489
отыратыны белгілі. Меселен, нарық
экономикасына көшкенде, жастар-
дың сезімдерінде әртүрлі көріністер-
ді байқаймыз.
С. – адамның өзіне, өзге адамдар-
ға, айналасындағы заттар мен құбы-
лыстарға көңіл күйінің қатынасын
білдіретін және оларды бейнелейтін
психикалық үрдіс екендігін білдіре-
тін тағы бір ерекшелігі – оның адам
көңіл күйіне байланысты әрбір үр-
діске белгілі бір түрде рең беріп тұ-
ратындығы. С.-нің сан алуан көрі-
ністері мен олардың пайда болуы
әлеуметтік-қоғамдық жағдайларға,
әсіресе, материалдық, рухани-мәдени
қажеттіліттерді қанағаттандырудың
мақсат-мүдделеріне байланысты.
С. мен эмоцияның адам іс-әрекеті
мен көңіл күйіне ұнамды әсер етуі
стеникалық, –
күшті сезім тудырса,
ал ұнамсыз не теріс әсер етуі
ас-
теникалық
– әлсіз, жағымсыз сезім
тудырады. Стеникалық сезім жүйке
жүйесіндегі қозуды күшейтсе, ас-
теникалық сезім жүйкеге тежелу
жасап, адамның әрекетшілдігін әл-
сіретеді. Адам сезімінің қайнар бұ-
лағы – бізді қоршаған болмыс, объек-
тивтік шындық. С. адамның табиғи
және әлеуметтік қажеттіліктерінің
қанағаттандырылу не қанағаттан-
дырылмауы салдарынан туындап
отырады.
СЕзІМДІЛІК –
адамның айқын
білінген заттық сипаты бар және бір-
шама орнықтылығымен ерекшеле-
нетін эмоциялық күйіну-сүйінулері-
нің айрықша түрі. Қалыптасқан нақ-
ты жағдайлардағы заттардың субъек-
тивтік маңызын бейнелейтін жағ-
даяттық эмоциялар мен аффекті-
лерден өзгеше, сезімдер тұрақты мо-
тивациялық маңызы бар құбылыс-
тарды саралайды. Тұлғаға оның
қажетсінулеріне сай келетін заттарды
ашып және оларды қанағаттандыру
жөніндегі қарекетке ынталандырып,
сезімдер бұл қажетсінулердің бо-
луының нақты – субъективтік ныса-
ны болып табылады. С.-дің қалылта-
суы – адамның тұлға болып дамуы-
ның қажетті шарты.
Мінез-құлқының түрткі-себептерін,
мұраттарын, нормаларын білудің бір
өзі адамның оларды басшылыққа алу
үшін жеткіліксіз. Орнықты сезімдер
заты болғаннан кейін ғана бұл білім-
дер қарекетке нақты түрткі болады.
Адам сезімдерінің қоғамдық шарты
қоғамның дамуы барысында өзгеріп
отырады. Онтогенезде сезімдер жағ-
даяттық эмоциялардан гөрі кейін
пайда болады; олар отбасының, мек-
тептің, өнердің және өзге қоғамдық
институттардың тәрбиелік әсерінің
ықпалымен индивидтік сананың да-
муына орай қалыптасады. Эмоциялық
тәжірибені қорыту нәтижесі ретінде
пайда болып қалыптасқан сезімдер
адамның эмоциялық саласының же-
текші түзілімдеріне айналады да, өз
кезегінде жағдаяттық эмоциялардың
динамикасы мен мазмұнын анықтай
бастайды. Мысалы, жақын адамына
деген сүйіспеншілік сезімінен жағ-
дайға байланысты ол үшін алаңдау,
айырылып қалса қайғыру, жүздескен-
де қуану, сүйген адамы сенімді ақ-
тамаса ыза болғанда дамуы мүмкін.
Мұндай жағдаяттық эмоциялар қа-
лыптасқан жағдайларға қатысты се-
зімнің мазмұнын нақтылайды да,
белгілі бір әрекетке ынталандырып,
сезімнен өрбіген қарекеттің дамуы-
Достарыңызбен бөлісу: