Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет414/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   410   411   412   413   414   415   416   417   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb
LGATOMAKKZWS16042024012314
ОЙЛА
ОЙЛА


397
лау формаларының табиғатын зерт-
тейді. Ойлаудың физиологиялық 
негіздері И.П.Павловтың бірінші 
және екінші сигнал жүйесі жөніндегі 
іліміне байланысты түсіндіріледі. О.-
ми қыртысының күрделі формадағы
анализдік-синтездік қызметінің нә-
тижесі, мұнда екінші сигнал жүйе-
сіндегі уақытша жүйке байланыста-
ры жетекші рөл атқарады. Екінші 
сигнал жүйесінде жүйке қызметінің 
өз алдына дербес заңдары бар деу-
ге болмайды. Сигнал жүйелерінің 
мидағы заңдылықтары бірдей. Бірақ
олардың айырмашылықтары мына-
да: егер бірінші сигнал жүйесіндегі 
реакциялар нақтылы құбылыстарға 
байланысты туса, екінші сигнал жү-
йесі оларды жалпылап отырады. Ой-
ша байымдау (қорытынды шығару). 
Бір немесе бірнеше пікірлерден жаңа 
пікір шығаратын ойлау операциясы –
ой қорытындылары деп аталады.
ОЙЛАУ ТЕОРИЯЛАРЫ. 
Ойлау 
үрдісін түсіндіретін белгілі теория-
ларға тоқталатын болсақ, ең алдымен 
бұл тұжырымдамаларды екі үлкен 
топқа бөлуге болады: бірінші топқа 
жататын тұжырымдаманың өкілдері
адамдарда өмір тәжірибесінің әсері-
мен өзгермейтін табиғи, интеллек-
туалдық қабілеттіктердің болатын-
дығы туралы қағидадан туындайды, 
екінші топтағы тұжырымдаманың
негізіне ақыл-ой қабілеттіліктері 
өмірге келгеннен кейін, өмір бойы 
қалыптасады және дамиды деген тү-
сінікті жатқызады.
1. Бірінші тұжырым бойынша ин-
теллектуалдық қабілеттіктер және 
интеллектінің өзі жаңа білімді алу 
мақсатында қабылдау мен ақпаратты 
өңдеуді қамтамасыз ететін ішкі құ-
рылымның жиынтығы ретінде анық-
талады. Сәйкес келетін интеллектуал-
дық құрылымдар даяр күйінде адам-
да туғаннан беріледі, бірте-бірте ор-
ганизмнің ес үрдісінде дамиды деп 
есептеледі. Бұл интеллектуалдық қа-
білеттіліктер (нышандар) идеясы не-
міс психологтарының мектебінде
орындалған ойлау саласындағы көп-
теген еңбектерге тән. Ол ерекше ай-
қын ойлаудың гештальт теориясын-
да берілген. Бұл теория бойынша 
құрылымды қалыптастыру және қай-
та өзгерту, оларды реалдік шындық-
ты көру интеллектінің негізі болып 
табылады.
2.Бұл теорияға қарама-қарсы интел-
лектінің, генетикалық тұжырымдама-
лары бойынша ақыл-ой қабілеттілік-
тері туғаннан берілмейді, өмірге кел-
геннен кейін қалыптасады және да-
миды деген қағиданы пайымдайды. 
Генетикалық, тұжырымдамалар ойла-
уды сыртқы ортаның ықпалынан дей 
келіп, субъекттің өзіндік ішкі дамуы 
идеясынан немесе екеуінің өзара әре-
кетінен деп түсіндірді.
Ойлаудың өзіндік тұжырымдамала-
ры психологиялық зерттеулердің тө-
мен-дегідей бағыттарында қарасты-
рылады: эмпирикалық субъективтік 
психологияда, ассоциативтік сипаты 
жағынан және интроспективтік негіз-
гі әдісі бойынша, гештальтпсихоло-
гияда алдыңғыдан айырмашылығы 
тек қана психикалық үрдістердің эле-
менттілігін жоққа шығаруы және 
олардың тұтастығының жеке эле-
менттер құрамына қарағанда үстем-
дік етуі, артықшылығын мойындады,
оның ішінде ойлауда, бихевиоризм-
де, оның жақтаушылары ойлау үрді-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   410   411   412   413   414   415   416   417   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет