкендерге еліктеуі және өмірдің талаптарына сай бейімделуі басты педагогакалық мақсаттар. Ойындар баланың қисынды ойлау қабілетін және қиялдау (жақсы мағынада) қабілеттерін дамытуға жетелейді. Ғалым "Бала ойында шынығып,
"жұмыс жасап", өсіп жетіледі. Оның ойлау қабілеті жетіліп, қарым-қатынас жасау мүмкіндігі артадьг", - деп атап көрсеткен. Сол
сияқты бала өміріндегі ойынның алатын маңызды орны туралы педагог М.Жұмабаевта өз көзқарасын қалдырған. Ойын - бала үшін өмірлік тәжірибе. Ойын барысында бала өзін қоршаған орта туралы алған білімін пайдаланады. Ойын кезінде - бала терең әсер алып, үлкен белсенділік көрсетіп, қисынды ойлау қабілеті күшейеді, ойынды баланың тілін дамыту үшін де пайдалану керек деп баса айтқан.
Ойын – баланың рухани дамуының негізі, - деп Ж.Пиаже, К.Левин,
Л.С.Выготский, Д.Б.Эльконин, К.Д.Ушинский, А.С.Макаренко,
С.А.Шмаков өз еңбектерінде атап айтқан.
Ал С.А.Шмаков өз монографиясында ойынды екі жақты қарауға болады деген. «Бірінші - ойын ересектерге еліктеу болса, екінші - ол қуаныштың, сергектіктің, ширақтылықтың, өмірдің жоғары әуезділігінің негізі болады”,- деген.
Сонымен педагогикалық процесте ойын арқылы оқушының білімі мен
бейімін, жеке тұлғалық қасиет-қабілеттерін арттыру мүмкіндіктері
зерттелген. Енді осы мүмкіндіктерді бүгінгі педагогикада үлкен орын алып
отырған модулъдік жүйемен ұштастыру ғылыми тұрғыдан қаралмай
отырған мәселе. Ал модульдік жүйеде оқушылар арасындағы еркін қарым-
қатынас жасап, сабақ барысында сайысты ұйымдастыру арқылы
ойынның
барлық тиімді мүмкілдіктерін қолданса,сынып оқушыларының оқу
нәтижесін арттырар еді. Әсіресе, орыс сыныптарында қазақ тілін оқытуда
барлық оқушылардың тіл игеруде модульдік технологияны ойын
әдістерімен ұштастыру кезегі күттірмейтін проблемаға айналады. Өйткені,
жаңа технология - оқыту процесін жетілдіруге, оқушының белсенділігін
арттыруға комектеседі.
Ойын әдістерін - қолдану дәстүрлі сабақтар мен жаңа технология әдістерімен сабақ жүргізуде өз тиесілі орын алады. Модульдік технология жүйелі түрде, терең білім алудың бірден-бір бүгінгі күнгі нәтижеяі оқыту формасы болса, соның өзінде де ойындарды қолдану өз нәтижелерін керсетеді. Модульдік технология жүйесінде ойындар келесі түрге бөлінеді: еліктегіш, проблемалық, сюжеттік, ситуациялық, шығармашылық, рөлдік, шартты рәлдік, іскерлік, өндірістік, формальдық, ұжымдық, сайыстық, нәтижелік.
Модульдік технологияның өзіде әр топ мүмкіндіктерін ескереді, ал
оның нәтижелілігін арттыру үшін ойын әдісі оқушының сабақ барысында еркіндігін шыңдайды. В.М.Кларин өз еңбектерінде ойын модельдерін мынадай бөліктсрге бөлген:
Ұғым (нені қатыстыру қажет?)
Оқу процесін ұйымдастыру моделі (қалай атауға болады?).
Оқу процесін қйымдастырудың технологияық тэсілдері (қалай КҮРУ
керек?)
Оқу процесіндегі ойынның нәтижесі (қалай бағалау керек?)
5. Оқу процесіне қолайлы ойындардың белгілері (қалай айыру керек?).
Бұл әдісті қолданудың өз ерекшеліктері бар ойын барысында мұғалім тек жетекшілік жасап, керісінше, бағыт сілгеуші ғана болады. Ал оқушы сол ситуациядан қалай шығу жолын өз білімімен, көзқарасымен, қоршаған ортадан алған тәлім-тәрбиемен саралай отырып, ойынның терең әсер алып, жеңімпаз болуға тырысады. Сабақ барысында оқушылар өз мүмкіндіктеріне қарай үш деңгейге бөлінеді. Олардың әрқайсысының тіл игеруін жетілдіру мақсатында берілетін бөлінеді. Олардың әрқайсысының тіл игеруін жетілдіру мақсатында берілетін ойындардағы тапсырмаларды дараланады. Сөйтіп, педагогикалық дифференциация принципі қолданады. Ойынға сыныптағы модуяьдің I, II, IIIдеңгейдегі тапсырмаларды орындайтын барлық оқушылар түгел қатысады. Ойынның дұрыс жауабы Iдеңгейдегі тапсырма орындаған баланың меншігінде болады. Ол оқушы өзсыныптастарының жауаптарын тексеруге көмек жасаса, мұғалім барлықойын барысында жетекшілік жасап отырады, орындалған жұмыстарды тексеріп, қорытынды жасайды.
Ойындардың қажеттісін іріктеп ала білу - ұстаз шеберлігіне
байланысты. Бастауыш сыныптарда сөздік ойындардың алатын орны
ерекше. Сондықтан барлық сабақтарда сөздік ойындарын қолдануға
болады. Сондай ойындардың бірі - "Керекті сөзді - тауып айт". Ойынның
мақсаты - ойлау қабілетін дамыту, қажетті сөздерді дұрыс тауып айтуға
жаттықтыру. Оқушыларға ойын тәртібі жете түсіндіріледі. Содан кейін
басқарушы "Киім" дейді. Оқушылар киімдерді атау керек. Ал басқарушы
көкөніс, жеміс, оқу құралдары, ойыншықтар, адамның дене мүшелері және
тағы басқа атауларды атаса, оқушылар сол топқа жататын заттарды, атауларды атауға тиіс.
Қазақ тіліндегі сөздерді оқушылардың есіне берік бекітіп, меңгерту
мақсатында-ойынды сайыс түрінде "Кім тез, шапшаң? Деген девизбен
өткізуге болады. Бұндай ойындар сайыстарға тән шарт бойынша
оқушының терең теориялық білімі және шапшаңдық, жігерлілік қасиеттері
болғанын талап етеді. Сайыс барасында эмоционалдық деңгей,
матсриалдың есте берік қалуына әсер етеді.
Сабақ барысында алған білімдерін оқушылар практика жүзінде қолдану
дағдыларын қалыптастыру үшін грамматикалық ойындардың орны ерекше.
Сабақта тиімді қолданылған ойын оқушылардың грамматиканы толық
меңгеріп, сауатты жазу дағдысына мол мүмкіндік берсді. Оқушыларды өз
беттерімен жұмыс істеуге дағдыландырады, ойланғыштық, ізденімпаздық
қабілеттерія дамытады. Грамматикалық ойындардың өзіндік ерекшеліктері
бар. Бұл ойын әр түрлі ситуациялар арқылы жүзеге асады.
Ойын сабақтың әр бөлігінде, әр мақсатта жекеленіп, дараланып қолд.анылады. Жаңа тақырыпты түсіндіруге, өткенді қайталауға, пысықтау сабақтарында пайдаланады. Оқушыларды өз бетінше шығармашылық ізденіспен жұмыс жүргізуге үйретуде, қазақша тілін дамытуда грамматикалық лото ойыны оқушыларды сөйлем мүшелерініц орналасу төртібін, құрылысы меңгеруге дағдыландырды. Ал рөлдік ойындарды сабақта қолдану үшін мұғалім жете дайындық жасап, қажетті жабдықтармен қамтамасыз ету мүмкіндіктерін терең ойластыруы керек. Олар:
а) қажетті лексика;
б) ойынның мақсаты мен шарты;
в) ойынға қажетті заттардың өзі немесе суреттері әзірленеді.
Рөлдік ойындар сабақтың қалыптасқан дәстүрін өзгсртеді. Мұғалімнің де ұйымдастырушы ретіндегі орны анықталып, кәсібі беделі артады.
Ситуациялық ойындарға әр түрлі тақырыптар алынады. Бұл ойынның басты мақсаты - оқушыларды әр түрлі ситуацияларда өздерінің білімдерін сынау, қисындық ойлау, қабілетін дамыту, өз көзқарастарын білдіру, қиын сәттерден шығу мүмкіндіктерін байқатады, тіл байлығын дамытады.
Оқушылардың грамматикалық дағдысын қалыптастырып, қазақша тілін дамытуда халық ойыны санамақ, жаңылтпаш, мақалдарды ұтымды пайдалануға болады. Сол сияқты қазақтың ұлттық ойындары "Бәйге", "Қыз қуу", "Қоржын", "Қанталапай" ойындарын салт-ғұрыпқа байланыстырып, мағынасын, мазмұнын жете түсіндіріп, түрлендіріп қызықты өткізу мұғалімнің шеберлігіне байланысты, баланың ақыл-ойының дамуына, сәздік қорының баюына, қисынды ойлау қабілетінің дамуына қазақ халық педагогикасының қоржынына 660 жұмбақ, жаңылтпаш, санамақтар бар. Осы барымызды баланың психологиясына, жас шамасына және жеке басының ерекшеліктерімен санаса отырып оқу процесінде ойындарды шебер пайдалану әрбір мұғалімнің үлесінде.
Сонымен, оқыту процесіне кеңінен еніп келетін модульдік технологияны шыңдай түсу үшін, оқушылардың білім сапасын арттыруда жеке қабілеттеріне әсер етер, жас ерекшелігіне тән ойын әдісін қолдану арқылы сапасын арттыру мүмкіндігін кең пайдалану қажет.
Жоғары білім беру мәселесі қоғамды дамытуда, ұдайы өндірісте, ақыл-ой, шығармашылық қабілетті жетілдіруде аса маңызды рөл атқарады. Жеке адамның дамуының қозғаушы күші экономикалық және әлеуметтік мәселелерді шешуге, құбылыстар мен дәйектерді талдай білуге, шығармашылық түрде ойланып, тез арада шешім қабылдауға үйрету - өзекті мәселелердің бірі. Сондықтан, жоғары оқу орнында болашақ мамандарды сапалы даярлау үшін білім беру жүйесінде ғылым мен тәжірибенің ұштасу үрдісінде тарихи түрде қалыптасқан көптеген дестүрлі қарама-қайшылықтарды шешуге тура келеді. Жалпы оқу-тәрбие жұмысын тиімді ету "студенттердің оқу-таным әрекетін белсендіру, оқуды ғылыми негізде ұйымдастыру, оқытушылардың ғылыми-педагогикалыкқ қызметін ғыдыминегізде ұйымдастыру жәнө студенттер мен оқытушының ғылыми қызметінің ықпалды бірігуі, сондай-ақ жеке адамның белсенді қалыптасуы жоғары мектептің ғылыми-әдістемелік негізгі мәселелерінің бірі болып табылады.