554
не
Орта Азия көшпелі халықтары-
ның ерекше қасиеті. Қазақ тілінде
араб тіліндегідей жасама бояу сөздер
жоқ, ол нағыз таза тіл».
Ғұлама ғалымның осы пікірлерін
кең-байтақ өлкемізде болған орыс,
украин, поляк зиялылары да қостай-
ды. Олар халқымыздың салт-санасы
мен әдет-ғұрыптарындағы өнегелі де
айшықты жақтарын, атап айтқанда,
сөз
өнеріне жетіктік, шешендік пен
парасаттылық, суырыпсалмалық, на-
қыштап сөйлеуге жаны құмарлық,
тағы басқа қасиеттеріне аузының суы
кұрып таңданған. Мәселен, «Өлең-
жыр, – деп жазды П.И.Пашино, –
қазақтардың жан серігі, қарапайым
адамдардың өзі суырып салып айту-
ға бейім тұрады». Ал А.Брем: «Қазақ-
тар сөз өнеріне жетік келеді – бұл
жұрттың бәріне, оқыған адамдарға
да, әліпті таяқ деп білмейтіндерге де,
байға да, жарлыға да тән қасиет», –
дейді. Белгілі ғалым В.Радлов «Қ-
зақтар
нақышты сөйлеуді бар өнер-
дің алды деп біледі, сондықтан да
олардың поэзиясы дамудың жоғары
сатысына жеткен», – деп түйіндеген.
Алғыр ойлы, сезімтал Уәлиханов көп
заманнан бері қазақтармен аралас-
құралас Орта Азия, Шығыс Түр-
кістан
халықтарының тіршілік-тұр-
мысындағы өзіндік өзгешеліктерін
де шұқшия зерттеп, бұларды ғылыми
әлемге паш етіп анықтап берді. Мұ-
ны ол сырттан жорымай, солармен
мидай араласып, ел арасында жүріп
ерінбей зерттеді. Сондықтан да Шо-
қанның бұл саладағы пікірлері тайға
таңба басқандай анық, ғылыми мә-
ні әрі тұжырымды да оралымды.
Мәселен, ол қашқарлықтардың (ұй-
ғырлардың)
психологиясын, әдет-
ғұрпын, тіл өзгешеліктерін алғаш
рет зерттеушілердің бірі болды. Ол
осы халықтың ата мекені Шығыс
Түркістанға ғылыми сапармен екі рет
барып қайтқаннан кейін ұйғырлар-
дың өзіндік ерекшеліктері, көне
тарихы мен мәдениеті туралы құнды
еңбектер жазды. Ғалым ұйғырлар-
дың бостандық
пен тәуелсіздік жо-
лындағы ерлік істерін, өз Отанын жан-
тәнімен сүю сезімінің жоғары екенді-
гін көрсете келіп, «патриотизм –
олардың ең тамаша қасиеті» екенді-
гін ерекше атап өтті. «Қашқарлық-
тардың мінезі жайдары, елгезек,
адамға жұғысқыш, еңбеккер және
өте кішіпейіл», – деп жазды ол бірде.
Ғалым Шығыс Түркістанды мекен-
деуші көптеген халықтардың (қыр-
ғыздар, түрікпендер,
өзбектер, қы-
тайлар, т. б.) психологиялық ерек-
шеліктерін, олардың әрқайсысына
тән әдет-ғұрыптары мен салт-дәс-
түрлерін де өте білгірлікпен көрсете
келіп, бұларды ерекше дәріптемей,
психологиялық жағынан бір-бі-
рімен тең түсіп
отыратындығын ай-
та келе, ұлттық томаға-тұйықтық
көзқарасқа да соққы беріп отырады.
Шоқан аталған халықтардың эко-
номикасы мен мәдениетіндегі арт-
та қалушылықты, әсіресе туған хал-
қы – қазақтардың бұл арадағы ке-
шеуілдеген жағдайын баса айтып,
одан
шығудың жолдарын көрсеткісі
де келді. Бірақ Шоқан көрсеткен
жолдың түп-төркіні – тек ағартушы-
лық жол еді. Шоқанның психология-
лық пікірлерінде материалистік са-
рын ерекше байқалады. Оның ең-
бектерінде адам психологиясы сырт-
қы ортаға, әсіресе географиялық,
табиғат жағдайларының әсеріне бай-
Достарыңызбен бөлісу: