520
ды деп хабарлағанда шын көңілімен
көзіне жас алады екен. Мұндайда ак-
тер сахнада ойдан шығарылған нәрсе-
ге шындықтың өзіндегідей көзқарас-
пен қарайды. Бұл –
творчестволық
қиялы өте бай адамның қолынан ке-
летін қасиет. Ақын-жазушылар қиялы
арқылы өзінің келешек кейіпкерле-
рін «көреді», олардың мінез-құлық-
тарын «елестетеді», сөзін «естиді».
Сонымен қатар, ақын-жазушылар өз
кейіпкерлерімен бірге өмір сүреді,
олардың ойын, көңіл күйін «сезіп»,
қоян қолтық араласып жүргендей
болады. Мысалы, француз жазушы-
сы О.Бальзак егер жеңі жыртық бі-
реудің көшеде кетіп бара жатқанын
көрсе, өзін сол адамға ұқсататынды-
ғы соншалық, – өз жеңім де жыртық
емес пе
екен деп, еріксіз өз жеңіне
қолын жүгіртіп, тесікті жаппақшы
болады екен. Байқағыштық, жеке
өмірдің эмоциялық байлығы, алдын
ала орасан зор жұмыстар істей білу-
ге қабілеттілік (мәселен, Л.Толстой-
дың айтуынша, «Соғыс және бейбіт-
шілік» романын жазу үшін жинаған
материалдары «бүкіл бір кітапхана»
болған) адамның твочестволық қия-
лының самғауына күшті әсер етеді.
Өмірден түйгені шамалы, твор-
честволық
қиялы жетілмеген адам-
нан жақсы ақын шығуы мүмкін емес.
Абай мұны өте дұрыс көре білген.
«Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы.
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы...
Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы,
Сонда да солардың бар таңдамасы.
Іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын
Қазақтың келістірер қай баласы?».
Бұл өлеңіне Абай «қиыннан қиыс-
тырар», «тілге жеңіл, жүрекке жылы
тиіп», «іші алтын, сырты күміс сөз
жақсысын» секілді сөз тіркестері
арқылы
өздігінен жаңа туындылар
бере алатын нағыз майталман ақын-
дардың психологиясын, олардың
творчестволық қиялындағы ерекше-
ліктерді көрсетіп отыр. Ғалым үшін
де творчестволық қиял аса қажет.
Творчестволық қиял ғалымның твор-
честволық ойына аса қажетті мате-
риал береді. Мәселен, ғылыми жо-
рамал
жасағанда, эксперимент жұ-
мысын ұйымдастырғанда, тапқан жа-
ңалықтарды тексеріп сынауда ғалым
өз қиялына үнемі сүйеніп отырады.
Бірақ нағыз ғылыми жұмыс көп
еңбектенуді қажет етеді – ол еріккен-
нің ермегі емес, ғылымның жолы
ауыр. Қажымай, талмай өнімді еңбек
ете білушілік, шыдамдылық, іске мей-
лінше берілушілік – нағыз ғалымға
тән қасиеттер.
ТЕЖЕЛУ
– белсенді, қозумен ажы-
рағысыз
байланысты, жүйке орта-
лықтары немесе жұмысшы органда-
ры қызметін кідіртуге апарып соға-
тын процесс. Жүйке орталықтарына
қатыстылары орталық Т., екіншілері
перифериялық Т. деп аталады. Пери-
фериялық тежелуді кезбе жүйкені
ырғақты тітіркендіру кезінде жүрек-
тің жиырылуы кідіртілетінін анық-
таған ағайынды Эр және Эд. Вебер-
лер 1840 жылы ашты. Орталық теже-
луді 1863 жылы И. М. Сеченов ашты.
Бұл ашылыс нейродинамиканы зерт-
теуге ғана емес, сонымен қатар пси-
хикалық процестердің реттелуіне
де терең ықпал жасады. Тежелудің
табиғаты ұзақ уақыт анықталмады.
Бастапқыда физиологтар оны тиісті
Достарыңызбен бөлісу: