«Ағылшын тілі сабағында түрлі ойындарды пайдаланудың жолдары мен тиімділігі»



бет3/20
Дата22.11.2022
өлшемі0,54 Mb.
#159403
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
Ағылшын тілінен әдістемелік құрал
13 Дәріс Жаһандану Қазақстан мәдениеті
- қатысушылардың әр түрлі көзқарастары;

  • іскерлік ойынға қатысушылардың іс-әрекеттерінің нәтижесін бағалаудың ақиқаттылығы.

Мекгеп бағдарламасында оқушыларды белгілі бір мамандыққа оқыту қарастырылмаған, бірақ көп тақырыптары түрлі мәселелерге байланысты. Сондықтан ойын түрінде әлеуметтік іс-әрекеттерді моделдеуге болады. Сонда бір уақытта оқытуды да және тәрбие мәселесін де шеше аламыз.
Мектеп жағдайында ойын түрінде сабақтың жай түрін өткізуге болады. Ойын түріндегі сабақтың құрылымы бірнеше сатыдан тұрады:
- ойынды өткізуге қойылатын талаптарды белгілеу;
- өткізудің жоспарын құру;
- ойынның сценариін жазу;
- ойынға қажетті мәліметтерді жинақтау;
- дидактикалық материалдарды іріктеп, ойыншылар мен жүргізушілерге нұсқау қағазын дайындау;

  • ойынға қатысушы әрбір ойыншының іс-әрекетінің нәтижесін бағалаудың әдістерін ойластыру.

Оқушылардың шығармашылығын дамыту педагогикада басымды бағыт болып есептеледі. Жалпы алғанда, өркениеттің прогрессивті дамуының негізгі қозғаушы күші шығармашыл тұлға екені белгілі. Өйткені біздің заманымыздың электрондық, атомдық,космостық деп аталып жатуының өзі адамның ақыл-ойының, санасының жетілгендігінің нәтижесі, бір сөзбен айтқанда, осының бәрі адам шығармашылығы жетістіктерінің көрінісі. Сондықтан оқушылардың оқу үрдісінде жан-жақты дамуын жүзеге асыру, білім алу кезіндегі шығармашылық белсендігі, өз беттерімен білімді игеру дәрежелері дидактика мен мектеп өмірінде үнемі басты мәселенің бірі болып қала береді.
Әлеуметтік тұрғыда адамның белсенділігі мен дербестігі оның еңбегінің жемістілігін
Жеке тұлғаның ақыл-ойын, танымдық үрдістерін жетілдірудің, әлеуметтендіру мен жан-жақты тәрбиелеудің көрсеткіші ретінде бағаланатын оқу үрдісінде оқушылардың жас және дербес ерекшеліктерін ескере отырып ойын әрекеттеррін ұтымды пайдаланудың мүмкіндіктері мол.
Ойын бала әрекетінің бір түрі, адамзат мәдениетінің қазынасы. Ұлы педагогтар, ғалымдар баланы тәрбиелеудегі ойын рөлін жоғары бағалаған. Бала ойын арқылы өмірге енеді, табиғатпен, қоршаған ортамен қарым-қатынасқа түседі, таным түсінігін арттырады, еңбек ете білу дағдысы қалыптасады.
Психологтар мен педагогтар ежелден-ақ ойын мәселесіне өз назарын аударғанымен , тек ХІХ ғасырдың аяғында ғана ойын арқылы зерттеу пәніне айналды. К.Гроосқа дейінгі итальян оқымыстысы
Д. Колонна балалар ойыны туралы материалдарды жүйеге келтіріп, ойынның педагогикалық, психологиялық маңызын ашуға әрекет жасады. Ал ғалым-психологтер К.Гроос, Э.Клапаред, А.Диваев, Р.Гаупп, Н.Виноградов, В.Вахтерев және тағы басқалар ойын теориясын құрастырды және ойын мәселесін көтеріп, іс-әрекеттің маңызды түрі ретінде оның теориялық, әдіснамалық негізін ашты.
Ойын мәселесінің кең, жан-жақты, салалы зерттелуіне, ойынды топтастыру, жүйеге келтіру, жинақтау,, дамыту, ойын түрлері, технологиясы, әдістері көптеген ғылым саласында: әлеуметтік, этнопедагогикалық, философиялық, педагогикалық , психологиялық, дидактикалық және тағы басқа тұрғыдан қарастырылғанына қарамастан, әлі толық шешімін таппаған. Сондықтан бүгін ойын әрекеті түрлерінің бірі – іскерлік ойындарға, оның педагогикалық мәніне, жеке тұлғаның танымдық белсенділігін қалыптастырудаға мүмкіндіктері жайлы тоқтала кетпекпіз.
Кеңес Одағында іскерлік ойындар алғаш рет әлеуметтік – экономикалық міндеттерді шешу үшін қолданылды. 1932 жылы Ленинград инженерлік-экономикалық институтында М.Бирштейннің басшылық етуімен Лигов машина зауытының іске қосылуын көрсету үшін іскерлік ойыны өткізілді.
Бұдан кейін іскерлік ойындар 1950 жылдары экономикалық қатынастар, 1960 жылдары басқару және пдагогика саласында тарады. Ол ойын түрлері Н.Грейф, Р.Уорфорд, Г.Шедровский еңбектерінде дамыды.
Г.Шедровский анықтамасына сәйкес іскерлік ойындарды төмендегідей тұрғыдан түсінген жөн:
а) қоршаған отаға ерекше қатынас (әрбір ойынға қатысушы оның нақты ортадан басқа арманына сәйкес қиял ортасы қатар өмір сүреді. Осы жағдай жеке тұлға үшін қызығу мен ойын құндылығын туғызады);
ә) ойыға қатысушылардың субъективті іс-әрекеті (әрбір ойынға қатысушы өзінің білімділігін көрсету үшін ең жағымды жағдай қамтамасыз етіледі. Ойыншының өз «Менін» тек қана ойын жағдайында ғана емес, сонымен қатар тұлғалар арасындағы қатынастардың барлық жүйелерінде көрсетуге мүмкіндік береді);
б) іс-әрекеттің тапсырма түрінде берілуі (ойынның енжарлық күйде емес, белсенді қатынас негізінде «жеңісті», ұтыс бағытында ойлануы);
в) түсінудің ерекше мазмұндылығы (ойнға қатысушыларда теориялық, әдістемелік тәжірибелік білім мен дағды қалыпты жағдайда қабылдануымен, көлемді ақпаратты есте сақтауға мәжбүр етпейтіндігімен анықталады);
г) өмірді ұйымдастырудың әлеуметтік-педагогикалық түрі (ойын үрдісінде әлеуметтік тәртіптің белгілі бір нышандары іске асырылады).Ойын сонау ата-бабалар заманынан бері мазмұн жағынан толысып, дамып, дәстүрі жалғасып келеді. Ойын еш уақытта дамудың бір сатысына жеткенде тоқтап қалмайды, жетіле түседі.
Ойын – тәрбиенің барлық саласымен, өнермен ұштасып жатады.
Ойын әрекетінің бала дамуына қызмет атқаратындығы жөнінде Ж.Аймауытов, Ә.Тәжібаев, М.Жұмабаев, С.Торайғыров, Ш.Құдайбердіұлы т.б. қоғам қайраткерлері де ой айтқан.
Баланың аса маңызды адамгершілік қасиеттері бастауыш сыныптарда қалыптаса бастайды. Егерде мектептен ата-ана бала бойындағы өзгерістерді жете қадағалап, жасына лайықты тәрбие алуына бағыт-бағдар беріп көмектеспесе, ол олқылық орны толмас өкінішке, жаман қасиеттерге ұласуы мүмкін.
Сабақта қызықтылық материалдарын пайдалана отырып, ойын арқылы оқыту танымдық әрекеттерге үлкен нәтиже беретінін зерттеуші ғалымдар дәлелдеп көрсетуде. Оны бірнеше мысалдар арқылы көрсетейік: «Занимательная наука делает труд интересным, а потому и приятным, стремится опровергнуть тысячилетнюю поговорку о горько корне учения. Занимательная наука не превращает обучения в роду забавы». (3.23) Қызықты тапсырмалар оқушыны тілдік материалдарды дұрыс меңгеруге, сауатты әрі байланыстыра жазуға үйретуге, тілге деген қызығушылығын арттыруға арналған (4.5)
«Мұғалім шеберлігі оқу мәселелерін творчествалық тұрғыдан қарастырып, өз пәніне оқушыларды қызықтыра білуден, білім құмарлығын, белсенділігін арттыра білуден құралады».
Қазақстан орта мектебінің неғұрлым айқын міндеттерінің бірі «Білім мазмұнында оқушылардың білім, білік, дағдыларды игеруінен бірте-бірте оларды талдау, жинақтау, логикалық ойлау қабілеттерін дамытуға қарай өтуге бағытталу болып отыр.»
Мұндай тұжырымдамалық талдауларды іске асыруда мұғалімнің шеберлігінде ойынды, әсіресе тіл сабақтарында әрі білімдік, әрі тәрбиелік бағытта дұрыс ұйымдастыруды қажет етеді.
Бала ұғымына лайықты тәрбие жұмыстарын жүргізгенде әдістемелік мағынасы зор ойын түрлерінің атқарар ролі ерекше. Оқушы тілдің түрлі құбылыстарын меңгеру өте қиын деген ойға келеді. Мұндай қиыншылықтарда тек сабақта ойын түрлерін пайдалану арқылы оқушының көзін жеткізуге болады. Ойын түрлерін мақсатсыз қолдана беруге болмайды. Зерттеу жұмыстарына қарағанда, оқушының білім алуға деген ықыласы белгілі бір дағдылар мен қабілеттіліктерді қажет етеді. Сондықтан да сабақ процесінде белгілі дағды мен қабілет қалыптасу арқылы танымдық қызығушылық пайда болады. Танымдық қызығушылық психологиялық жағынан алғанда, архивтік процестен құралады. Сондықтан да ол оқушының танымдық қызығушылығы 2 түрлі жолмен: бірі дамыта оқыту, екіншісі тәрбиелік қызмет арқылы қалыптасады.
Дамыта оқыту –белгілі затты танып білу, ол тәрбиелік қызмет – оқыту процесі арқылы затты таңдауға өзгерістік қатынастар. Оқыту процесінің әр түрлі сатысында ойын түрлері де танымдық мақсатты көздей алады, оқушының жас еркшелігіне қарай әр түрлі формада қолданылады.
Бүкіл сабақ бойында оқушының қызығушылық ынтасының төмен болуы мынадай себептерден болады:
ойлау процесінде миға көп салмақ түсуден;
сабақты бірыңғай, бірсарынды жүргізуден;
жазба жұмыстарын мөлшерден тыс жиі жүргізуден;
нашар оқитын оқушыға көбірек көңіл бөліп, сабақты созып жіберуден;
Демек, оқушының шаршауын сейілтіп, қызығушылығын арттыру тек ойын элементтерін сабақта қолдану арқылы іске асады.
Дегенмен де, ойын сабақтың бүкіл өн бойында жүруге тиісті емес, онда да ол оқушыларды жалықтырып жіберуі мүмкін.
Сабақтағы ойын түрі – ұжымдық еңбек, сондай-ақ тәрбиелік мәні бар тәсілдердің бірі. Ойынды орындау барысында жеке оқушының қабілеті, оның іскерлігі көрінеді, байқалады. Мұғалім әр оқушының жұмысын бағалауға мүмкіндік алады. Ойын оқушыны бірігіп жұмыс істеуге бағыт береді, сондай-ақ іздендіру, іздену дағдысын қалыптастырады.
Ойын түрін сабақта пайдалану арқылы жаңа материалды жеңіл де тиянақты, нақты түсіндіруге, меңгеруге жағдай жасалып, ол оқушының санасында берік сақталатын болады. Сондықтан ойынды дұрыс ұйымдастыру да шешуші роль атқарады. Мұғалім әр тақырыптың ерекшелігіне, қиындығына, жеңілдігіне қарай ойынды дұрыс таңдап алуы қажет. Сондай-ақ белгілі мақсат қоя отырып, оқушының даярлығы мен ерекшелігін де ескеруі тиіс. Ойын түрін қолдану оқушыға ерекше әсер етеді. Кейде ойынды жаңа материалды бекіту кезінде қолдану керек деген пікір бар. Мұғалім ойын түрін қалай, қандай жағдайда қолдану керектігін, яғни жаңа материалды түсіндіру немесе қайталау кезеңінде де оны дұрыс жоспарлауы тиіс. Демек, сынып оқушылары түгел қатысуы керек. Бұл кезеңде мұғалімнің ұйымдастыру ерекшелігі үлкен роль атқарады.
Ойын түрлерінің шартын (ережесін) меңгеру аса қажет, оны 2 түрлі түсіндіруден аулақ болу қажет. Оқушыны ойынның үстінде, не соңында өзінің белсенді қатысуына қарай әр түрлі баға алуы мүмкін. Мұғалім оқушыға ойында жеңгені үшін баға қоюы мүмкін, немесе ойынның әр кезеңіне байланысты да оқушы еңбегі бағалануы тиіс.
Көп ойындар дәл ұпаймен есептелетін жарыс ойындар болып келеді. Ойын ойнаушылардың арасында жүргізілуі мүмкін. Бұған байланысты ұсыныстар әр ойында көрсетіледі. Ойыншылардың қызығушылығы жарыста ғана көрінбейді, сонымен қатар ойын барысында да байқалады.
Зерттеуші ғалым Т. Сабыров ойын арқылы сабақты қызықты өткізу жолдарын зерттеп, өзіндік ой қорытады:
Оқу материалының мазмұнының қызықтылығы, мазмұндылығы.
Мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынастың ерекшелігі.
Мұғалімнің оқу әрекетін ұйымдастырудағы ерекшеліктері.
Бұл тұжырымдаманың үш бөлімінің мазмұнында оқыту әрекетінің әр түрлі жұмыстары, соның ішінде ойынға арналған әрекет бар деп түсінуіміз керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет