599
өмірдегі шынайы, әсем нәрселерден
ләззат алу кездерінде байқалады.
Э.с. сондай-ақ сурет полотноларынан,
скульптуралық (мүсіндік), архитек-
туралық,
музыкалық немесе сахна-
лық шығармалардың шебер орында-
луынан ләззат алуға байланысты да
туып отырады. «Адамзатқа тән ерек-
ше бір қасиет, –
дейді әл-Фараби, -
өзін қоршаған дүниенің әсемдік сыр-
ларына үңілу, содан рухани нәр алу,
өзінің нәзік сезімін образдар арқы-
лы паш ету». Мәселен, «жақсы ән
мен тәтті күй», яғни жақсы музыкалы
әуеннің адамның эстетикалық сезім-
дерінің қалыптасуында ерекше ма-
ңыз алатындығын С. Торайғыров бы-
лайша сипаттайды:
«Халықтың арғы-
бергісін қозғап, естеріне түсіріп,
мұң-мұқтаждарын зарлап, кем-ке-
тігін көрсетіп, әдемі даусымен құй-
қылжытып тұрғанда, қандай тас кө-
ңіл болса да жібімеген еркіне қой-
майды. Халықтың қайдағы-жайда-
ғысы ойына қозғалып, түсіп, қандары
қайнап, тіпті арқалары қозып кетеді.
Әркімнің көңіл көздерінен жастар
моншақтап, бойлары балқығандай,
шартта-шұрт қол шапалақтасып...
тарқайды»
1
.
Осы үзіндіде ақын жақсы ән мен тәт-
ті күйдің қандай тас көңілді болса да
жібітіп жіберетіні, қанды қайнататы-
ны, көзден жас ағызатыны,
бойды
балқытатыны т.б. адам психология-
сын нұрландырып, байытатындығын,
адамды ләззатқа бөлейтінін айтады.
Э.с.-дің мазмұнын да әлеуметтік жағ-
дайлар билейді. Н.Г. Чернышевский
мұны төмендегідей әсерлі сөздермен
жақсы түсіндірген: орыс шаруасы өзі-
нің жұмыстан пайда болған күсті қо-
лын,
жуан білегін, мығым денесін,
кең жауырынын мақтан етсе, дворян
бикештері өздерінің сыңқылдап наз-
дануын, ақ саусағы мен бұраң бе-
лін, қиылған қасы мен оймақтай ау-
зын,
ерекше нәзіктігін, еңбекті сүй-
мейтіндігін мақтан етеді. Н.Г. Чер-
нышевскийдің айтып отырған сұлу-
лық жөніндегі пікірлері қарама-қар-
сы екі тап өмірге көзқарасы. Сөйтіп,
өмірдегі сұлулықты, көркем – бар-
лық
адам бірқалыпты сезінбей, әр-
кім өзінің таптық, тарихи дәуірге, нақ-
тылы тарихи жағдайға сәйкес сезіне-
ді. Мағжан Жұмабаев айтқандай, «Сұ-
лулық сезімдер адамның дұрыс, сұлу,
ләззат іздеуіне, сұлу нәрсені сүйіне
қорғау немесе жаман нәрседен жи-
рену,
қатты жақсылыққа ұмтылды-
рады. Жауыздықтың тыйылуына көп
көмек көрсетеді».
Достарыңызбен бөлісу: