Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет403/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   399   400   401   402   403   404   405   406   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb
LGATOMAKKZWS16042024012314
МІНЕ
МІНЕ


387
лымның типологиясына жақын көз-
қарасты АҚШ-та Шелдон ұсынған 
болатын. Оның негізіне де дене
бітімінің типтерін ажырату жатады: 
олар эндоморфикалық (Кречмердің 
пикникалық типіне ұқсас), мезо-
морфикалық (атлетикалық сияқты), 
эктоморфикалық (астеникалыққа ұқ-
сас). Осы 3 типтің негізінде Шел-
дон темпераменттің 3 типін көрсет-
ті. Мінез типтерін жоғары жүйке 
қызметінің типтерін жіктеуден бөліп 
қарау дұрыс болмас еді. Осындай 
көзқарастар мен теорияларда биоло-
гизаторлық бағыт шешуші орын ал-
ды да адамның мінезінің типтері 
дұрыс бағаланбады.
Бұл теорияларды сынау мінез типо-
логиясын түсіну ғылыми-жараты-
лыстық негізін анықтау, талпыныста-
рын жоққа шығармай, мінез типте-
рін қалыптастыру шарттарының бірі 
деп түсіну қажет. Биологизаторлық 
типологияны сынау мінез типтерінің, 
шын мәнінде, қоғамдық тұрғыдан 
ғылыми-жаратылыстық негіздерін 
менсінбегендік емес.
Неміс психологиясының өкілдері 
Дильтей-Э.Шпрангер «Өмірлік түр-
лер» атты кітапта жеке тұлға мен 
мінездің барлық байлығын 6 түрлі 
«идеалдық типтерге» жатқызу қа-
жеттігін айтты. Олар: теориялық, 
экономикалық, эстетикалық, діни,
әлеуметтік және саяси. Осы типтер-
дің әрқайсысы субъективті түрде си-
патталады. Мысалы, саяси және әлеу-
меттік типтер бір-біріне қарама-
қарсы қарастырылады, ал патрио-
тизм адамның бағыттылығының бас-
ты жақтарының бірі ретінде еске-
русіз қалды. Шпрангер қоғамдық 
қарама-қайшылықтарды, мәдени 
құндылықтарды жоққа шығарды. Же-
ке тұлғаның бағытталығын қалып-
тастыруда өмірбаяндық сәттерді ес-
кермеді.
К.Ясперстің теориясы бойынша
«утилитарлық» және «интеллек-
туалдық» типтер «таза емес» типтер-
ге жатқызды, өйткені олар адамның 
барлық «рухани күштерін» толық 
сипаттай алмайды деп түсіндірді. 
К.Ясперс көзқарастың 3 негізгі ти-
пін қарастырады: бұлардың бірін-
шісі – нигилистер мен скептиктер; 
екіншісі – «әрекеттің адамдары» 
мен романтиктер; үшіншісі – ме-
тафизиктер мен мистиктер, К.Яс-
перстің қызығушылығы соңғы тип 
жағында екені анық байқалады. Оның 
типологиясы өмірден алшақ жатқан 
типология екені байқалады.
Бірақ экзистенциализм – қазіргі ба-
тыс философиясында, психология-
сында кеңінен тараған ағым болған-
дықтан, әсіресе оның оңшыл реак-
циялық психологиясында, атап айт-
қанда, мінез табиғатын ашуда бұл 
бағыттың кемшіліктері баршылық.
Мінездің ерекшеліктерін түсіндіру-
де функционалдық типология бас-
қа өлшемдерді ұсынады, демек, мі-
нез типтерін адамның белгілі бір 
психикалық функциясының немесе 
бірнеше психикалық функциялар-
дық араласып келуі түрінде түсіне-
ді. Функционалдық типология функ-
ционалдық психологияның бір бағы-
ты ретінде, онда психика, сана және
жеке тұлға психикалық үрдістердің, 
функциялардың немесе қабілеттілік-
тердің бірігіп келуі тұрғысынан қа-
растырады.
XIX ғ. француз психологтарының 
көрнекті өкілдерінің бірі Т.Рибо мі-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   399   400   401   402   403   404   405   406   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет