«Ағылшын тілі сабағында түрлі ойындарды пайдаланудың жолдары мен тиімділігі»


bank, swim Әр әріптің арасына бос орынды қалдырады. Мысалы: bank, swim



бет6/20
Дата22.11.2022
өлшемі0,54 Mb.
#159403
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
Ағылшын тілінен әдістемелік құрал
13 Дәріс Жаһандану Қазақстан мәдениеті
bank, swim
Әр әріптің арасына бос орынды қалдырады. Мысалы:

bank, swim
Ойынның мақсаты: Әр команданың жетекшісі әр әріптің астына сөз жазады. Команда мүшелері жетекшісіне көмек беруге болады. Кімде-кім сөз көп тауып жазса сол команда жеңген болып табылады.
Мысалы:
І ІІ
B a n k s w I m
B a l l s o n
A p p l e w e l l
N o t I n
K e t t l e m o t h e r
«Кім жеңімпаз» - ойынында сыныпқа доп әкелінеді. Сыныпты топқа топтың бір оқушысына допты лақтырып алған оқушы тез арада «a book» деп жауап беру керек. Ол оқушы бір топтың оқушысына допты лақтырып «a mother» сөзін айтуға болады. Ол оқушы тез арада ана деп жауап беру керек. Жауап бере алмай қалған топ ұтылады. Бұл ойынды көбіне 5 сынып оқушыларымен ойнаймыз.
«Кім саңырауқұлақ тереді?» - ойыны. Бұл ойында сабақтың жаңа сөздігіне байланысты ұйымдастырылады. 12 саңырау құлақтың суреті салынады, оқушылар 2 топқа бөлінеді. Оның артына жаңа сабақтан жаңа сөздіктер жазылады. Екі топтың оқушылары бірдей ойынды бастайды. Қай топтың оқушылары саңырау құлақтың артындағы сұрақтарға қиналмай дұрыс және тез жауап берсе, сол топтың оқушылары «жүйрік» атағын жеңіп алады. Мұндай ойындарға оқушылар өте қызығушылықпен қатысады.
«Құстар алма бағында», « Паркте», Мектепке» т.б. сол сияқты әр түрлі тақырыпта суреттер жинап, сұрақ-жауап арқылы да жаңа сөздіктерді қалай меңгергенін тексеруге болады.
Әр түрлі суреттерді көрсетіп «describe the picture» деген сұрақ арқылы оқушылардың сөйлеу, еркін сөйлей ала ма? Оған жаңа сөздіктерді әрқашан осылай тексеріп отыруға болады.
«What*s this?» деген сұраққа It*s a… деген жауапты талап ететін ойын. Бұл ойынды 5-6 сынып оқушылармен өздері бір-бірімен ана тілінде жұмбақ сұрақтарды қояды. Жұмбағының соңы «What*s this»
Грамматикалық ойындар.
«Irregular verbs» ойыны.
Сынып екі топқа бөлініп алфавиттегі әріптер бойынша кезектесіп бұрыс етістіктердің 3 түрін айтып шығады.
«I am going to» ойыны.
Бұл ойын «I am going to» ын үйрету үшін арналған ойын. Ойынды айнамай тұрып оқушылар ойынының атынан бұл оборотты тез жаттап алады. Мұғалім тақтаға I am going to.. (пысықтауыш, мекен жай), I am going to (етістік) деп жазып қояды. Оқушылар кезектесіп алфавиттегі әріптерден келетін етістік, сөздерді қолданып сөйлем құрап айта береді. Ең соңында ең нашар оқитын оқушылардан қайта сұралады.
Бұл ойынды: «as clever as»
« as nice as»
« as boring as» ді үйретуде, «There is, there are» оборотын үйретуде қолданса болады.
«Tenses» ойыны
Бұл ойын карта ойынына ұқсап кетеді. 36 парақшаға әр түрлі жақтарға тиісті сөйлемдер жазылады. Оқушыларға 36 карта таратылады. Бір оқушы екінші оқушыдағы картаның бірін алып сөйлемді оқып қай жаққа тиісті екендігін айтады. Дұрыс болса сол картаны жерге тастайды дұрыс болмаса өзіне алады. Кімнің қолында карта қалмаса сол жеңімпаз есептеледі.
«Предлогтар – Prepositions» ойыны.
Оқушылар сыныптағы барлық заттарды жұмбақ ретінде қайда, ненің үстінде, ненің жанында, ненің ішінде, ненің астында екендігін жасырады оқушылар табады. Мысалы: «Nesn» сөзі. It is on the floor, it is in closs, it is under her ceiling, it is at the window…
Оқу ойындары.
Сөздерді, жүйелерді, сөйлемдерді, буындарды, дыбыстарды оқытуды мақсат етеді.
Тілдік материалдарда пысықталады. Оқу мен белгілі бір материалға бағытталады. Негізінен, мұғалімге бағытталған, ойынды тек мұғалім жүргізеді. Тексеріліп, жоспарланып отырады. Орындалуы жағынан шектеу қойылады.
Коммуникативтік ойындар
Коммуникативтік мүдделі, оқуды мақсат етеді. Тілден тыс та мақсаттар қойылады. Еркін коммуникацияға мүмкіндік туады. Белгілі бір тапсырмаға немесе проблемаға байланысты өтіледі. Ойын түгелдей оқушыларға бағытталған. Баланы көбінесе өз бетімен ізденуге, оқуға бастайды. Толық жоспарланбайтын және тексерілмейтін ойындар ашық жеке орындалуға арналады. Оқушылардың жас ерекшелігіне қарай сабақ берудің тәсілдерін өзгертіп отыру керек. Бастауыш сынып оқушыларында заттың сыртқы түріне қызығу басым келеді: сондықтан олардың өзіндік дара қабылетін дамыту керек.
Бастауыш сынып оқушылары сабақ үстінде жалығып кетпес үшін ойындар арқылы түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалану қажет. Мысалы, тақтаға бір сөзді қате жазып қоямын да, сосын оқушыларға былай деймін:
«Балалар, әріптер тентек болып, бізден қашып кетіпті. Оларды тәртіпке шақырып, ретімен қояйық». Балалар қате сөздерді дұрыстап жазады. Және де ойыншықтарды қолданып отырамын. Мысалы, бір оқушыны шығарып, көзін байлап, ойыншықтар жаққа әкелемін. Бала ойыншықтың сыртынан сипап көріп оның қандай ойыншық екенін айту керек. Орта буында қолданылатын ойындар. Шақтарға байланысты өтілетін бұл ойын Present Continiyus шағына байланысты. Оқушы тақтада пантомимо арқылы немесе дыбыссыз қимыл жасайды. Басқа бір оқушы оқушылардан не істелініп жатқанын сұрайды. What is he doing? Оқушылар кезекпен табуға тырысады. He is writing. He is reading. Сонымен қатар сабақтарда балаларды қызықтыратын қуыршақтар арқылы ойын түрлерін енгізуге болады. Қатты қағаздан қуыршақ суретін қырқып алып және оған түрлі түсті киімдер бөлек дайындалады. Осыған байланысты оқушылар мұғалімнің сұрақтарына жауап береді.
What is she wearing
She is wearing a red dress on.
Творчестволық ойын түрлері:
Сабақта қолдалылатын творчестволық мәндегі немесе басқа ойын түрлері лексико-грамматикалық, әріп пен дыбыстарды, сөздерді дұрыс айту дағдысын меңгерту мақсатында қолданылады.
Бұл ойын барысында түрлі жұмбақтарды айтқызу арқылы сөздерді аударуға деген дағды беру көзделеді. Бұл жұмбақ түрлерін оқушының өздігінен сөздерді аудару мақсатында жаттығу жұмысы ретінде пайдалануға болады.
Мысалы: No feet, but jumps (а ball)
It lives in winter
And dies in spring (snow) т.б.
«Сөйлемді дұрыс құрастыр» ойыны: ойынға қажетті материалдар: карточкаға неше сөйлемдер жазылады. Карточканы кесу қажет. Мақсаты: сөйлемді дұрыс құрастыру. Сөйлемді дұрыс, әрі тез құрастырған оқушы жеңген болып есептеледі.
Қорытындылап айтатын болсам ойындар ағылшын тілін үйретуде және үйренуде ең маңызды роль атқарады. Мұнда мен кеңінен қолдануға болатын ойындарды көрсетемін. Биылғы жылы төменгі сыныптарға осы ойын түрлерінің элементтерінен қолданып әрі оқушылардың білімін нығайтуға әрі өзімнің тәжірибемді нығайтуға жақсы нәтижеге қол жеткіздім. Көрсетілген ойындардан басқа әр бір жаттығуға мұғалім өзі ойын ойлап тапса болады. Бірақ сабақта тек ауызша ойындармен шектеліп қана қоймай жазбаша диктант ойындарын жиі ойнау қажет. Мұндай ойындардың маңыздылығы соншалықты оқушылар жаңа сөздерді, грамматикалық тіркестерді, обороттарды фонетикалық дыбыстарды қалай жаттап алғандықтарын өздері байқай алмай қалады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет