Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет425/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   421   422   423   424   425   426   427   428   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb
LGATOMAKKZWS16042024012314
ОЛИГОФРЕНОПСИХОЛОГИЯ
(грек. 
oligos 
– аз, болмашы, 
phren – 
ақыл және 
психология) – 
миының же-
тілмегендігі ауыр нысандағы адам-
дардың психикалық дамуын және 
оны түзету мүмкіндіктерін зерттей-
тін арнаулы психологияның тарауы. 
О. олардың ақыл-ой мешеулігінің се-
бептерін (жүйке жүйесінің туа біткен
кемістігі, аурудың не жарақаттану-
дың салдары) анықтайды, психоло-
гиялық ерекшеліктерін, кемістіктің 
білінуінің нысандары мен дәрежесін 
зерттейді. Оларды қосалқы мектеп-
терде оқытудың бағдарламалары мен 
әдістемелерін жасауға жәрдемдеседі. 
Олигофрения – ақыл-ой кемістігі. О.-
балалар миының перинатальды және 
ерте постнатальды кезеңдердегі бұ-
зылуының нәтижесінде танымдық 
әрекеттердің төмендеуінен болатын 
психикалық дамымаудың ерекше 
түрі.
ОЛПОРТ ГОРДОН УИЛЛАРД 
(1897-1967)
. Ол жеке тұлға туралы
теориясында гуманистік және жеке-
даралық тұрғыны қосарластырып тү-
сіндіреді. Олпорт адам табиғатының –
жеке тұлғалық дамуы адамның өзін-
ОҚЫТ
ОЛПО


408
өзі жеңе білу өз мүмкіндіктерін толық 
іске асыра білу аспектілерін зертте-
ді. 1937 жылы тұлға анықтамасының 
50-ге жуық түрін жүйелеп, солардың 
ішінен: осы терминнің этимология-
сына, теологиялық мәніне, филосо-
фиялық түйініне, әлеуметтік мәніне 
және оның сыртқы көрінісі мен іш-
кі психологиялық мәніне байланыс-
ты оларды жеті топқа бөліп қарас-
тырады.
Оның теориясының негізінде екі 
идея жатыр: 1) әрбір адамның әрқи-
лы ситуациялардағы мінез-құлқын 
айқындайтын өзіне ғана тән қасиет-
терінің жиынтығы; 2) әр адамға өзін-
дік жеке-дара қасиеттер тән тіршілік-
те әлемде мүлдем бірдей екі адамды 
табу қиын.
Г.Олпорттың негізгі еңбектері: «Тұл-
ға: психологиялық интерпретация», 
«Адам және оның діні»; Тұлға пси-
хологиясының негізгі мәселелері» 
және т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   421   422   423   424   425   426   427   428   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет