«Ағылшын тілі сабағында түрлі ойындарды пайдаланудың жолдары мен тиімділігі»


Қимылдық ойын арқылы баланың таным процестерін дамыту



бет4/20
Дата22.11.2022
өлшемі0,54 Mb.
#159403
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
Ағылшын тілінен әдістемелік құрал
13 Дәріс Жаһандану Қазақстан мәдениеті
Қимылдық ойын арқылы баланың таным процестерін дамыту

Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесі процесінде қимыл-қозғалыс ойындарыа жетекші роль беріледі. Дене тәрбиесінің негізгі құралдары мен әдістерінің бірі ретінде көп қозғалысты ойындар сауықтандыру және тәрбие-білім беру міндеттерін тиімді шешеуге мүмкіндік береді. Ол бала денесінің дамуына және сауығуына жан-жақты ықпал жасайды. Ойын процесінде балалардың қозғалғыштық ширақтылығы бүкіл организмде жігерлілік жағдай туғызады, алмасу процестерін күшейтеді, өмірлік тонусын арттырады.


Қимыл-қозғалыс ойындары балалардың игеріп үлгерген қимыл дағдыларын жетілдіру және дене қабілетін қалыптастыру әдісі ретінде қызмет етеді.
Қозғағыш іс-әрекет ретінде қимыл-қозғалыс ойындары белгілі бір ерекшелікке ие: ол баладан сигналды тез сезінуді және күтпеген жерден ойын жағдайын өзгертуді тала етеді.
Ойын кезінде пайда болатын әр түрлі ситуациялар қимыл мен әрекеттің сипатын, қимыл бағытының тез өзгеруін бұлшық ет ширығуының дәрежесін өзгерту қажеттігін туғызады. Мысалы: «Ұстап алу» ойынында әрбір бала жетекшінің әрекетін назар аудара бақылауы керек. Ол жақындаған кезде бала қарама-қарсы жаққа тез қашып кетеді. Өзінің қауіпсіз жағдайда екенін сезген соң қимыл қарқынын бәсеңдетеді, тежейді, тоқтатады. Жетекші тағы да жақындаған кезде ол қимылын тағы да тездетеді.
Әрбір қимыл-қозғалыс ойыныда делік балалардың ойын әрекеттері мен қимылданын өзгертуге берілетін сигналдар болады. Мысалы: «Ынтымақты, бағыт пен қимыл сипатын өзгертуді білдіретін балалардың тез сезінуін, қабылдауын туғызады: бытыраңқы жеңіл жүгіріс бұры белгіленген орындарға бірінің артынан бірі тізбекті сапқа тез қосылу үшін мақсатты тура бағытта жүгірумен өзгереді».
Мұндай ширақ қимыл әрекеті еліктіру және тежеу процестерін жетілдіре және теңестіре отырып баланың жүйке жүйесін шынықтырады.
Қимыл-қозғалыс ойынында бала назар аудару және бұлшық еттің ширығу дәрежесін реттеуді үйренеді: ойынның қалыптасқан ситуацияға байланысты ол қимылды тынығумен кезектестіре алады. Бұл бақылағыштыққа, тапқырлыққа тәрбиелеуге, қоршаған ортадағы жағдайдың өзгеруіне қарап бағдар белгілеу, қалыптасқан жағдайдан жол тауып шығу, шешім қабылдап, оны жүзеге асыру, батылдық, ептілік, инициатива, мақсатқа жетудің өзіндік әдісін таңдау қабілетін қалыптастыруға көмектеседі.
Н.И.Пирогов, кейінірек Е.Н.Водовозова, П.Ф.Каптеров және басқа да педагогтар - баланың дене тәрбиесінде қимыл-қозғалыс ойынлары баланың жасына байланысты қажеттілігіне жауап беретін әрекет ретінде және жан-жақты дамыту құралы ретінде бірінші дәрежелі маңызы бар екендігін атап көрсетті.
Лесгарф қимыл қозғалыс ойындарын баланың жеке басын тәрбиелеудің, олардың адамгершілік қасиеттерін: адалдығын, шыншылдығын, ұстамдылығын, тәртіптілігін, жодастық сезімін дамытудың бағалы құралы деп санайды. Оның мына сөздері белгілі: «Біз ойындарды оларға (балаларға) өзін-өзі үйрету үшін пайдалануымыз керек (яғни жағымсыз сезмдерді жеңу үшін)». Ойын кезінде «оларды өздерінің шарықтап бара жатқан сезімін тежеуге және сонымен өз әрекеттерін санауға бағындыра білуге үйрету» керек.
Лесгарф қимыл-қозғалыс ойындарының жүйелі түрде жүргізілуі балалардың өз әрекеттерін басқара білуін дамытуға көмектесетіндігін, оның денесін тәртіптілікке бейімдейтіндігін, яғни әр түрлі ауыртпалықта әрекет етуге үйрететіндігін атап көрсетеді. Ойындар баланы жоғары ептілікпен, мақсаттылықпен, тездікпен әрекет етуге, ережені орындауға, өзін-өзі билеуге, жолдастық сезімді бағалауға үйретеді.
П.Ф.Лесгафттың қимыл-қозғалыс ойындары туралы негізгі ережелерін В.В.Гориневский жаңа қоғамдық-тарихи жағдайға сәйкес дамытты.
Гориневский балаларға арналған ойындардың сюжетін қазіргі қоғамдық өмірдің талаптарымен байланысты таңдаудың маңыздылығын атап көрсетті. Қимыл-қозғалыс ойындары процесінде балалардың моральдық ерік-жігер қасиеттері қалыптасады, сондықтан ойын баланың өзіндік қасиетін қалыптастыру құралы болып табылады.
Қазіргі кезде қимыл-қозғалыс ойындары проблемасы мектеп жасына дейінгі балаларды жан-жақты тәрбиелеудің және дамытудың құралы ретінде ғылыми және практикалық қызметкерлердің одан әрі зерттеу мәні болып отыр. Мектеп жасына дейінгілер үшін қимыл-қозғалыс ойындарының жекелеген мәселелерінің мазмұны, ұйымдастырылуы және методикасы жөнінде А.И. Быкованың, М.М.Конторович пен Л.И.Михайлованың, Т.И.Осокинаның, Е.А.Тимофееваның, Л.В.Артемованың және басқа авторлардың еңбектері бар.
Ағылшын тілін үйретуде ойын элементтерін пайдалану өте маңызды орынды алады. Себебі мен өз педагогикалық тәжірибемнен байқағаным қазіргі кезеңнің балалары өте қызығушаң және оларға оқулықтағы берілген жаттығулар, мәтіндер онша қызық емес, олар әрдайым қызықты компьютер ойындарын ойнап үйреніп қалған. Сондықтанда оқулықтағы берілген жаттығулар оқушыларға қызық болмай қалады.
Оқушылар қызықты, түрлі – түсті реңдерге толған мультфилімдерді, деректі фильмдерді, теле хабарларды күнделікті теледидардан көріп жүр. Сол көрген білген нәрселерін олар оқулықтарда көруді қалайды.
Мұғалім сабақты өзінің ойындағыдай емес, оқушылардың ойындағыдай етіп өту керек. Ал ол үшін мұғалім жақсы психолог, оқушылардың ойын оқи алатын тұлға болу керек. Сабақты қызықты өтуге мұғалімдерге арналған методикалық кітап жақсы жәрдем береді. Ондағы берілген ойындарды мұғалім бірінші өзі үйренуі қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет