«Ағылшын тілі сабағында түрлі ойындарды пайдаланудың жолдары мен тиімділігі»



бет2/20
Дата22.11.2022
өлшемі0,54 Mb.
#159403
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
Ағылшын тілінен әдістемелік құрал
13 Дәріс Жаһандану Қазақстан мәдениеті
Белсенді оқыту әдістеріне жататын іскерлік ойьшдар: рөлдерді ойнап көрсету, белгілі жағдайды талдау, бағдарламалы белсенді оқыту, ойындарды жобалау, мәселелі дәрістер, талқылаулар, тәжірибе алмасу тағы басқалар. Ғылыми-педагогикалық әдебиегте көптегеи нақтылы ойындар «ойындарды өңдеу» деген жалпы терминмен белгіленеді. Осы мәселенің манызы бар, себебі, тарихта логиканы дамьггу іскерлік ойындарды қоғамдық ғылымдарда кең қолданудың артықшылығы мен кемшілігін көрсетуге мүмкіндік береді.
Әдебиеттерді талдап қарасақ, алғаш рет іскерлік - ойындар XX ғасырдың ортасында экономикалық факультеттің студентгеріне ұсынылған. Бірақ, бұл шындыңқа жанаспайды, себебі, алғашқы ойын 1932 жылы 23-шілдеде КСРО-да Ленинградтағы инженерлік-экономикалық институтында еткізіліп анықталып отыр. Қазіргі уақытта жеткілікті негізделген белгілі бір ойын теориясы мен математикалық зерттеу әдісі сәйкестендірілген жинақтар бар.
Америка мектептеріне өңделген оқытулар 1960-1970 жылдары еніп, содан кейін жоғары мектептерде қолданыла бастаған. Қазіргі уақытта ТМД-да іскерлік ойындар, негізінен, білім көтеру жүйесінде және Мәскеудің, Санкт-Петербургтің, Киевтің, Новосибирскінің бірқатар жоғары мектептеріңде қолданылып жүр. Өзіміздің және шетел зерттеушілерінің пікірінше, оқу үрдісінде ойынды қолдану оқытуды мәселемен жақындату нәтижесін көрсететінін байқауға боләды.
Оқыту аудиториясын сыртқы ортадан бөліп қарау студенттерді болашақ мамандыққа даярлауда оқытушыға үлкен жауапкершілік жүктейді. Алайда, ойындар мен өңдеулерді іске асыруда студенттер нақтылы өмірдің элемент негіздерін өз тәжірибелерінде сынайды. Ойындар жорамалданған жағдайда қоршаған ортада баламалы механизмді құруды, парасатты жеке тәжірибе жинақтауды, нақтылы қатысуды қажет етеді. Студенттер ойын кезінде өз көзқарасын, өз пікірін қорғауға дайын болады. Б, Блуэт пен Д,БаквольтердІң пікірі бойьшша, ойын оқытушы мен студенттің кең ауқымда теңараласуына, тіл табысуына мүмкіндік жасайды. Сонымед бірге ойындар адамдардың ойын белгілі жүйеге келтіреді.
Сезім дамуының маңыздылығы туралы (ағылшын тілінен орысшаға сөзбе-сөз аударғанда - вчувсгвование) америкалық оқытушылар В.Роджерс пен А. Гудданд өз зерттеулерінде жиі айтады. Өйткені оқушылар ойындарды өздері өңдесе, онда олар оқу материалдарын әдеттегі оқу-таным әдістеріне қарағанда, ынтамен тереңірек үңіліп оқиды және оларды зсрттеу арқылы дағдылану әрекеттерін дамытады. Ең бастысы – ойындар мен өндеулер студенттердің көңілін өз бетінше ізденушілікке аударып, қабілетін арттырады. Ойынның әлеуметтік бейнесін зерттеуші белгілі психолог Д. Б. Элькониннің сөзімен айтсақ: «Ойын - ол адамдардың арасындағы әлеуметтікік ара-қатынас, практикалық біілімдері жөне кызметі» Оқу ойындарын қолданудың жағымды жақтарына американдық авторлар мыналарды жатқызады;
- ойындар абстрактілі оқытуға қарағанда, өз тәжірибесімен оқытуға
мүмкіндік береді;
- ойындар ойын басшысының тәжірибесіне немесе дағдысына тәуелсіз
(біз бұл көзқараспен келіспейміз);
- ойындар интуицияны жаттықтырады, мәселені шешу қабілеттілігін
және қажетті әлеуметтік мінез-құлықтың түрін таңдауға, үрдістер мен
құбылыстардың деректерін түсінуге, стратегиялық баламалы шешім қабылдауға, тәкекелге бел байлауға үйретеді;
- ойындар жеке мәселелерді оқуда және шешуде қабілетті әрі қарай
арттырады, ойынға қатысушылар оқытушының рөлін ойнап, бірін-бірібелгілі бір деңгейде оқытады, бірақ әрқайсысы бір ойында өздерінің қабілеттілігі мен қажеттілігіне қарамай көп нәрсеге үйренеді.
Сонымен, іскерік ойындары ойынға қатысушыларға қиын мәселелерді басқаларға қарап тұрмай, өздернің шешуіне кепілдік береді. Олай дейтініміз, өндеулер мен ойындар арқылы оқушылар өздерінің не істегендерін байқайды, жетістіктерін көздерімен көреді, уақытын дұрыс пайдаланады. Өңдеулер мен ойындар, сондай-ақ, кейбір студенттер ұнатпайтын оқу пәндерін де қанағаттандырады, біріне-бірі көңіл бөліп, өздерінбасқаның орнына қойып үйренеді. Өңдеулер мен ойындар икемді мақсаты мен құрылымына байланысты қиындатылады. Ойындар өздерінің аяқталу үрдісіне байланысты амбивалентті {егер бүгінгі ойынның саны 1:1 ойынға қатысушының біреуіне тиімді болса, келесі күні 0:0 болады, ойын өте ыңғайлы, кез келген жерде кез келген уақытта ойнауға болады). Бұл көптеген
авторлардың пікірімен сәйкес. В.Ф.Коморовтың пікірінше, оқу үрдісінде ойынды қолдану оқушылардың даму қабілетін арттырады, мәселеге ғылыми негізде жақындатады, ал ойынды өткізу ғылыми зерттеу жұмысы болып табылады. Алайда, ойындар мен өңдеулердің артықшылығымен қатар кемшілігі де бар. Өзіміздің және американдық авторлардың пікірімен санассақ, мына деректі естен шығармау керек, ойын кезінде оқытушы өзінің
беделін жоғалтып, тек ойынды ұйымдастырып және бағыттап отырады. Сонымен бірге, ойындар мен өңдеулер студент назарын екінші сатыдағы дағдыға аударып, негізгі дағды шет қалып қояды, яғни, ойындар оқып зерттеуден сырт қалады. Кейде ойындар мен өңдеулер әдеттегі оқуға қарағанда қолайсыз болып келеді. Кей жағдайда оқытушылар ойынның бар екенін білмейді. Ойындар мен өндеулер құрал-жабдыққа, материалға байланысты қымбатқа түсіп, артық жүріс пен бос айқайға
әкеліп, оқытушылар үшін қолайсыздық гуғызады. Сондай-ақ көптеген ойындар жоғары денгейде өңделмегені сол себепті оны қолдану қиындыққа әкеледі. Тіпті, кейде баламалы оқыту түрі сияқты ойындар ойынға қатысушыларға ұнамауы мүмкін, ойынға белгілі бір студенттер саны ғана қатысып, қалғаны сыртта қалып қоюы да ғажап емес. Сондықтан да белгілі мақсатқа ғана сәйкестендірілген ойындар мен өңдеулерді әркім өзінше құруы қажет.
Енді осы жерде К.Эриксон мен М.Эриксон он зерттеулерінің нәтижесіне сүйеніп көрелік. Экспериментке 174 ер бада мен 330 қыз бала қатыстырылған. Бес дәрістік топтың әрқайсысында 100 студенттен бар. Оларға 35 баптан тұратын сауалнама таратылған. Сол сауалнамалар арқылы ойындар мен өңдеулерді дәрістерде қолданғанда олар алған әсерлерін сипаттаған. Нәтижеде әрбір топта бір оқытушы 13 ойын мен 8 өндеу өткізіп, дәріс
уақытының 25 пайызын жұмсаған.Міне, осы сұрақ-жауаптардың
нәтижелері төмендегідей.
1. Студенттердің 21 пайызы үздіксіз деректерден гөрі ойындар мен өңдеулер қолданғал дәрістер жақсы деп, ал 65 пайызы керісінше жауап берген.
2. Студенттердің 91 пайызы ойындар мен өндеулер дәрісте жағымды ахуал туғызады деп шешкен.
3. Студенттердің 81 пайызы ойындар мен өндеулер дәріс уақытын тиімд іпайдалануға қолайлы дейді.
4. Студеттердің 74 пайызы ойындар мен ендеулер өз пікіріңді ашық айтуға мүмкіндік беретінін алға тартады.
5. Студенттердің 58 пайызы ойындар мен өңдеулер оқу мен өмірдің арасындағы алшақтықты жоятынын айтқан.
6. Студенттердің 68 пайызы онындар мен өңдеулер өздерін бағалауға мүмкіндік беретініне күмән келтірмейді.
7. 66 пайызы өмірді түсінуге көзқарасымыз өзгереді деп жауап берген.
Осы жасалған талдаудан байқағанымыз: студенттердің үштен екісіоқу пәндерінде ойындар мен өңдеулердің болғанын қалайды, Сонымен жоғары мектептерде ойынды қолданудың мақсатын педагогтер былайша белгілейді:
- оқу пәнінің мақсаты мен тұжырымдамасын нақтылы мысал келтіру арқылы түсіндіру;
- студенттердің оқу үрдісінде белсенді болуына мүмкіндік жасау;
- жеке ойынға қатысушының өсуін жеңілдету;
- ақиқатты зерттеуге және бір-бірімен белсенді араласуға үйрету.
Демек, ойындар мен өндеулерді оқу үрдісінде қолданудың білім беру,тәрбиелеу және дамыту сипаты бар.
Қазіргі күрделі жағдайларға байланысты біздің елімізде міндетті түрде жастарға тәрбие беру мәселесі тұру керек. Белгіленген пәні арқылы ойын әдісін пайдалана отырып, бұл мақсаттарға тез жетуге болады. Мәселен, ойын сабақтары кезіндс оқушылар әр түрлі рөлде ойнау арқылы өз ойларын ортаға салуға үйренеді. Ділгірлік мәселелерді әр түрлі қызметкерлер немесе кейіпкерлер кейпінде шешуге қатысады. Ойынға қатысқандар бірнеше топқа бөлінеді. Бірі ортаға әр түрлі мәселелерді тартады, ал екінші топ оның шешу жолдарын қарастырады. Сонда ғана ойын қызықты өтеді.
Рөлдерді ойнау әдісі, көбінесе, теориялық және сарамандық міндеттерді шешкенде тиімді.Оның негізгі шарттары мына төмендегілер: - күрделітеориялық және іс жүзіндік мәселелердің белгілі болуы;
- ойынға қатысушы әр түрлі қызмет мамандары көзқарастарының бірдей болмауы;
- пікірсайыс арқылы сабаққа қатысқандардың бір-бірімен
сұхбаттасуы;
- талқылаудың нәтижесін бағалау және қорытындысын шығару.
Ал, енді іскерлік ойындарға келсек, олардың негізгі ерекшеліктеріне мыналар жатады:
- мамандардың іс-әрекеттерін моделдеу;
- оқушыларды рөлдерге бөлу;
- ойнаушы топтың жалпы мақсатының болуы;


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет