Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет544/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   540   541   542   543   544   545   546   547   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb

ТАНЫМДАҒЫ БІРЛЕСКЕН ІС-
ӘРЕКЕТ. 
Танымдағы бірлескен іс-

Ә.Нұрпейсов. Ұлы адам жайлы бірер сөз. «Ле-
ниншіл жас». 7 желтоқсан, 1967.
ТАЛҒ
ТАНЫ


513
әркеттің өзегін құрайтын зерттеудің 
негізгі бағыттары мыналар: әлеумет-
тік-психологиялық жағдайларды жә-
не оқыту процесіндегі танымдық іс-
әрекеттің тиімділік механизмдерін
зерттеу; полиэтностық орта жағда-
йындағы этностық нанымдардың сте-
ротиптер мен құндылық бағдарлар-
дың қалыптасу және даму механизм-
дерін кешенді зерттеу; адамдардың
бірлескен іс-әрекетіндегі, соның ішін-
дегі моноэтностық және полиэтнос-
тық өзара әркет пен қарым-қатынас-
тағы мағына, мотив, және мақсат құ-
рылым механизмдерін зерттеу. Осы 
бағыттардың негізінде топ және тұлға 
іс-әркетін мағыналы реттеу концеп-
циясына негізделген әртүрлі өмірлік 
жағдайдағы адамдардың бірлескен іс-
әрекетінің құрылымы туралы жүйелі
түсінік бар. Қазақстанда осы мәселе-
нің сыр-сипатын көптен бері профес-
сор С.М.Жақыпов зерттеп келеді.
ТАНЫМДЫҚ ЕСЕП
– танымдық 
қызығушылық – ғылым жаңалықта-
рын; қоғамда болып жатқан өзгеріс-
терді танып білуге деген қызығушы-
лық. Танымдық есеп – жаңа білім із-
деуге, оқудағы байланыс, дәлелдерді 
белсенді пайдалануға түрткі бола-
тын оқу тапсырмасы. Танымдық есеп 
жүйесі бүкіл оқыту процесінде оқу-
дың мазмұны мен іс-әрекет амалда-
рын біртіндеп күрделендіре беретін 
бірізділікке негізделеді. Сондықтан 
мұғалім оқушының білімді меңгеруі-
мен қатар, оның оқу-танымдық іс-
әрекетін белсендіру жағына да баса 
назар аударуы керек.
ТАХИСТОСКОП
(грек. 
tachis
 
– 
тез, 
жылдам, 
skорео – 
қараймын) – қысқа 
уақытта көру стимулдарын көрсете 
алатын аспап. Т.-тың механикалық 
түрін неміс психологі В. Вуңдт (1832-
1920) жасады. Т.-тың электронды тү-
рі де бар. Проекциялы тахистоскоп
арнайы диапроекторлармен жұмыс
жасайды, оның каналдары ақпарат-
тарды береді. Ес, қабылдау процес-
терін зерттеуде қолданылады.
ТАЯҚШАЛАР – 
көзің түнде көруге 
көмектесетін анатомиялық аппарат 
(шамамен 130 миллиондай). Олар 
торлы қабықтың шет аймақтарына 
орналасқан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   540   541   542   543   544   545   546   547   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет