10
мен қарым-қатынасы жағдайында)
орын алады. Осылайша, А. негізінде
автоматтандырылған тізбекті рефлекс
немесе
өздігінен болатын тізбекті
рефлекс жатады. Жүру, жүгіру және
т.б. кезіндегі афференттік қозудың
алмасып отыруы осыған мысал
болады.
АВТОРИТАРЛЫҚ
(лат.
аиtоritas –
қаз.
ықпал ету, билік
)
–
тұлғаның өзара
әрекет пен қарым-қатынас серіктесте-
рін өз ықпалына барынша бағынды-
руын, өктемдігін бейнелейтін әлеумет-
тік-психологиялық сипат. А. мынадай
жеке мінез-құлық
ерекшеліктерімен
тығыз байланысты: агрессивтілік
(қ. Аг-
рессия),
өзін-өзі асыра бағалау және
талап етудің жоғары деңгейі, таптау-
рындылыққа бейімділік, әлсіз рефлек-
сия, т.б. А. мінез-құлықта әдетте кез
келген тәсілмен топтағы басым орын-
ға ие болуға, билік құрылымында ең
жоғарғы бағытты ұстауға ұмтылы-
сы көрініс табады. Едәуір айқын түр-
де А. басшының қол астындағы адам-
дарды билік күшімен ұстаудан, бас-
қа адамдардың мәнді шешімдерді қа-
былдаудан шеттетуден көрінеді. Mұн-
дай басшы кез келген тапсырманың
шешімін және міндеттің орындалуын
қатал қадағалайды,
өз еркін көрсет-
кен, оның өз беделімен өзi өкілетті
биліктің беделіне нұқсан келтіретін
топ мүшелерінің ынтасын қатал ба-
сып отырады.
АВТОСТЕРЕОТИП
(автотаптау-
рын) – этностың өз салт-дәстүрі, мі-
нез-құлық ерекшеліктері, мәселелер-
ді шешу
тәсілдері мен сыртқы бет-
пішіні жөніндегі тұрақты түсініктері
мен бейнелері. Олар көбінесе жағым-
ды пікірлер кешенінен тұрады. Әдет-
те, жағымды автотаптаурындар сан
жағынан басым болады. Сонымен
қатар, жағымсыз автотаптаурындар
да орын
алады және олардың мәні
кейбір тарихи кезеңдерде арта түсе-
ді. Жағымсыз автотаптаурындардың
негізгі функциясы туралы болжам-
дар екеу: 1) өз этносын дискреди-
тациялау ( өз этносына көңілі толма-
ғандардың саны өскенде немесе бұл
этностың
санасында терең кемістік
комплексі болған жағдайда); 2) өзде-
рі туралы жағымсыз таптаурындар өзі-
не деген сыни көзқарастың қажет-
тілігімен және ұлт өкілдерінің өздерін
жетілдіру қажеттілігімен байланыс-
ты болуы мүмкін. Алайда осындай
жағымсыз автотаптаурындардың кө-
беюі
этностың қорғаныс механиз-
мінен айырылуына, оның өзіндік
дискредитациясына алып келеді. Кей-
де осындай жағымсыз автотаптау-
рындарды
басым этностың өкілдері
жасанды түрде белгілі бір этностың
өкілдерінің санасына сіңдіреді. Мұн-
дай жағдайларда берілген этностың
өкілдері фрустрацияға ұшырап, өзін-
дік қадір-қасиеттің жойылуы, өзіндік
төмен бағалаудың қалыптасуы, ха-
лықтық рухының төмендеуі көрініс
табады.
Бұл кейде этностардың на-
разылығын тудырып, ұлтаралық шие-
леністерге алып келеді. Сонымен қа-
тар, автотаптаурындардың негізіне
сублимация (өз этносын асыра жоға-
ры бағалау) механизмі де жатады.
АВТОСУГГЕСТИЯ
(өзін-өзі сенді-
ру) – сендіру әсерінің объектісі мен
субъектісі сәйкес болған жағдайда-
ғы
өзіне-өзі бағытталған сендіру про-
цесі мен нәтижесі.
А. адамның өзіндік
Достарыңызбен бөлісу: