390
МІНЕзДІ зЕРТТЕУДІҢ ТАБИҒИ
ЖОЛДАРЫ.
Мінездің құрылымын
зерттеу оның ең алдымен бітістерін
жүйелеу, олардың өзара байланысын
көрсету болып табылады.
Ақын-жазушылар адам мінездерінің
көркем бейнесін жасағанда олардың
жекелеген типтік бітістерін көрсету-
ге тырысады. Бұл жерде адам мінез-
дерінің әсіресе типтік түсіну үшін
Гоголь мен Чеховтың қойын дәптер-
леріндегі жазбаларды оқып шығу
жеткілікті дер едік.
Мінезді түсінуде интуиция ерекше
рөл атқарады. Интуиция шабыт сияқ-
ты тек қана еңбексүйгіш адамдарға
тән қасиет. Л.Н.Толстой «Жексенбі»
романында былай деп жазды: «Адам-
дар өзен сияқты: су бәрінде де бірдей
және әруақытта да біреу, бірақ әрбір
өзен бірде тар, бірде тез, бірде кең,
бірде тыныш, бірде таза, бірде сал-
қын, бірде лас, бірде жылы. Адамдар
да соңдай. Әрбір адамның бойында
кісінің барлық қасиеттерінің негізде-
рін кездестіруге болады ».
Адамның мінез бітістерінде оның
өмір тарихы күшті бейнеленеді. Сон-
дықтан да мінезді зерттеуде міндетті
түрде адамның өмір сүру тарихына
көңіл бөлу қажет.
Ерлік дегеніміз – алға саналы түрде
қойылған мақсатты орындау жолын-
да кездескен қиыншылықтарды же-
ңуге даярлығы, белсенділігі, табан-
дылығы. Адам өзінің өмірлік іс-әре-
кетін, өзінің еркі мен санасының ны-
санын жасайды. Еріктің арқасында
адам өз іс-әрекетін бағыттайды, рет-
тейді, бақылайды. Жануарларда екін-
ші сигнал жүйесінің болмауына бай-
ланысты саналы мақсатқа ұмтылу-
шылық, сонымен қатар өз мінез-құл-
қына саналы бақылауды іске асыру
қабілеттілігі болмайды.
Жеке тұлғаның тұрақты және тұр-
лаулы белгілі ерешеліктерін мінез
бітістері деп атайды. Бұл тұлғаның
кездейсоқ қасиеттері емес, оның бү-
кіл мінез-құлқының бірсыдырғы қа-
лыптасып үлгерген бітістері.
Адамның мінезінің жекелеген бі-
тістерінің қоғамда болып жатқан өз-
герістердің әсерінен жаңа мазмұнға
ауысады. Мәселен, нарықтық қаты-
настарға байланысты біздің қоғам-
дағы адамдардың психологиясын-
да, сана-сезімінде, мінез бітістерінде
нарық талаптарына сай елеулі өз-
герістерді байқауға болады, адам мі-
нез-құлқындағы қалыптасқан бұ-
рынғы құндылықтар өзгеріске ұшы-
рады. Нарық жағдайында жекемен-
шік психологияға негізделген жаңа
мінез бітістері қалыптасады.
Адамның мінез бітістерін екі негізгі
топқа бөліп қарастыруға болады.
Бірінші топқа жеке тұлғаның бағыт-
тылығын білдіретін мінез бітістері
жатады: қоғамға, ұжымға, басқа адам-
дарға қатынасын білдіретін мінез
бітістері, еңбекке, сондай-ақ өзіне-
өзінің қатынасын білдіретін мінез
бітістері кіреді.
Екінші топқа көзделген мақсатты
орындау жолында кездесетін қиын-
шылықтарды жеңуге бағытталған –
мінездің ерік-жігерлік бітістері.
Мінездің темпераменттен айырма-
шылығы – адам мінезі бүкіл өмір
бойы белгілі дәрежеде өмір жағдай-
ларына байланысты өзгеріп отыра-
ды. Мінездің қалыптасуының негізгі
кезеңі балалық шақта іске асады. Ба-
ланың мінезінің қалыптасуы алғаш-
қы дүниеге келгеннен бастап, ата-
Достарыңызбен бөлісу: